«Макроэкономика»  пәні бойынша лекция жинағы

 

 

Мазмұны

 

№1,2 лекция. Макроэкономика пәні. Ұлттық есеп жүйесі       

№3 лекция Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі

№4 лекция.Өндіріс және еңбек нарығы

№5,6 лекция. Игіліктер нарығы.

№7, 8 лекция. Ақша нарығы..

№9 лекция. IS – LM моделі

№10, 11 лекция. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары

№12 лекция. Ашық экономика

№13 лекция. Айырбас бағамының түзімі және жиынтық сұраныс

№14, 15лекция. Экономикалык өсу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 лекция. Макроэкономика пәні. Ұлттық есеп жүйесі.

 

1.Макроэкономика пәні.

2.Макроэкономикалық модельдер

 

1) Макроэкономика – бұл  экономика ғылымының бір бөлігі ретінде тұрақты экономикалық өсу, ресурстардың толық қамтылуы,инфляция деңгейін төмендету және төлем балансының тепе-теңдігін  қамтамасыз ету тұрғысынан жалпы экономиканың  іс-әрекетін біртұтас жүйе ретінде зерттейтін пән.

    Макроэкономика ғылымы 30 - жылдары пайда болған  және оның негізін Джон Майнерд Кейнс (1883-1946) өзінің “жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы” кітабында құрды.

    Макроэкономиканың қарастыратын мәселелері:

1.Ұлттық табыс деңгейі (ЖҰӨ,ЖІӨ)

2.Жұмыспен қамту және жұмыссыздық

3.Баға деңгейі және инфляция

4.Экономикалық цикл динамикасы

5.Экономикалық өсу

6.Елдің макроэкномикалық саясаттары:үкіметінің жүргізетін бюджет салық саясаты, ұлттық банкінің жүргізген ақша-несие саясаты, валюта саяасаты,сауда саясаты және т.б.

2) Макроэкономикалық модельдер – бұл әртүрлі экономикалық құбылыстар мен процесстерді олардың арасындағы байланыстарды ашып бейнелеу және суреттеу.Кез-келген модель (логикалық,графикалық,алгебралық) зерттеу  кезінде нақтылы өмірдегі жағдайды дәлме-дәл  бейнелей  алмайды,бірақ осы модельдер арқылы айнымалыларды бөліп қарастырамыз.

  Эндогенді, яғни ішкі экономикалық айнымалыларды модельді шешу нәтижесінде мәні анықталып  құрылады.Оған жататындар: жұмыспен  қамту, өндіріс пен инфляция деңгейі, валюта курсы және т.б.

Экзогенді (сыртқы) айнымалыларға мәні модельдерден тыс анықталған айнымалыларды жатқызамыз. Оларға үкіметтің жүргізген фискальды(бюджет-салық) саясаты және ұлтық банкінің  монетарлы(ақша- несие) саясатарының құралдары жатады: мемлекеттік бюджет және салық, ақша массасының өзгерісі  және т.б. Макроэкономикадағы  қолданылатын модельдер мыналар: айналым моделі, АD-AS,IS-LM,Филипс қисығының моделі,Кейнс кресті,Лаффер қисығы,Солоу моделі және т.б.

Макроэкономикалық талдау кезінде қарапайым модель пайдаланылады,яғни жабық  экономикада мемлекеттің араласуынсыз тек үй шаруашылықтарының және фирма қызметінің байланысы көрсетілген.

Макроэкономикада бұл модельге үкімет және сыртқы қалған  әлем қосылады.Бұл модельді түсіндіру үшін Джон Кейнс экономиканы 4 нарыққа бөлді.

 

 

Сұрақтар:

  1. Макроэкономика түсінігі
  2. Макроэкономиканың қарастыратын мәселелері
  3. Макроэкономикалық модельдер
  4. Эндогенді және экзогенді айнымалылар

 

Әдебиеттер:

 

1. Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.  Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004.

5.Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003.

6.Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004

7.   Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006

 

№2 лекция. Макроэкономика пәні. Ұлттық есеп жүйесі

 

1. Ұлттық есеп шоттар жүйесінің өзге көрсеткіштері, негізгі макрэкономикалық тепе-теңдік.

2. Атаулы және нақты айнымалылар, баға индекстері.

 

Қоғамдық өндірістің мөлшерін (аумағын) сипаттайтын және әлемдік шаруашылықта іс жүзінде қолданатын көрсеткіш – жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ).

ЖҰӨ - белгілі бір уақытта (әдетте бір жыл) өндірілген барлық дайын тауарлар мен қызметтер құнының жиынтығы.

ЖҰӨ-ді есептегенде қайта есеп (қайталанған) шығарып тасталып, тек түпкі (соңғы) өнім, яғни, әртүрлі тұтынуға сатып алынатын тауарлар мен қызметтер негізге алынады.

ЖҰӨ-ді есептегенде мына әдістер қолданылады: шығындар, табыстар және қосылған құн бойынша.

Әртүрлі әдістермен есептеліп алынған ЖҰӨ-нің сомасы бірдей болуы керек. Себебі, нарықтық шаруашылықта бір субъектінің шығыны, басқа субъектілерге пайда ретінде көрсетіледі.

1.          ЖҰӨ-ді шығындар бойынша есептеу – түпкі (соңғы) өнімді және қызметтерді өндіру үшін қажетті барлық шығындардың қосындысы (сомасы). Ондай шығындарға жататындар: жеке тұтыну шығындары (С), жалпы жекеленген ішкі инвестиция (І), мемлекет сатып алған тауарлар мен қызметтер (G), таза экспорт (Хn).

Сонымен, ЖҰӨ (шығындар бойынша) = .

Жеке тұтыну шығындары – тұтыну тауарларының ұзақ мерзімде (жеңіл автокөлік, мұздатқыш т.б.) және қысқа мерзімде (нан, ет, көйлек, т.б.) және қызметтерді (врач, юрист т.с.с.) пайдаланған шығындар.

Жалпы жекешеленген ішкі инвестиция – фирма шығындары үш компоненттен құралады: машинаны, құралдарды, станоктарды сатып алу; құрылыс; қордың өзгеруі. Жалпы инвестиция – аммортизация сомасымен инвестиция өсімімен немесе «таза жекеленген инвестиция» (Іn). Сондықтан, жалпы инвестиция мен аммортизацияның арақатысы экономиканың көтерілуі мен төмендеуін көрсететін индикатор ретінде қызмет жасайды.

Мемлекет сатып алған тауарлар мен қызметтер – кәсіпорынның түпкі (соңғы) өнімге жұмсаған барлық шығыны және мемлекет тарапынан ресурстар мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалған тікелей шығындар. Бұл жерден трансферттік төлемдер шығарып тасталады.

Таза экспорт – тауар мен қызмет экспорты және импорты арасындағы айырым. Бұл көрсеткіштің тиімді немесе тиімсіз жағы да болады.

2.     ЖҰӨ-ді табыстар бойынша есептеу – тауар өндірумен қызмет көрсету процесіндегі жасалған барлық табыстар сомасы (жиынтығы). Оған жататындар: аммортизация, бизнеске жанама салық, жалақы, рента, процент, пайда.

3.          ЖҰӨ-ді қосылған құн бойынша есептеу – бұл әдіс бойынша өндірушілердің ЖҰӨ жасауға қатысқан үлесін анықтайды. Қосылған құн өнімді сатудан түскен түсім мен оның өндірістің заттай факторының шығынының айырмасы ретінде немесе барлық жаңадан жасалған құнға аммортизацияны қосқанда анықталады.

ЖҰӨ өндірістің сандық және уақытша ақшалай жағдайын сипаттауына байланысты инфляция және дефляция оны есептеуді қиындатады. Себебі, ЖҰӨ-ді есептеген бастапқы мағлұмат – сату көлемі болады. Ол өз ретінде сатылған заттың көлемі мен оның бағасының деңгейіне тәуелді. Осыған байланысты нақты және шынайы ЖҰӨ ажырата білу қажет.

Номиналды ЖҰӨ - ағымдағы (қолданып) жүрген бағамен есептелген ЖҰӨ.

Нақты (реальный) ЖҰӨ - базалық бағаны бағаның өзгеруіне байланысты өзгертіліп есептелген, яғни, индекстелген бағамен есептелген ЖҰӨ.

Бағаның өсуіне байланысты ЖҰӨ-нің көбеюін көрсететін көрсеткіш ЖҰӨ дефляторы деп аталады. Ол номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасымен анықталады.

                                                           Номиналды ЖҰӨ

               ЖҰӨ дефляторы =   ——————————

     Нақты ЖҰӨ

 

ЖҰӨ - халықтың әл-ауқатын сипаттайтын негізгі көрсеткіш. Бұл көрсеткішті осы мақсатта пайдаланғанда ескеретін жәй, кейбір нарықпен байланыссыз іс-әрекеттер, жұмыстар, процесстер сандық жағынан ЖҰӨ кірмейді. Оған жататындар: ақылы (төленетін) демалыстың ұзақтығы, тұтыну құнының сапасын жоғарылату, сонымен қатар урбанизацияның салдарынан туындайтын негативті жағдайлар және адамдардың, өндірістің іс-әрекеттің салдарынан (ортаның ыластануы, айқай-шу т.б.) өмір сүру жағдайының нашарлауы.

Басты макроэкономикалық көрсеткіш ЖҰӨ-нен басқа да экономикада жылдық өнім шығарудың өлшеуіші ретінде қолданатын бір-бірімен өзара тығыз байланыста болатын көрсеткіштер бар. Олардың бәрі ЖҰӨ негізінде есептеледі.

Ұлттық экономиканың қызметтерінің нәтижесін сипаттайтын келесі көрсеткіш – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

ЖІӨ - белгілі бір уақытқа мемлекет аумағында өндірілген түпкі (соңғы) тауарлар мен қызметтердің барлық сомасы.

ЖҰӨ мен ЖІӨ жабық экономикада бір-біріне тең болады. Ал ашық экономикада бұлардың арасында айырмашылық бар. Ол айырмашылық мына жағдайдан туындайды: мемлекет ішіндегі шетелдік фирмалардың даму деңгейі мен ұлттық ресурстардың әр түрде шетелде өндірістік іс-әрекетке қатысуынан туындайтын айырмашылық. Бір сөзбен айтқанда: ЖІӨ шетелдегі өндіріс факторларына түсімі (факторлық табыс) мен елдегі шетелдік инвесторлардың алған факторлық табыстарының айырмашылығынан кем (аз) ЖҰӨ-нен.

ЖІӨ-ді есептеуде ЖҰӨ есептеу әдістерін пайдаланады.

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ). ТҰӨ -ЖҰӨ-нен аммортизация сомасын алып тастағанға тең.

ТҰӨ-нен бизнеске салынатын жанама салықты шегергенде ұлттық табыс пайда болады. Ұлттық табысты тікелей қоғамдағы барлық табыс түрлерін: жалақы, арендалық төлем, өндірістік табыс, пайдаға салынатын салық, дивидендтер, кәсіпорынның бөлінбеген пайдаларын қосып анықтайды.

Жеке табыс – ұлттық табыстан салық және басқа алым-төлемдерді алып тастағаннан кейінгі қалдыққа трансферттік төлемдерді қоссақ аталған табыс шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өткен сұрақтардағы қарастырылған макроэкономикалық көрсеткіштер өте күрделі процестер жүйесін, олардың өзара тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болатындығын көрсетті. Міне осы байланыстар мен тәуелділіктер ұлттық есеп шоттың құрылымы мен негізін құрайды.

Нарықтық экономика жағдайындағы ұлттық есеп шоттың мән-мағынасы қоғамдық шаруашылықты біртұтас түрінде жалпы экономикалық тепе-теңдігін қамтамасыз етуде. Сонымен, ұлттық есеп шот: біріншіден – ұлттық есеп шот жүйесі; екіншіден – макроэкономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің ең маңызды құрамдарының бірі.

Ұлттық есеп шот жүйесі (ҰЕШЖ) бухгалтерлік принциптегі қос жазуға (двойной запись) негізделген, қоғамдық өндіріске, мемлекет көлемінде қорлану процесіне және ұлттық байлық деңгейінде қатынасушылар арасындағы тауар мен табыстың біріккен қозғалысын көрсететін баланс кестелерінің жиынтығы.

Ұлттық есеп шот әдісінің іргетасын қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ (1694-1774 жж.) болды. Ол қоғамдық ұдайы өндірісті талдауды қоғамдық өнімнің натуралдық (заттай) және құндық элементтерінің арасында баланстық пропорцияны орнықтыру тұрғысынан жүргізді. Бұл әрине ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Осыған қарамастан көп жылдары қолданылмады. Жиынтық экономикалық көрсеткіштер шаруашылықтар арасындағы тәуелділіксіз есептелді.

Тек, ХХ ғ. 30-жылдарындағы әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін экономиканы басқаруда мемлекеттің араласуының қажеттілігін сезінді. Мемлекеттің экономиканы басқаруға араласуынсыз экономикалық дағдарыстан шыға алмайтындығына көздері жетті. Осыған байланысты макроэкономикалық талдау мен болжау кешенді (комплексті) жүргізу бірінші орындағы мақсат болды. Оны шешу үшін макроэкономикалық талдауда ұлттық есеп шот жүйесін қолдану қажеттілігі туындады.

Ұлттық есеп шоттың теориялық негізін Дж. Кейнстің, А. Боулидың, К.Кларктың, Дж. Стелманның еңбектері құрады. Олар ұлттық табысты есептеу мәселесімен шұғылданды.

ҰЕШЖ жетілдіруге халықаралық ұйымдар, әсіресе БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы жасап, оны 1953 жылдан бастап қолданылып келеді. Бұл алты есеп шоттан тұратын жүйе, елдің экономикалық дамуын бағалауға мүмкіншілік береді. 1968 жылы ҰЕШЖ халықаралық стандартына жаңалықтар енгізіп (жаңадан үш есепшот енгізілді), ол 1993 жылға дейін іс жүзінде қолданды.

1993 жылдан бастап ұлттық есеп шоттың халықаралық стандартының жүйесінің үшінші модификациясы қолданылды. Ол жеке елдердегі ұлттық есеп шоттың теориялық және іс жүзіндегі соңғы жетістіктерін ескере құрылды. Бұл жүйені жасағанда «экономикалық өндірістің» (яғни ЖІӨ өндіріс сферасы үй шаруашылығының қызметінен (тамақ дайындау, үй сыпыру т.с.с.) басқа барлық тауарлар мен қызмет өндірісін қамтиды). Өндіріске қоршаған ортаны қорғаудағы іс-әрекеттерді кіргізген.

ҰЕШЖ пайдалану (қолдану) мемлекеттің макроэкономикалық саясатты тиімді жүргізуіне, экономикалық болжауға, ұлттық табысты халықаралық деңгейде салыстыруға қажет.

ҰЕШЖ атқаратын қызметтері (функциясы):

1)     экономикалық саясат;

2)     экономикалық болжау;

3)     адамдардың әртүрлі топтарындағы өмір сүру деңгейін және оны басқа елдердегі өмір сүру деңгейімен салыстырып баға беру;

4)     экономикалық теория мен практиканы байланыстыру.

Қорыта айтқанда, ұлттық есепшот өткен жағдайларды тереңірек біліп, тану құралы, сонымен қатар экономикалық саясат пен жоспарлау құралы ретінде пайдаланылады. Соның көмегімен экономикалық құрылымдарға, экономикалық тиімділікке және экономикалық теорияның жекелеген тұжырымдарына баға беруге мүмкіншілік береді.

 

 

Сұрақтар:

1.Атаулы және нақты ЖҰӨ, баға индекстері.

2.Ұлттық есептеу жүйесі.

3.Жалпы ішкі өнім мен бір-бірімен байланысты көрсеткіштердің жүйесі.

4.ЖҰӨ дефляторы

 

Әдебиеттер:

 

1.            Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004

4.Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003

5.Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004

6.Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006

 

 

№3 лекция. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.AD-AS үлгісі.

 

1)Жиынтық сұраныс AD және оны анықтаушы факторлары.

2)Жиынтық ұсыныстың классикалық және Кейнстік үлгілер.

3) Қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі  тауарлы нарықтағы тапе-теңдігі.

 

1)Жиынтық сұраныс – АD (aggregate demand) экономикада өзіндік түпкі тауарлардың қызымет көрсетулерге кететін барлық шығындардың сомасын береді.

       Жиынтық сұраныс дегеніміз – сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.

      Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы  әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді.

Бұл қисық жиынтық сұраныс қисығы деп аталады.

Жиынтық сұраныс қисығы деп бұл әрбір мен болатын баға деңгейінде тұтынушылардың сатып алуға дайын өнімдерінің санын береді.

 

баға деңгейі

Р                                                                   Жалпы жиынтық сұраныс АD құрылымына

                                                        мыналар кіреді:

                                                        1)тұтынушылардың тауарлар мен

                                                       қызмет көрсетулерге сұранысы(С)

 

                             АD                                                                                                                                                                                                                                      

                                           У  өнім шығару деңгейі        

     

3.1сурет.- Жиынтық сұраныс қисығы

                                                                                                                            2) мемлекет тарапынан тауарлар мен қызмет көрсетулерге сұраныс (G).

3)инвестициялық тауарларға сұраныс (I)

4)шетелдер тарапынан біздің экспортқа сұраныс(Xn)

АD – қисығынын жылжу жалпы баға динамикасына қарапайым көрінісін көрсетеді.Бұл тәуелсіздіктің қарапайым көрінісін ақшаның сандық теориясы теңдеуінен алуға болады.     Біз жиынтық сұраныстың сандық ақша  теориясының базасында қарапайым теңдеуін құра аламыз.

                             MV = PY

 

     Мұнда: М – ақша ұсынысы;

                   V -  ақша айналымының жылдамдығы (мұнда ол тұрақты);

                   P -   баға деңгейі;

                   Y - өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны.

      Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді.

      Сандық ақша теориясының теңдеуі ақша қаражатының сұранысы мен ұсыныс көрсеткіштері түрінде нақты көрсетілуі мүмкін..

                                                         d

                         М / Р  = ( M/P)    = kY

 

Мұнда: к = 1/V.                                              d

Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы M/P = (M/P )  сұранысқа тең және сұраныс өндірілген өнім  Y санына пропорционалды  екенін көрсетеді.     Әрбір берілген ақша ұсынысының деңгейіне (РҮ) өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сәйкес келеді. Егер Р баға деңгейі көтерілсе, Ү  өнім шығару көлемі қысқаруы керек. Р және Ү  арасындағы кері тәуелділік механизмін анықтау үшін, ақша ұсынысы және жалпы шығарылған тауарлар мен қызметтер көлемінің арасындағы тәуелділікті қарастыруға болады.

     Ақша айналымы жылдамдығы тұрақты болғандықтан, шығарылған тауарлар мен қызметтердің ақшалай көлемі ақша ұсынысының мөлшерімен анықталады. Баға деңгейі көтерілгенде тауар мен қызмет көрсетуге көп мөлшерде  ақша қажеттігі туындайды, сондықтан сатып алынатын тауарлар мен қызметтер саны азаяды.

     Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдау да осыны көрсетеді. Өндіріс көлемі өскен сайын жасалатын мәмілелер саны да көбейеді, демек, М/Р нақты сипатында ақшаның көп қоры қажет. Тұрақты ақша ұсынысы кезінде  ақша қаражатының қоры нақты күйінде керісінше, ең төменгі баға дейңгейіне ақша қаражатының көп қорлары сәйкес келеді, ақша көлемінің өсуі жалпы үлкен сомаға мәмілелер жасауға көмектеседі, яғни өнім өндіру көлемін ұлғайтуға көмектеседі.

      Ақша ұсынысы тұрақты болғанымен Р баға дейгейі мен өндірілген өнім  Y  саны арасындағы тәуелділік теріс екендігін  сандық ақша теориясының теңдеуінен  көреміз.  Р және Ү әр түрлі  мәндерінің байланысы келтірілген, олар сандық теорияны, белгілі  бір тұрақты ақша ұсынысы теңдеуін  қанағаттандырады. 

Жиынтық сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларға мыналар жатады:

1)тұтынушының әл – ауқаты ;

2)тұтынушылардың болжамы;

3)салықтар;

4)% ставкасының тербелісі;

5)субсидиялар,несиелер,инвесторларға жеңілдіктер,валюта бағасының тербелісі;

6)сыртқы нарықтағы жағдайлар;

2)     Жиынтық ұсыныс  - бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді. Жиынтық ұсыныс AS(aggregate supply)  – бұл экономикада сатып алынатын барлық соңғы тауарлардың қызметтерінің жалпы саны .Бұл ұғым жиі ЖІӨ-ң синонимі ретінде қарастырылады.AS жиынтық ұсыныс қисығы жиынтық өнім көлемі экономикада баға деңгейінің әртүрлі көлеміндегі өндірушілердің ұсынысын береді.Жиынтық ұсынысының бағалық емес факторлары технологияның өзгерістері,ресурс бағалары,фирманың салықтық салымы және т.б. және олар AS қисығының өзгерісін береді.

Мысалы:мұнай және мұнай өнімдеріне бағаның өсуі,шығындардың өсуіне алып келіп AS қисығын солға жылжытады және  өндіріс көлемін төмендетеді(мұнай шогы).

AS қисығының формасын классикалық және кейнсиандық мектептерде әртүрлі түсіндіреді. Сондықтан жиынтық ұсыныс қисығының екі түрін ажырата білу қажет: ұзақ  мерзімдік және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныстар.

     Ұзақ мерзімдік кезеңде экономиканың функциясы классикалық үлгімен сипатталатындықтан , жиынтық ұсыныс қисығы соның негізінде өндірілген өнімнің, көлемнің, еңбектің және классикалық теория бойынша тұрғызылады.

-          өнім өндіру көлемі тек қана қолданылатын факторлар санына, яғни капитал мен еңбекке, технологияға байланысты, ал баға деңгейіне байланысты емес;

-          өндіріс факторы мен технологиядағы өзгерістер баяу болады;

-          экономикадағы барлық өндіріс факторлары қолданылады, яғни өнім шығару көлемі әлуетті өнім көлеміне тең;

-          баға және атаулы еңбекақы икемді және олардың өзгеруі нарықтағы теңдікті қамтамасыз етіп отырады.

                                        Y = F (K , L)

      Сонымен, классикалық үлгі негізінде өнім шығару көлемі баға деңгейіне  тәуелді емес. Сондықтан 3.2-суретте көрсетілгендей жиынтық ұсыныс кисығы тік сызық болып табылады. Жиынтық сұраныс қисығының жиынтық ұсыныстың тік қисығымен қиылысу нүктесі баға деңгейін  анықтайды.

 

баға деңгейі     LRAS

 

 У  өнім шығару деңгейі        

 

3.2-сурет. Жиынтық  ұсыныстың ұзақ мерзімдік қисығы.

 

Егер жиынтық ұсыныс қисығы тік болса, онда жиынтық сұранысының өзгерісі бағаға әсер етеді, өндіріс көлеміне әсер етпейді. Мысалы, егер ақша ұсынысы қысқарса, онда 6-суретте көрсетілгендей жиынтық сұраныс қисығы төменге қарай ығысады. Экономикада жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтары қиылысуының ескі нүктесінің жаңа нүктесінен ауысу жағдайы болады. Жиынтық ұсыныс қисығы тік болғандықтан, жиынтық сұраныс қисығының жылжуы баға деңгейінің өзгеруіне әкеледі.

 

баға деңгейі     LRAS

Р

 У  өнім шығару деңгейі   

3.3-сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі

 

     Егер жұмыспен толық қамтылған жағдайындағы өндірілген өнім көлемі болса немесе шығарылған өнім көлемі өндірісте жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезінде өндірілсе, онда бұл экономика ресурстарының толық пайдаланылғаны  кезеңіндегі өндіріс деңгейі. 

 Классикалық үлгі және жиынтық ұсыныстың тік қисығы тек ұзақ мерзімдік талдауға ғана қолданылады.Ал қысқа мерзімдік кезең ( кейнстік): жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген.Қысқа мерзімдік кезеңде кейбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделмеген. Бағалардың икемсіз болуына байланысты қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы тік түзу болмайды. Бағалар деңгейі өзгермейтіндіктен, оны (3.4-сурет) графикте жиынтық ұсынысының көлденең қисығымен суреттеуге болады.

 

Р баға деңгейі

                                           У  өнім шығару деңгейі   

 

3.4 сурет.- Қысқа мерзімдік кезең( кейнстік): жиынтық ұсыныс қисығы

   

      Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныс қисығының және көлденең жиынтық ұсыныс қисығының қиылысу нүктесі экономикалық тепе-теңдік нүктесі болып табылады. Енді жиынтық сұраныс мөлшерінің өзгеруі өнім шығару көлеміне әсер етеді. Мысалы, егер Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтса, жиынтық сұраныс қисығы 3.5-суретте көрсетілгендей, солға қарай жылжиды. Баға деңгейі өзгермейтіндіктен, жиынтық сұраныстың өзгеруі өнім шығару көлемінің төмендеуін тудырады.

баға деңгейі    

Р

 У  өнім шығару деңгейі     

3.5-сурет.Кейнстік жиынтық ұсыныстың қысқа мерзімді кезеңде жиынтық сұраныс қисығының ығысуы

 

Сұрақтар:

1.      Жиынтық сұраныстың мәні және құрылымы.

2.      Жиынтық сұранысқа әсер ететін факторлар. ҚР жиынтық сұранысқа баға беру.

3.      Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық моделі.

4.      Жиынтық ұсыныстың классикалық моделі

5.      Қысқа және ұзақ мерзімді периодтағы жиынтық ұсыныс

 

Әдебиеттер:

 

1.Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004

4.Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004

5.Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006

 

 

№4 лекция .Өндіріс және еңбек нарығы.

 

1.Өндіріс  факторы. Өндіріс функция .

2 .Өндіріс  факторлары арасында улттык табысты болу..

3. Жиынтық ұсыныс қисық құруы. Икемді және қатаң  еңбек ақы..

4. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі.

 

1. Өндіріс факторы . Өндіріс функциясы . Нақты еңбек ақы төлеу және нақты  капитал бағасы .

Өндіріс функциясы арқасында формалдық өндіріс процесін суреттеп айтуға болады . Өндіріс функция -  өзгерістер  қолданылатын қорларды қабылдайды ( өндіріс факторлар ). Дәл осылай , өндіріс функцияға  капитал  кіреді ,ол  фирмамен қолданылады , бірақ тек қана оның тозығы өндіріс шығындарына қосылады. Еңбек шығындары өндіріс функцияға қосылады.

Өндіріс функциялар талдау мақсаттарының шешімі үшін қолданылады және жоспарлаудың , сонымен қатар аралық - жұмаслатын қорлардың өзара байланыс суреттеуіне арналған.

2. Ұлттық табыс реттеу. Тұтыну , сақтаулар және табыс. Кейнсиандық жұмысбастылық теориясымен шығарылушы тауарлардың көлем және қызметтердің, халықтың  жұмыс бастылық деңгейі орнында болады түзу деңгейдің тәуелділігінің жалпылардың , немесе тұтастардың , шығындардың ( тұтас сұраныстың ).

Сайып келгенде , ұлттық өндіріс мүмкін көлеміне хабардар болуға арналған қорлық потенциал қажетті ескеру , ол өйткені өндіріс негізімен келеді , ал үйшаруашылығында  табыс мөлшері және пропорцияны талдауда , бұл табыс  тұтынуға және сақтаудың , инвестицияларды зерттеу , өндіріс көлемі аралық тепе-теңдік құру принциптерін анықтауға, табыстармен және жұмыс бастылықпен және, жалпы ұлттық өнім құруында сыртқы сауда ролі қарап шығу .

Тұтас шығындардың негізгі компонентімен тұтыну алға шығады (сұраныс), бөліммен болатын құрама үй шаруашылығының  табысының DI . салықтарының төлеуінен кейін мына табыс екінші бөлімі сақтауларды алға шығады. ЖҰӨ жасауында екі бағыт қатысады:

 - бірінші, қоғамда туындатылған табысты  тұтынылушы бөлімі іске асырады,  өнім  келешек өндіріс өніміне сұраныс қалыптастырады;

 - екіншіден , табыс сақтау бөлім шығыны өндіріс базаны жетілдіреді және кеңейтеді ,  оның дамуына өсіңкілік қосып береді .

ЖҰӨ - тұтынуға немесе сақтауларға жасауға табыс ықпалын жасауы талдауы жанында жоғары бағалау анықтау өте қиын . Ақырғы , тұтыну шығындардың деңгейіне ең маңызды әсер салықтардың төлеуінен кейін табысты көрсетеді (реттелетін табыс). Егер табыстарда салыстырмалы салмақпен тұтыну және сақтауларды анықтап қараса , онда  табыс үлкен бөлім  құрастырады . Табыс жалпы формуласы салықтардың төлеуінен кейін былай жазылады :

 

DI = С + S,

 DI  - реттелетін табыс ; С  - тұтыну ;  S - сақтандыру .

 

    Табыспен байланысты емес тұтыну мен сақтаулардың факторлары.  Негізгі фактормен  тұтынулар және сақтауларды мөлшер анықтаушы, алынған табыс мөлшері алға шығады .Сонымен қатар, ол жерде фактормен байланысты емес қатар болады, олар тұтыну мен сақтандырудың формасына әсер етеді. Олардың санына жатады: байлық үй шаруашылығынан  жиналған мөлшер.  Үй шаруашылықтары  байлық жинау үшін тұтынудан тартынады .

Тұтыну мөлшеріне және сақтауларды тауарларға бағалардың ықпалын жасау деңгейі көрсетеді : бағалардың өсу шегі тұтыну қысқартуына жүргізеді , және олардың соңғы жығылуы артуға жағдай жасайды . Бағалардың өсу шегі жиналған байлықты  сатып алу қабілеттілігін төмендетеді, және керісінше, ол баға төмендеуі жанында көбейеді, байлық  күшті әсерінен көрінеді .

Мемлекеттің экономикаға қол сұғуы қоғам мүшелері арасындағы  табыс дәрежелерін  объективті бағалауды талап етеді . Қоғам мүшелері ең кедей  және ең бай болып табыстарына байланысты бөлінеді. Тәжірибиеде  квинтильді және  децильді коэффициенттер қолданылады: жиынтық табыстардың арақатынасы 20%(10%) ең бай адамдардың 20%(10%) ең бейшара адамдардың .

Көбірек дәл бағалауды көрсеткіш дәрежелер  көрсетеді ( коэффициент ) Джини ( Gini Coefficient ). ол мүмкін есептелген

Келесі  формулада:

 

 

G = 1 +

1

 

-

2

 

× [y1 + 2×y2 + 3×y3 +…+ n×yn]

n

n2 ỹ

 

қайда у1,…уn - дара табыстар кему ретінде ,?- орта табыс , жеке адамдардың n - саны .

Джини көрсеткіші болып шығады Лоренцамен қисық ( сурет 4.1) Және аудан көңіл болуы өзімен ұсынады аралық мынаның қисық және абсолютті теңдік сызығымен жалпы ауданға абсолютті теңдік сызығы астында .

 

Негізінде тап осылардың кестелер 1994ж. Қазақстанға арналған тап осы көрсеткішті 4.1 есептейміз

Кесте 4.1

 

Халық  тобы

Жалпы табыста тап осы топ табыстары-ның үлесі

Бірінші  20% ең кедей  отбасы

 

7,5

Екінші 20%

12,3

Үшінші  20%

16,9

Төртінші  20%

22,9

20% ең  бай  отбасы

40,4

 

 

 

 

 

 Теңдік

с ы з ы ғ ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қисық

Лоренц

 

 

 

 

 

Подпись: Табыс

 

 

 

G = 1 +

1

 

-

2× [40,4 + 2×22,9 + 3×16,9 +4×12,3+ 5×7,5]

 

 = 0,306

5

 

52×

7,5+12,3+16,9+22,9+40,4

 

5

13-15% пунктіге үлгілі нарық  реформалардың жылдарының артынан Қазақстанда Джини коэффициент мағынасы өсті, бірақ,  дүниежүзілік тәжірибе , тап осы коэффициент мағыналары көрсетеді 0,4. бірақ нашар дамығандарды кедейлік өсу шегі себептерінен басқа елдерде табыстардың әркелкі таратуы келеді және әлеуметтіктің - қоғамда бәрімен осы арадан ағып жатқан зардаптармен сәйкес келеді..

 

3. Еңбек  нарығы . Еңбекке сұраныс . Икемді еңбек ақы төлеу . Тұтас ұсыныс қисық құруы . Тұтас ұсыныс. Қисық тұтас ұсыныстың.

Тұтас ұсыныс - бұл игіліктердің сан және қызметтердің , көз алдына келген бәрімен өндірушілермен нарықта ; барлық шаруашылық етуші субъектілердің дара ұсыныстардың сомасы . Абстракты үлгі , өндіріс сипаттайтын бағалардың нақты көлемі тап осы деңгейі жанында өзімен тұтас ұсыныс ұсынады.

 Тәуелділік келесі бейнемен айтылады: бағалардың жоғарылауы тауарлардың өндіріс артуын ынталандырады , ал олардың төмендеуі өндіріс көлемі азаюымен көрсетеді. Сайып келгенде , тап осы факторлар аралық түзу тәуелділік байқалады.  Үш қиылысқан сызық: кейнсиандық (горизонтальдық), аралық ( ауытқып кеткен жоғары ) және классикалық (тік). көрнектілікке арналған графикті саламыз ( сурет 4.2).

4.2 сурет.- Қисық тұтас ұсыныстың

 

Горизонтальдықта, немесе кейнсиандықта - ұлттық өнім өзгереді, ал тұрақты бағалардың деңгейі қалады ; тікте, немесе тұрақты классикалықта  ұлттық өнім қалады, ал бағалардың деңгейі өзгереді ; аралықта нақты өндіріс көлемі өзгереді және бағалардың деңгейі де өзгереді.

 

 4.3 сурет.- Тұтас ұсыныс өзгертулері

 

 

Сурет 4.4- Бағалардың тепе-теңдік деңгей және ұлттық өндіріс тепе-теңдік нақты көлемі:А) аралықтың үзік қисық; Б) кейнсиандық үзікке  арналған қисық

 

4.5 сурет.- Тұтас сұраныс арту зардаптары: а) кейнсианском - қисық ; б ) классикалықта - қисық; в) аралықтары - қисық

 

Тұтас ұсыныс қисық қызметтен алуы. Тұтас ұсыныстың қисық қозғалыспен жағдайды қарап шығамыз . Оңға немесе сол жаққа қозғалыс тенденциясы осында сонымен қатар мүмкін табылған , көз алдына келген суретке 4.6 көруге болады.

 

4.6 сурет.- Тұтас ұсыныс өзгертулерінің зардаптары

 

Сұрақтар:

1.  Өндіріс  факторы .

2.  Өндіріс функция .

3.  Нақты еңбек ақы төлеу және капитал нақты бағасы .

4.  Ұлттық табыс  таратуы .

5.  Еңбекке  сұраныс .

6.  Иілгіш еңбек ақы төлеу .

7.  Еңбек ақы төлеу .

 

Әдебиеттер:

 

1. Сафронов. П. Отан статистикте ұлттық есептердің жүйе көрсеткіштері . М : экономика .2000.- Гл .1.

2. Гальперин. И., М., Гребенников П . Леусский ал . Және . Тарасевич Л . . С .- Макроэкономика . П .: экономика .2000.- Гл .1,2.

3. РК. статистикалық жинақ Астана: РК ұлттық агенттігі статистик бойынша, 2005 г .567 .

4. Б. Кенжегузин М. Қазақстан экономикасы өзгертулердің жолдары .- Алматы , ИЭ МОН РК ,2001, 13-21б.

5. Шокаманов Ю . . Қазақстанда адамдық даму тенденциялары .- Алматы : РК агенттігі статистик бойынша ,2001 г .-215-228.

6. Мамыров А. Макроэкономика. Алматы, 2001

 

№5 лекция. Игіліктер нарығы.

 

Тұтыну функциясы және оған әсер ететін факторлар.

Жоспарланған және нақты шығындар.Кейнсиандык крест.

 

1)Классикалық  экономикалық теория екі түрлі жағдайды түсіндіреді:

1)жиынтық шығындардың деңгейі толық ресурстардың қамтылуы кезіндегі өндірілетін өнімдерді сатып алуға жеткіліксіз болуы мүмкін емес;

2)мұндай жағдай болса, тез арада баға , жалақы , % мөлшерлемесі икемділігіне байланысты өзгеріп тепе – теңдікті қалыптастырады және тепе – теңдікті өндіріс көлемі потенциалды өндіріс көлеміне тең болады және  инвестиция мен  жинақтау жоспарлары тең болады.

   Кейнсиандық экономикалық теория мұндай реттеу механизмін теріске шығарады.Мұндай сәйкессіздіктің себебі ол инвестициялар мен жинақтау жоспарларының сәйкессіздігін туындайды.Үй шаруашыдығының жинақтау жасау себептері:

1)қымбат тауарларды сатып алу үшін;

2)кәрілікті қамтамасыз ету үшін

3)белгілі- бір жағдайлардан сақтандыру;

4)балаларының болашағын қамтамасыз ету үшін

Фирмалардың инвестиция жасау себептері;

1)таза пайда номасының максимизациясы;

2)нақты  % мөлшерлемесі;

   Классикалық экономикалық теорияға сай инвестициялар мен  жинақтаулар динамикасына әсер ететін негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі,ал кейнсиандықтарда, ол – қолдағы табыс мөлшері.

 

  Уd= У-T                         Уd=C+S  

                                           C – тұтыну  S – жинақтау

 

Тұтынудың қарапайым функциясы С = a+в(У-Т)

Мұндағы  а – автономды шығындар , в - тұтынуға шекті бейімділік

  Тұтынуға шекті  бейімділірек МРС – бұл кез – келген қолдағы табыс өзгерісіндегі тұтыну шығындарының өсімінің үлесі:

 

МРС= ∆С

           ∆Уd

 

 Тұтынуға орта бейімділік АРС -бұл үй шаруашылығының тұтынушылық тауарлардың қызымет көрсетулерге кететін шығындардың қолдағы табыстағы  үлесі

АРС = С

         Уd

S =У – С

Жинақтаудың қарапайым функциясы S=-a+(1-в)(У-Т)

Мұндағы – а табыстың тұтынудан кейнгі бөлігі , (1 – в) – жинақтауға шекті бейімділік .

 Жинақтауға шекті бейімділік МРS – бұл кез – келген  қолдағы табыс өзгерісіндегі жинақтау өсімінің үлесі МРS = ∆S

                                                                      ∆Уd

 Жинақтауға  орта бейімділік АРS – бұл үй шаруашылығның жинақтауларының қолдағы табыстағы үлесі: АРS=   S

                                                                                           Уd

Тұтынуға және жинақтауға шекті бейімділіктің қосындысы әрқашан 1 – ге тең: МРС+МРS=1

  Инвестициялардың қарапайым функциясы

I=e- dk

I- автономды инвестиция шығындары.

e- сыртқы экономикалық факторлар арқылы анықталатын автономды инвестициялар.

k- нақты пайыз мөлшерлемесі.

d- эмперикалық коэффициент.

Жиынтық табыстың артуымен автономды инвестициялар көлемі ЖҰӨ өсуі барсында өсетін ынталандыру толықтырылады.

Инвестициялардың шекті бейімділігі:

I- инвестициялар өзгерісі.

Y-табыс өзгерісі

2)Жоспарланған шығындар  үй шаруашылығының, фирмалардың және үкіметтің тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсауға жоспарлап отырған соммасы болып табылады.

Жоспарланған шығындар формуласы Е=С+I+G+Xn 

Графикалық түрде жоғары қарай I+G+Xn ығыстырылған тұтыну формуласы: С=а+в(У-Т) ретінде белгіленеді.

    Жоспарланған шығын сызығы нақты және жоспарланған шығындар теңелетін сызықты белгіленеді.1. А нүкесінде кесетіні анық (яғни,У=Е сызығын) Келтірілген сызба Кейнс кресі атауын алған.У=Е сызығында әрқашан іс жүзіндегі инфестициялардың қор жинақтар теңдігі сақталады.А нүкте табыс жоспарын шығарғанға тең және іс жүзінде инвестициялардың қор жинақтары теңдігі,яғни макроэкономикалық тепе – теңдік арқылы.

 

 

              У1   Е(жоспарланған шығын)                                                          У=Е

                                                   

             Е1                                                                                                                  Е=С+I+G+Xn

             Е0                                             А                                                жоспарланбаған қор жинау

                    Е2                                                

                                                                          жоспарланбаған қордың қысқаруы

(А+I+G+Xn)

                       

                                          45

                                                                                           У

                                 У2                 У0                    У1

 

5.1 сурет.-Кейнс кресті

 

Автономды шығындар мультипликаторы – тепе – теңдік ЖҰӨ өзгерісінің автономды шығындарының кез – келген  құраушысының өзгерісіне қатысты.

m = ∆У

∆А

 

 Рецессиялық үзіліс – тепе – теңдік ЖҰӨ-ді толық  жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың өсуіне қажетті көлемі.

   Егер іс жүзіндегі өнім шығару тепе – теңдік көлемі У0 әлеуетті У*  көлемінен төмен болса, бұл онда жиынтық сұраныс тиімсіз екенің білдіреді яғни жиынтық шығындар АД=AS тепе – теңдікте болғанының ресурстардың толық  жұмсалуын  қамтамасыз етуге жеткіліксіздігі экономикаға күйзелісті әсерін тигізеді.

Рецессиондық үзілісті жеңіп шығу үшін және ресурстар толық жұмсалуын қамтамасыз ету үшін жиынтық сұранысты ынталандыру және тепе – теңдікті А нүктесінен В нүктесіне ығыстыру қажет.

   Инфляциялық үзіліс – ЖҰӨ - ді толық жұмысбастықтың инфляциялық емес деңгейіне төмендету үшін қажетті жиынтық сұраныс кему көлемі.

   Жиынтық сұраныс артықшылығы экономикада инфляциялық дүрлігіс туады, баға деңгейі өсуі өйткені фирмалар өнідірісті өсіп жататын жиынтық сұраққа баламалы түрде кеңейте алмауы, өйткені барлық ресурстар жұмсалып отыр.

  Инфляциялық үздікті жеңу жиынтық сұранысының ұсталып тұруын және тепе – теңдіктің А нүктесін В нүктесіне ауысуын болжайды.

3)Бюджет салық саясаты – бұл толық қамтуды, инфляциялы емес ЖІӨ - ді , экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтің саясаты.Бюджет – салық саясаты (фискальды саясат) – бұл мемлекеттік шығындарды салықтарды өзгерте отырып, экономикаға әсер ету шаралары болып табылады.Бюджет  салық саясатын жүргізудің  2 жолы бар:

1)ұстамды фискальды саясат(тежеуші);G ↓ T ↑

2)ынталандырушы    фискальды саясат G↑  T ↓

 

1)Тежеуші фискальды саясат – бұл инфляцияны төмендету мақсатында мемлекеттік бюджеттегі шығындарды қысқартып немесе салықтарды T өсіріп  немесе осы 2 шараның үйлесімі арқылы экономикаға әсер ету болып табылады.Қысқа мерзімді болашақта – бұл саясат өндірісті құлдыратып жұмыссыздықты өсіреді , бірақ сұраныс инфляциясын төмендетеді.

2)Ынталандырушы фискалды саясат – бұл экономиканы тұрақтандыру, өндірісті қолдау мақсатында мемлекеттік шығындарды өсіріп, салықтарды қысқартып немесе осы екі шараның  үйлесімі арқылы экономикаға әсер ету болып табылады.

ҚР – да біртіндеп осы саясатқа көшіп жатыр.

 

ҚР – да

Салықтар T↓

Ең төмен жалақы

2000 ж.

ҚҚС-20% әл.салық-26%

2680 теңге

2001 ж.

ҚҚС-16 % әл.салық-20%

3484 теңге

2004 ж.

ҚҚС-15% әл.салық-20%

6600 теңге

2007 ж.

ҚҚС – 14%

9752 теңге

2008 ж

ҚҚС -13%

10115 теңге

 

Сұрақтар:

 

1.   Жоспарланған және нақты шығындар. Кейнс кресті.

2.   Инфляциялық және рецессиялық ұзіліс.

3.   Фискалды саясаттың мәні, мақсаттары және құралдары.

4.   Тұтыну және жинақтау функциялары.

5.   Дискрециялық және дискрециялық емес фискалды саясат.

 

Әдебиеттер:

1.Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004

4.Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003

5.Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004

6. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006

 

№6 лекция. Игіліктер нарығы.

 

1) Мемлекеттік шығыстар мультипликаторы.

2) Салық мультипликаторы.

3)IS қисығы.

 

Үнемділік оғаштығы (парадоксы). AD-AS үлгісінің кейнс кресімен байланысы

   Үнемділік оғаштығы- қоғамның көбірек үнемдеуге ұмтылуынан азырақ көлемде қор жиналуы. Егер қор жинау өсімі инвестициялар өсімен бірге жүрмесе, онда үй шаруашылықтарының кез келген көбірек үнемдеу  ұмтылысы мультипликация әсерімен шарттандырылған тепе-теңдік ЖҰӨ-ң төмендеуіне байланысты пайдасыз болып қалады. Экономика А нүктесінен басталады. Құлдырауды болжауда үй шаруашылықтары көбірек қор жинауға ұмтылады: қор жинау графигі S- тан S'-қа ауысады, ал инвестициялар сол деңгейде І қалады. Нәтижесінде тұтыну шығындары салыстырмалы төмендейді, бұл мультипликатор  әсерін және жиынтық табыс Y0-дан Y1 -ге дейін құлдырауын тудырады. Өйткені жиынтық табыс Ү төмендейді, онда қор жинау В нүктесінде А нүктесіндегідей болып қалады.

 

 

6.1сурет.

   

Егер  қор жинағының S- тан S'-қа дейін  өсуімен бір уақытта инвестициялар І-дан І'-ға дейін өссе, онда өнімнің тепе-теңдік деңгейі Y0-ге тең болып қала береді және өндірістің құлдырауы пайда болмайды, бұл экономикалық өсуге қолайлы жағдай тудырады, бірақ халықтың ағымдағы тұтынуын салыстырмалы шектеуі мүмкін. Баламалы таңдау пайда болады: не ағымдағы тұтынуды салыстырмалы шектеу жағдайындағы болашақтағы экономикалық өсу, не тұтынудағы шектеулерден бас тартып, ұзақ мерзімді экономикалық өсу жағдайларын жақсарту. Қор жинағының өсуі  ресурстардың толық жұмсалуына жақын жағдайларда экономикаға антиинфляциялық әсерін тигізуі мүмкін: тұтынудың құлдырауы және алда болатын жиынтық шығындардың, жұмысбастылықтың және өнім көлемінің қысқаруы сұраныс инфляциясының қысымын шектейді-жиынтық сұраныс AD-дан  AD1 –ге дейін төмендейді, бұл өндірістің құлдырауымен, Y1  -ден Y2

-ге дейін және баға деңгейінің Р1 –ден Р2 –ге дейін төмендеуімен қатар жүреді.

 

6.2 сурет.

 

Кейнс кресі үлгісі баға деңгейінің Р өзгерісі үрдісін бейнелеуге мүмкіндік бермейді, себебі орнатылған бағаны болжайды. Кейнс кресі AD-AS үлгісін макроэкономикалық талдау мақсатына пайдаланылады және инфляция деңгейінің өсуімен немесе төмендеуімен байланысты макроэкономикалық саясаттың ұзақ мерзімді салдарын зерттеу үшін пайдаланылады.

Бюждет – салық саясатының шаралары мемлекеттік шығындар мультипликаторы, салық және  балансты бюджет мультипликаторы арқылы жүзеге асырады.

Егер мемлекеттік шығындар  ∆G – ға өссе онда Кейнс крестіндегі жоспарланған шығындар қисығы жоғары жылжып, өндірістің тепе – теңдік көлемі У1 – н У2 –  дейін, яғни ∆У=∆G∙mg шамасына өседі, мұндағы mg – мемлекеттік шығындар мультипликаторы.

 

 

 

 

 

 

   Е1 = Ү1      Е2 = Ү2  Ү

              6.3 сурет.- Кейнс кресі үлгісіндегі мемлекеттік шығындар өсімі

Мемлекеттік шығындар мультипликаторын кейде Кейнстің қарапайым мультипликаторы деп аталады.

 

∆У = 1      ;  мұндағы ,в – тұтынуға шекті бейімділік.

∆G    1-в

 

Егер салықтар ∆Т – ға төмендесе, онда жоспарланған шығындар қисығы жоғары жылжып ал өндірісінің тепе – теңдік көлемі У1 – н  У2 – ге Т шамасына өседі.

∆У   =  1     ; салық мультипликаторы

∆Т     1-в

Салық мультипликациясы – бұл салықтың бір ретті өзгерісіне айнымалы шамаларының көп ретті өзгеруін айтамыз Мысалы:егер салықтар ∆Т – ға төмендесе онда табыс өседі,жиынтық шығындары өседі,тұтынушыға шекті бейімділік өседі және т.с.с.

∆Т ↓ = У-Т → G↑

Егер мемілекеттік шығындардың салық бірдей  көлемде  өссе онда өндірістің тепе – теңдік көлемі де сол шамаға өседі, оны балансты бюджет мультипликаторы деп аталады.

 

Сұрақтар:

 

1.              Ұнемділік пародоксы.

2.              Мемлекеттік шығындар және салық мультипликаторлары

 

Әдебиеттер:

 

1.Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004

Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие.

4.Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003

5.Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004

6. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006

 

 

№7 лекция. Ақша нарығы

 

  1. Ақша  агрегаттары. Ақшаның сандық теориясы.
  2. Ақшаға деген сұраныстың теориялары.
  3. Ақша  ұсынысынынң үлгісі.

 

  1) Ақша – бұл  экономикалық құндылығы бар жалпыға бірдей эквивалент Ақша – бұл келісім шарттарда қолданылуы мүмкін қаржы активтерінің бір түрі.Ақшаның қызметтері:

1)айырбас құралы

2)құн өлшемі

3)қор жинау құралы

   Ақша дегеніміз- тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша- тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі- барлық тауарларға ортақ балама рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның  жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Маркс « жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып  жүреді» деген афоризммен сипатталады. Ол мынадан айқын көрінеді:

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесінде екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі. Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға да болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша  төлем құралы  қызметін атқарғаны. Үшіншіден, айырбас үрдісінде  ақшаның делдалдық етуімен  тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі.

   Тауарлар дүниесінің тауар ақша  болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші ағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның  мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады. Ақша айналысының заңы- құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар- ақша қатынастары  болатын барлық қоғамдық формаларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К.Марк ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін  қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі: М=P·Y/V; Ақша айналысы заңының мәні- ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар  бағасының көбейтіндісін бір  аттас ақша өлшемінің айналым санына  бөлгенге теңесуі керек. Айналысқа қажетті  ақша мөлшері өндірістің  даму жағдайына әсер ететін  көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгертеді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгертеді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:

-несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;

-қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;

-ақша айналысы санының өсуі.

    Айналысқа ақша екі түрде шығарылады, эмиссияланады: қолма-қол ақша, яғни айналымдағы банкноттар және ұсақ тиындар; банктік айналымдағы ақша түрі, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші түрін, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шығарады. Егер банк клиенті- шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма-қол ақша  түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері  нақты қолма-қол банкротқа айналады. Керісінше, клиенттің шотқа  жазу арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша түріне айналуын көрсетеді.Елдегі ақшаның санын мемлекет орталық банк арқылы бақылайды. Мемлекеттегі ақша массасын өлшеу үшін ақша агрегаттары пайдаланады. Өтімділігі бойынша ақша агерегаттары М1,М2,М3,L деген түрлеріне бөлеміз. М1-бұл банк жүйесінен тыс қолма-қол ақшалар, талап етуге дейінгі депозиттер, жол чектері басқа да чектік депозиттер. М2-бұл М1+чектік емес жинақ депозиттер, 100 000$ дейінгі жедел салымдар, қайта сатып алу туралы 1 күндік келісімдер М3-бұл М2+100 000$ -дан асатын жедел салмдар қайта сатып алу туралы жедел келісімдер депозиттік сертификаттар. L-М3+қазынашылық жинақ облигациялар қысқа мерзімді мемлекеттік міндеттемелер комерциялық бағалы қағаздар және т.б. Ақша жиыны нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталады. Қазақстан Республикасының ақша жиынының құрылымы төмендегі ақша агрегаттары кіреді: М1-айналыстағы қолма-қол ақша; М2-құрамына М1 агерегатын және шаруашылық субъектілерінің есепшоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржландыру шотының ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру  қорлары шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді. Ақша агерегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді. Ақша жиыны бірнеше  жолмен өсуі мүмкін:

-банкроттар мен тиындарды эмиссиялау есебінен;

-Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;

-мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін Орталық банктің үкіметке несие беруімен;

-Орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен;

-Чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде қарыз берумен.

Басқа да нарық секілді, ақша нарығында да ақшаға  сұраныс пен ұсыныс болады. Ұсыныс- ақша жиынының  айналымы, яғни берілген мезетте мемлекеттегі төлем құралы айналымының  жиынтығы.

2)Ақшаға сұранысының классикалық және кейнстік теориялары.

   Ақша- төлем немесе халықаралық айырбас құралы. Ақша сұранысын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс тұрғысынан қарастырамыз. Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранысы жеке адамдардың иемденетін  ақшалардың сатып алу қабілетіне байланысты:

  1. Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.
  2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.

Өзгерістер байқалмаған жағдайда төмендегіше айтамыз. Егер баға деңгейіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам «ақша сұранысына» ие болмайды. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады да, ол бәрібір ақша салымынан зиян шегеді.Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты баланс сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне пропорционалды болатынын көреміз.   Теориялық тұрғыдан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті мәселенің бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.

   Ақша сұранысын айқындайтын негізгі үш себеп бар. Табыстағы өзгерістер мен пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге болады.Сөйтіп төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш теориясымен сабақтас келеді:

-          Келісімдер мотиві, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде қолданылады;

-          Сақтық аргументі; ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;

-          Жалдаптық дәлел: жеке адамдар олындағы активтер мен ақша құнына сенімсіздік білдіреді.

Келісімдер мен сақтық дәлел туралы сөз болғанда, бұл негізінде М1  жөнінде айтамыз, себебі М2 мен  М3  жалдаптық дәлелге жатады.

   Ақша сұранысын талқылағанда 2 тұжырымға сүйенеді:

-          монетарлық;

-          кейнстік.

Классиктер ақша сұанысын мына теңдеу арқылы түсіндіреді:

MV = PY

M – айналымдағы ақша көлемі;

V – ақша айналымының жылдамдығы;

P – баға деңгейі;

Y - өнім шығару көлемі.

   Сандық теория тұрғысынан ақша сұранысы екі мотивке негізделді. 1- мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретінде қажет етеді.

Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:

-          тауар жиынының көлемі;

-          баға;

-          жиынтық табыс;

ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады. Бірақ басты фактор табыс болып саналады, сондықтан 

Бұл жерде Мtd-ақшаға трансакциялық сұраныс;

                   Y-жиынтық табыс

Сұраныстың екі мотиві сақтық мотиві бойынша сұрныс деген атқа ие болады. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл үшін оларда белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек:

Мtd-сақтық мотиві бойынша ақша сұранысы.

 

Бұл екі сұраныс пайыз мөлшерлемесіне тәуелсіз болғандықтан, 16- суретте ол тік сызық ретінде көрсетіледі.

   Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотиві- жалдаптық мотиві болып көрсетті. Бұл жағдайда ақша қорының дивиденд әкелмеген кезі қарастырылады. Жалдаптық сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату арқылы табыс әкеледі. Келесі формула жоғарыда айтылғандарды суреттейді:

 

7 сурет.- Ақша сұранысы а-трансакция, ә-жалдаптық, б-жалпы

 

  Классикалық және кейнсік тұжырым ақша сұранысында келесі факторларды бөліп шығарады:

-          табыс көлемі Y;

-          пайыз мөлшерлемесі i.

Md =f (Y/+, і)

      Классикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейнстік керісінше пайыз мөлшерлемесімен байланыстырады

   Инфляция факторын жою үшін ақшаға нақты сұраныс көрсеткішін пайдаланады (M/Р )d,ал сұраныс функциясында атаулы пайыз мөлшерлемесі пайдаланылады.

(M/Р )d =f(Y i)

                       +  -

19(б)-суретінде жалпы ақшаға сұраныстарды горизонталды қосу арқылы алынған. Ақшаға сұраныс Мd  i  осіне қыйып өтпейді,өйткені трансакциялық сұраныс жене ақшаға сұраныс мотиві бойынша пайыз мөлшерлемесінен байланыссыз,ол табыс деңгейімен анықталады.

Мұқтаждықты қанағаттандыратын ақша басқаға да пайдасын тигізеді. Адамдардың алыпсатарлық жасауы үшін бірқатар қаражаты болғанымен, олар кездейсоқ мұқтаждықтарға, яғни сақтауға жұмсалуы мүмкін. Жоғарыда айтылған үш дәлелдің әрқайсысы, егер басқа активтерге пайыз мөлшерлемесі артса, онда ақша сұранысы төмендейді.

   Сұрақтар:

  1. Ақша және оның қызметтері
  2. Ақшаның саңдық теориялары.
  3. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнсиандық теориялары

 

Әдебиеттер:

 

1.Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004

Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие.

4.Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003

5.Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004

6. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006

 

№8 лекция. Ақша нарығы

 

  1. Ақша мультипликаторы.
  2. Ақша саясатының құралдары.
  3. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM қисығы.

 

Орталық банктің ақша айналысын басқаруы

      Ұлттық банк- заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар ұлттық банктің эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма- қол емес балама алу түрінде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

   Ұлттық банк банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақтау, жою және қолма- қол ақшаны жинақтау тәртібін орнатады.

   Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың атаулы құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноттар мен тиындардың сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.

   Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасы Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.

   Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.

   Қазақстан Республикасында ақша банкноттарын өндіру және коммерциялық банктерге ақша жинақтауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма- қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттардың қалдығы шегінде қолма- қол ақша қалдығына шек қойылмайды.

   Эмиссия – мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма- қол түрінде де немесе қолма- қол ақшасыз түрінде де болуы мүмкін.

   Қолма- қол ақша түріндегі эмиссия- айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

Ақша басқа активтерге қарағанда аз пайыз түсіреді: доллар пайызының түсуі көп болған сайын жеке адам аз ақша ұстайды. Ақшаның пайыз мөлшерлемесі артқан сайын ақша сұранысы да артады, ал балама активтерге пайыз жоғары болған кезде ол азаяды. Іс жүзінде біз ақша құнын  ақшаға аламыз және де басқа активтерге, мысалы,сақтау мекемелеріндегі депозит немесе бірлестіктердің депозит куәлігі немесе комерциялық іс қағаздарға төленген пайыз арқылы да өлшеп аламыз. Ақшаның пайыз мөлшерлемесі – дербес пайыз мөлшерлемесіне жатады.

   Бұл тұстағы ақша құны басқа активтерден түскен табыс пен дербес пайыз мөлшерлемесі аралығындағы айырмашылыққа тең болады.

Орталық банк және ақша базасы

   Ақша базасы- Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма- қол, міндетті және артық резервтер жатады.

   Міндетті резервтер – бекітілген нормативке сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуға міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банктің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктер қолданатын резервтердің баламасы әдісі деп аталады).

   Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттағы қаражаттардың көлемін, яғни банктер өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

   Ол ақша – несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдар ақша базасының кеңею шегін көрсететін және ақша жиынының, ақша базасы арқылы есептелетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.

   Ақша ұсынысының азаюы пайыз мөлшерлемесінің мәнін көтереді, сондықтан инвестиция көлемі азайып, салыстырмалы қарағанда таза экспорт Хn кемиді. Өнім көлемі Y1 – ден Y2 ге азаяды.

8.1 сурет.

 

   Мемлекеттік шығындарыдың өсуі салық мөлшерін азайтады немесе ақша жиынының өсуі жиынтық сұранысты оңға қарай жылжытады. AD қисығының  бір тектес қозғалысы IS- LM қисықтарын мүлдем әр түрлі, ерекше қозғалыстарға келтіреді. Бұл қозғалыстар ынталандырушы ақша- несие және салық- бюджет саясатының шеңберінде болады.

 

Баға деңгейінің өзгеуіне байланысты ынталандырушы салық – бюджет саясаты

   Экономикалық бастау сәті (С) нүктесінде (8.2 сурет). Мемлекеттік шығындар (G) өссе немесе салық мөлшері (Т) төмендесе, онда IS қисығы оңға қарай, IS'  қисығына қозғалады, сондықтан жиынтық сұраныс AD1  жағдайында болады. AD қисығының оңға қарай қозғалысы сұраныс инфляциясын тудырады, ал баға деңгейі Р0 – ден Р1 – ге өседі.

   Бағаның өсінің әсерінен, нақты ақша ұсынысының салыстырмалы түрде қысқаруы салдарынан LM жағдайында солға қарай қозғалады А нүктесінде қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе- теңдік қалыптасады.

8.2 сурет.

 

   Сұраныс инфляциясы жағдайында экономикалық агенттер өздерінің іс- әрекеттерін реттейді: атаулы жалақы мөлшерлемесі өседі. Бұл жағдай бір өнімге кететін орташа шығын мөлшерін өсіреді және фирманың пайдасын азайтады. Бірте- бірте өнім көлемі азайып, AS қисығы солға қарай қозғалады. AS қисығының азаюы бағаның өсуіне алып келеді. (Р1 - ден Р2) немесе шығындар инфляциясы болады. Бағаның мұндай өсуі LM жағдайына қозғайды. Сонымен ақша ұсынысы салыстырмалы түрде азайғандықтан, пайыз мөлшерлемесі үнемі өседі. (R0- ден R2- ге дейін ). В нүктесінде ұзақ мерзімді макроэкономикалық тепе- теңдік қалыптасады. Бұл тепе- теңдік С  нүктесімен салыстырғанда жаңа жоғары баға деңгейінде және пайыз мөлшерлемесінде болады. Бұл жағдай экономика құрылымын мемлекеттік сектор жағын өзгереді. Өнім көлемі әлуетті өнім көлеміне тең.

 

Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы ақша- несие саясаты

   Экономиканың жұмысты бастау сәті В нүктесінде. Ақша жиынының өсуі LM жағдайында өзгереді, бұл жиынтық сұраныстың AD- ден AD' - ге өсуінен көрінеді. AD қисығының қозғалысы сұраныс инфляциясына алып келеді, ал баға Р0-ден Р1 – ге өседі. Мұндай құбылыс нақты ақша ұсынысын азайтып, азайтады және LM қисығы солға қарай LM жағдайына қозғалады. А нүктесінде қысқа мерзімдегі макроэкономикалық тепе- теңдік қалыптасады.

   Шығындар инфляциясы жиынтық ұсыныстың құлдырауына әкеледі. AS қисығы солға қарай AS,  деңгейіне қозғалады. Баға деңгейінің Р1 - ден Р2 ге өсуі LM жағдайына әкеледі, өйткені нақты ақша ұсынысы тұрақты түрде төмендеп отырады. В'  нүктесінде ұзақ мерзімді макроэкономикалық тепе- теңдік қалыптасады. Бұл тепе- теңдікте әлуетті өнім көлемі өндіріледі, пайыз мөлшерлемесі, алғашқы R0  деңгейінде, ал баға Р0- ден Р1  ге өскендегі деңгейінде.Ұзақ мерзімде ақша жиынының өсуі, нақты айнымалы шамалардың тұрақты болған кезінде, тек қана бағаны өсіретіндігі анық.Бұл құбылыс экономикада ақшаның бейтараптылығы деп аталып кетті.

8.3 сурет.

 

      Қысқа мерзімді кезеңде ақша ұсынысының күрт, бір рет өсуі нақты және атаулы пайыз мөлшерлемесін азайтады. Ұзақ мерзім кезеңінде екі пайыз мөлшерлемесі де тұрақты болады.

   Егер ұзақ мерзімді кезеңде ақша жиыны өсетін болса, онда атаулы пайыз мөлшерлемесі өседі, ол күтілген инфляция деңгейінің өсуі себебінен болады. Ақша- несие саясаттары әрекеттерінің нәтижесінде болатын қысқа мерзімді атаулы пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі жоғарыдағы аталған мәселелерді жоққа шығара алмайды.

   Фишер теңдеуі бойынша, ақша жиынының күтілген өсу қарқыны, нақты пайыз мөлшерлемесіне елеулі әсерін тигізбейді.

   Қазыналық және монетарлық экспансия өнім көлемі және жұмысбастылықтың өсуіне уақытша ғана әсер ете алады, бірақ экономикалық әлуеттің өсуіне себепші бола алмайды. Ұзақ мерзімді кезеңде экономиканың өсуін қамтасыз ету мақсаты жиынтық сұранысты реттеу саясаты арқылы шешілмейді. Экономиканың өсуін ынталандыру жиынтық ұсыныс саясатымен түсіндіріледі.

 

Сұрақтар:

  1. Ақша мультипликаторлары
  2. Ақша-несие саясаттарының мәні, құрылымы
  3. Ақша нарығындағы тепе-теңдік

 

Әдебиеттер:

 

1.Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004

Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие.

4.Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003

5.Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004

6. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006

 

 

№9 лекция. IS – LM үлгісі

 

  1. Тауарлар ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік.
  2. IS және LM  моделдерінде фискалды және  монетарлық саясаттардың тиімділігі.

 

1) АД – АS және Кейнс кресті модельдерінде нарықтық пайыз мөлшерлемесі сыртқы (эгзогенді) айнымалы болып табылады және ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесі тауар нарығының тепе – теңдігінен тыс қатысты түрде дербес орнатылады.

  IS – LM моделдерінің көмегімен экономиканы талдаудың негізгі мақсаты – ол тауар және  ақша нарығын  бір тұтас жүйеге біріктіру болып табылады.Нәтижесінде нарықтық пайыз мөлшерлемесі ішкі (эндогенді) айнымалыға айналады және тепе – теңдік шамасы экономикалық процестердің динамикасын көрсетеді.

Бұл бөлімнің міндеті, осы нарықтардың құрылымын тура нықтаудан тұрады, бұл жердегі маңызды мәселе олардың арасындағы өзара байланысын табу. AD-AS үлгісін қарастырғанда бұл өзара байланыс болжанған, өйткені тауар мен қызмет көрсету бағаларының өзгеруі тікелей ақша сұранысына әсер етеді. Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменің ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етеді.  IS-LM үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс «кресі») 1937 жылы ұсынған. А.Хансеннің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды, содан кейін ол Хикс-Хансен үлгісі деп аталып кетті. IS-LM үлгісі  (инвестиция- қор жинағы, ұнамды өтімділік- ақша)- жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдік қалыптасу үшін, қажетті табыс көлемі Y пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R- дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді. Сондықтан да,  IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің  нақтыланған  түрі болып табылады.

  Инвестициялар пайыз мөлшерлемесінің теріс функциясы, ал тұтыну-нақты табыстың оң функциясы екенін білеміз, демек жиынтық сұраныс теңдеуі төмендегіндей:

AD=C(Y)+I(R)

Ал ұсыныс, Кейнстің айтуынша, мынадай болады.

AS=C(Y)+S(Y)

  Тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайы келесі теңдікті орындағанда ғана орын алады.

I(R) =S(Y)

 Берілген теңдеуді Дж. Кейнс анықтаған, ол тауар нарығындағы классикалық тепе-теңдік жағдайы үлгісінен басқаша.

I(R) =S(R)

  Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы  тепе-теңдікті көрсетеді. Бұл теңдеулердің айврмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде.

IS-LM үлгісінің  негізгі теңдеулері:

1)       Y=C+I+G+Xn  - негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік.

2)       C=a+b (Y-T) – тұтыну функциясы.

3)       I = e-d∙R – инвестиция функциясы.

4)       Xn=g-m'∙ Y-n∙R – таза экспорт функциясы.

5)       M/P=k*Y-h∙R – ақшаға сұраныс функциясы.

 

Үлгінің ішкі айнымалылары:

Y(табыс), С(тұтыну), I(инвестиция), Xn(таза экспорт), R (пайыздық мөлшерлеме).

   Үлгінің сыртқы айнымалылары:

G(мемлекеттік шығындар), Ms (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).

   Эмпирикалық коэффициенттер:

(a,b,e,d,g ,m' ,n,k,h  ) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.

   Қысқа мерзім кезеңінде экономика ресурстарының толық қамтылмаған жағдайында болады. (Y= Y*), баға деңгейі Р тұрақты (анықталған), ал пайыз мөлшерлемесі R  және жиынтық табыс Y өзгермелі.  Р=const  тұрақты, өйткені барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндері сәйкес келеді.

   Ұзақ мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады.

   (Y= Y*). Баға деңгейі Р өзгермелі. Бұл жағдайда айнымалы Ms (ақша ұсынысы), атаулы шама болады, ал үлгідегі басқа айнымалылар – нақты шама болады.

  2) IS және LM қисықтарын шығару және IS – LM моделдеріндегі тепе – теңдік

 IS қисығы тауар нарығындағы тепе- теңдікті көрсетеді.

   IS қисығы басқа факторлар тұрақты болған кездегі (G. T) пайыз мөлшерлемесі (R) мен жиынтық табыс (Y) арасындағы байланысты көрсетеді.IS қиысығының қарапайым түрі инвестициялар мен қор жинағы функциялармен тығыз байланысты. IS қисығының бойындағы кез келген нүктеде қор жинағы мен инвестицияның тең екендігі көрінеді.

   9(а) – суретте қор жинағы функциясы бейнеленген. Табыстың (өнім көлемінің ) Y1 ден Y2 – ге өсуіне байланысты қор жинағы S1- ден  S2- ге өседі.

 

 

9 сурет.

 

 9 (ә) – суретте инвестиция функциясы бейнеленген, қор жинағының өсуі пайыз мөлшерлемесінің R1- ден  R2 –ге азайтады, ал инвестиция  I1- ден  I2- ге өседі. Бұл жағдайда  I1 = S1, ал I2 = S2 болады.

9 (б)- суретте IS қиысығы бейнеленген, пайыз мөлшерлемесі төмен болған сайын, табыс деңгейі (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым жоғары болады. Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым төмен болады. Жоғарыда тұрақты деп болжалған басқа факторлар IS қисығын не жоғары немесе төмен қозғалтады. Мысалы, егер, кез келген пайыз мөлшерлемесінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда ол жиынтық сұраныстың өсуіне алып келеді. Мұндай жағдай IS қисығын оңға қарай өсіреді. Керісінше берілген пайыз мөлшерлемесінде салық мөлшері мен қолда бар табыстың төмендеуін күту жиынтық сұранысты төмендетеді, IS қисығы солға қарай қозғалады.

 

9.1 сурет.

 

   Жоғарыда айтылған тұжырымды Кейнс кресінің үлгісін пайдаланып көрсетуге болады.

 

 

IS қисығын алгебралық жолмен шешу

   (2),(3),(4) теңдеулерді негізгі макроэкономикалық тепе- теңдікке қою арқылы IS қисығын алуға болады. IS қисығының теңдеуін R және Y арқылы өрнектеуге болады.

   R арқылы өрнектелген (салыстырмалы- қатыстылық)  IS қисығының теңдеуі төмендегідей:

 

      а+е+g         1-b(1-t)+m'             1               b

R=────── - ──────   ∙ Y+ ───  ∙ G - ──  ∙ Ta

       d+n                d+n                   d+n           d+n 

 

Мұндағы: Т= Ta + t * Y

Y  арқылы өрнектелген IS қисығының теңдеуі төмендегідей:

      a+e+g                        1                            b                           d+n      

Y=───────     + ──────  ∙ G - ───────── ∙ Ta - ────────  ∙ R

     1-b(1-t)+m'        1-b(1-t)+m'             1-b(1-t)+m'               1-b(1-t)+m'

 

 1-b(1-t)+m'              

──────     

     d+n      коэффициенті Y өсімен қатысты IS қисығының бұрыштық көлбеуін бейнелейді. Бұл коэффициент монетарлық және қазыналық саясаттардың тиімділігін көрсететін параметр.

 

 

9.2 сурет.- «Кейнс кресі» арқылы IS қисығын сызу

 

   Төмендегі шарттар орындалғанда IS қисығы жатық болады:

1)       Таза экспорт (n) және инвестицияның сезімталдығы (d) пайыз мөлшерлемесінің динамикасынан жоғары болғанда.

2)       Тұтынудың шекті бейімділігі (b) жоғары болғанда.

3)       Салық салудың шекті мөлшерлемесі (t) үлкен емес.

4)       Импорттаудың шекті бейімділігі (m') үлкен емес, жағдайда.

Мемлекеттік шығындар G- дің жоғарылауы және салықтың төмендігіне байланысты IS қисығы оңға қарай жылжиды. Салық мөлшерлемесі (t) өзгеруіне байланысты бұрыштық көлбеу өзгереді. Ұзақ мерзімді кезеңде IS қисығының бұрыштық көлбеуі өзгеруі мүмкін, ол өзгеріс табысы саясатының салдарынан болады, өйткені табысы жоғары отбасылары үшін тұтынудың шекті ыңғайы  табысы төмен отбасыларымен салыстырғанда төмен болады. Ал басқа факторларға (d, n, m') . Макроэкономикалық саясатқа әсерін тигізбейді.

LM қисығы

   LM қисығы ақша нарығында тепе- теңдікті көрсетеді.

    LM қисығының графигі- ақша ұсынысының (Ms) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе- теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетеді.

 

   

9.3 сурет.

 

LM қисығын алгебралық жолмен шешу

   LM қисығының теңдеуін жоғарыда көрсетілген 5 формуланың көмегімен алуға болады.LM қисығының теңдеуін R және  Y арқылы шешуді төмендегідей өрнектеуге болады.

       k                I          M

R=──  ∙Y -    ──   ∙   ──   (R арқылы)

       h               h           P

       1         M           h       

Y=──  ∙   ──   +  ── R (Y арқылы)

      k           P           k

  k           

 ──  коэфициенті   LM қисығының бұрыштық көлбеуін белгілейді.

  h              

   Төмендегі шарттар орындалғанда LM қисығы жатық болады егер:

1)       ақшаға сұраныстың сезімталдығы, нарықтық пайыз мөлшерінің өзгерісінен (h) жоғары болса;

2)       ақшаға сұраныстың сезімталдығы (ЖҰӨ) өзгерісіне (к) төмен болса.

Баға деңгейінің төмендеуі (Р) және ақша ұынысының өсуі (Ms) LM қисықтарының қиылысында болады.

   Тепе- теңдік өнім көлемін алгебралық тәсілмен шешу үшін,  IS теңдеуінен R- дің мәнін LM теңдеуіне қойып, теңдеуді Y арқылы шешу керек.

 

 

          a+e+g+G-b∙ Ta                   d+n                           M

Y= h   +     ∙ 

          k(d+n)+h[1-b+m']       k(d+n)+h[1-b+m']             P

Мұндағы Т= Ta+ t* Y .

 

Салық – бюджет экспансиясы

   Мемлекеттік шығындардың өсуі және салық мөлшерінің төмендеуі ығыстыру әсеріне алып келеді, бұл жағдай ынталандырылған қазыналық саясаттың нәтижесін едәуір төмендетеді.

9.4-сурет.

 

   Егер мемлекеттік шығындар G  өссе, онда жиынтық шығындар және табыс өседі, осының салдарынан тұтыну шығындары С өседі. Тұтынудың өсуінің салдарынан табыс (Y) және жиынтық шығындар өседі. Бұл жерде мультипликатор әсері де байқалады.  Табыстың өсуі ақшаға деген сұранысты өсіреді, өйткені экономикада көптеген келісім шарттар жүргізіледі. Егер ұсыныс тұрақты болса, ақшаға сұраныстың өсуі пайыз мөлшерлемесін өсіреді. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі инвестиция деңгейін және таза экспортты (Хn) төмендетеді. Кей жағдайда таза экспорттың төмендеуі, импорттың өсуіне байланысты жиынтық табыстың өсуінен де болады. Қорыта айтқанда, ынталандырылған қазыналық саясаттың нәтижесінде, бір жағынан жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екіншіден ығыстыру әсерінің салдарынан өнім көлемі төмендейді.(20- сурет).

   Егер таза экспорт пен инвестицияның ығысуы болмаса, онда мемлекеттік шығындардың төмендеуі салдарынан Y- тің өсуі (Y0 Y2) мәніне тең болатын еді. Бірақ ығыстыру әсерінің салдарынан Y- тің өсуі (Y0 Y) мәніне тең.

 

 

 

Ақша- несие экспансиясы

   Ақша ұсынысының өсуі ығыстыру әсерінің қысқа мерзім кезеңіндегі экономиканың өсуін қамтамасыз етеді, біраз таза экспорттың өзгерісіне қарама- қайшы әсерін тигізеді.

   Ақша жиынының өсуі Ms  пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне алып келеді, өйткені несиеге берілетін ресурс ұлғаяды, ал несие бағасы төмендейді. Бұл жағдай инвестицияның өсуіне әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, жиынтық шығындар және табыс өседі, демек тұтыну да өседі. Таза экспорт өзгерісі бір – біріне қарама- қарсы екі фактордың әсерінде болады:

-          Таза экспорттың төмендеуіне алып келетін жиынтық табыстың өсуі.

-          Пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне алып келетін жиынтық табыстың өсуі.

-          Хn  мәні шамасының өзгеруі және өзгерістеріне және коэффициенті мен импорттарудың шекті бейімділігінің мәніне тәуелді.

Ақша- несие және салық- бюджет саясаттардың салыстырмалы тиімділігі төменгі шарттарға тәуелді:

А) нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына таза экспорт пен инвестиция функциясы сезімталдығының әсер ету дәрежесі.(n және d) коэффициенттері.

ә) нарықтық пайыз мөлшерлемесінің  динамикасына ақшаға сұраныс сезімталдығының әсер ету дәрежесі.

   Ынталандырылған қазыналық саясаттың салыстырмалы тиімділігі ығыстыру әсері арқылы анықталады.

   Басқа факторлар тұрақты болған кезде, егер ығыстыру әсер өнімінің өсу әсерінен кіші болса, онда қазыналық саясат тиімді деп аталады.

9.5 сурет.

 

 Ығыстыру әсері екі жағдайда салыстырмалы түрде елеусіз болады:

1)       Егер ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өсуіне таза экспорт пен инвестиция аз сезімталдық көрсетсе, онда сезімтал коэффициенттері салыстырмалы қарағанда аз мәнді болады.

Бұл жағдайда (R) – дің болымсыз өсуі, Хn мен (I) ның  әлсіз ығыстыруына алып келеді, сондықтан (Y) – тің жалпы өсімшесі елеулі болады.

2)       Егер пайыз мөлшерінің көтерілуін және (R) – дің болымсыз өсуінен ақшаға сұраныстың сезімталдығы жоғары болса, онда ол ақша нарығында тепе- теңдік болады. (R) мәнінің өсуі болымсыз болғандықтан, ығыстыру әсері де салыстырмалы түрде қарағанда аз болады.

9.6- сурет графигіне бейнеленген LM  қисығы жатық болады. Бұл жағдайда қисығы көлбеуінің маңызы аз.

9.6-сурет.

 

   Салыстырмалы тік IS  қыйсығы және жатық LM қыйсықтарының тіркемесінде ынталандырылған қазыналық саясат тиімді.

   Егер төмендегі жоғдайлар орындалса, онда ығыстыру әсері айтарлықтай маңызды болады:

1)       егер пайыз мөлшерлемесінің динамикасы немесе d және n коэфиценттерінің мәні өте жоғары болса, онда инвестиция және таза экспорт жоғары сезімталды болады:

9.7-сурет.

 

Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің (R) болымсыз өсуі Хn мен I – дің көп мөлшерде төмендеуіне алып келеді, сондықтан (Y)- дің жалпы өсімшесі аз болады. Бұл 9.8 сурет графигінде бейнеленген.

 

        

9.8-сурет

 

2)       Пайыз мөлшерлемесі R динамикасына қарағанда, ақшаға сұраныс аз сезімталдық көрсетеді. Ақша нарығы тепе- теңдікте болу үшін, R едәуір өсуі қажет. Бұл жағдай өте үлкен ығыстыру әсеріне алып келеді (ығыстыру әсері n мен d  коэффициенттері аз шамасында болады).

Ынталандырылған монетарлы саясаттың салыстырмалы тиімділігі төмендегіше анықталады:

-          ақша жиынының өсуі нәтижесінде ынталандырушы әсердің мәні арқылы және таза экспорт пен инвестицияның динамикасының өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін көрсетеді. Мұндай ынталандырушы әсер ығыстыру әсеріне қарама- қарсы.

Егер R динамакасына ақшаға деген сұраныс аз сезімталды болса, онда жағдай  9.8 суреттегі графикте көрсетілген.

Бұл жерде ақша жиынының өсуі, пайыз мөлшерлемесінің өте көп төмендеуі арқылы болады, сондықтан d мен n коэффициенттерінің болымсыз мәнінде I және Хn – ді күрт өсіреді. IS қисығының көлбеуінің маңызы бұл жағдайда екінші орында болады.

   Салыстырмалы тікше LM қисығы мен жатық IS қисықтарының тіркемесінде ынталандырылған ақша- несие саясаты өте тиімді болады.

9.9-сурет.

 

   Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі де елеулі және d және  n коэффициенттері де маңызды болады. Сондықтан Y өсімшесі (Y0 Y1) – ге тең және салыстырмалы түрде қарағанда үлкен.

   Егер пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға сұраныс жоғары сезімталдық білдірсе, сонымен қатар пайыз мөлшерлемесінің динамикасына таза экспорт пен инвестицияның сезімталдығы төмен болса, ынталандырушы ақша- несие саясаты салыстырмалы түрде тиімсіз болады.

 

                           9.10-сурет.                                      9.11 сурет.

 

    Жатық LM қисығы нені білдіреді? Ақша жиынының өсуінің нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің сәл ғана төмендеуінде ақша нарығы тепе- теңдікте болады. R динамикасына егер I және Хn өте сезімтал болады да, пайыз мөлшерлемесінің мұндай әлсіз төмендеуі, инвестиция мен таза экспортты өте көп өсіре алмайды. Сонымен жалпы өнім көлемінің өсімшесі өте аз шама (26- суретті қара).

   Тікше орналасқан  IS  қисығы нені көрсетеді? Пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуінде, таза экспорт пен инвестиция әлсіз ғана өседі, өйткені d және  n коэффициенттері аз шама, сондықтан пайыз мөлшерлемесінің төмендеп, ақша ұсынысының өте жоғары өсуінде де өнімнің өсімшесі өте көп өспейді.(9.12 суретті қара)

 

 

9.12 сурет.

 

Жиынтық сұраныс теңдеуін төмендегіше өрнектеуге болады.

Y=α-βG-φTa+ θМ/Рθ   α,β,φ, θ-коэфиценттер

   Баға деңгейінің Р1 – ден Р2- ге төмендеуі ақша ұсынысының нақты мәнін төмендетеді, ал графикте LM қисығының солға жылжуымен бейнеленген.

 

Сұрақтар:

1.        АD-AS және IS-LM үлгілері арасындағы байланыс.

2.        Жиынтық сұраныс қисығын шығару әдісі

             3.«Кейнс кресі» арқылы IS қисығын сызу

 

Әдебиеттер:

 

1.Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004

Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие.

4.Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003

5.Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004

6. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006

 

№10 лекция. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары. Инфляция.

 

  1. Экономикалық цикл және негізгі макроэкномикалық көрсеткіштер динамикасы.
  2. Инфляция және ұсыныс тітіркенімдері. Инфляцияның түрлері.

 

1)Экономикалық цикл – бұл жұмыспен қамту, өндіріс пен инфляция деңгейінің периодты тербелісі.Циклді тербелістің себептері: автономды инвестициялардың периодты тозуы, мультипликация эффектісінің әлсіреуі, ақша  көлемінің тербелісі, негізгі капитал игіліктерінің жаңаруы және т.с.с

Макроэкономикада экономикалық циклдің ортақ теориясы жоқ және әртүрлі бағыттағы экономистер циклді тербелістердің себептерін өздігінше түсіндіреді. Мысалы:маусымдық тербелістер,соғыстың болуы,табиғи апаттар, және т.б.

Экономикалық циклдің негізгі фазалары ол:

1)құлдырау

2)Тоқырау (рецессия)

3)Жандану немесе өсу

4)Өрлеу(шың, пик)

ҚР – да 2000 ж. ЖІӨ 9,6 % өсті, 2001 ж. 13% өсті, 2002-2007 ж.ж ЖІӨ шама- мен жыл сайын 10% өсіп отырды .

 

Подпись: Экономикалық белсенділіктің деңгейі (өндіріс және жұмыспен қамту)

10 сурет.- Экономикалық цикл.

 

 

Нақты ЖІӨ номиналды ауытқуы – бұл тербеліс ЖІӨ дефляторы арқылы реттеледі.

ЖІӨ дефляторы = У-У*

                                  У*

Мұндағы У – нақты өндіріс көлемі,

У* -  потенциалды  (әлеуетті) өндіріс көлемі.

 Потенциалды ЖІӨ - бұл ресурстардың толық қамтылуы кезіндегі өндіріс көлемі.

3)Инфляция – бұл жалпы (орташа) баға деңгейінің тұрақты өсу тенденциясы немесе ақшаның құнсыздануы.Дефляция – бұл  жалпы баға деңгейінің тұрақты кему тенденциясы.Дезинфляция – бұл инфляция деңгейін кеміту.

    Жай – 10%

    Үдемелі – 50-60 %

    Гиперинфляция(ұшқыр) – 200%

Инфляция деңгейі бұл орташа немесе жалпы баға деңгейінің қатысты өзгерісі

 

π= Р-Р1                      Р – ағымдағы жылғы орташа баға деңгейі                       

         Р-1                Р-1 - өткен жылдағы орташа баға деңгейі

Орташа баға деңгейі баға индексі арқылы есептеледі.Көбіне инфляция деңгейін есептеуде тұтыну бағалары индексін ТБИ немесе CPI қалады.

 

Сұрақтар:

  1. Экономикалық циклдардың мәні
  2. Инфляцияның себептері және түрлері

 

 

 

Әдебиеттер:

 

1.Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004

Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие.

4.Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003

5.Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004

6. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006

 

№11 лекция. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары. Инфляция.

 

  1. Жұмыссыздық нысандары. Оукен заңы.
  2. Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру.

 

2)Жұмыссыздықтың негізгі түрлері, ол:

1.Фрикционды

2.Құрылымдық

3.Циклдық

1.Фрикционды жұмыссыздық - ол адамдардың бір жұмыс орнынан басқа жұмыс орнына ауысқанда немесе жұмысты іздеу мен күтуге байланысты жұмыссыздық. Бұл негізінен белгілі бір  уақытты  қажет ететін біліміне және біліктілігіне сай жұмыс орнын іздейтін адамдар арасында болатын жұмыссыздық .

2. Құрылымдық  жұмыссыздыққа жұмыс күшіне сұраныс құрылымын өзгертетін өндірістегі техникалық өзгерістермен байланысты жұмыссыздық. Бұл жұмыссыздық мамандығы  ескірген немесе ҒТП нәтижесінде экономикалық қажетілігі жоқ адамдар арасында болады.

3.Циклді жұмыссыздық , бұл нақты жұмыссыздық  деңгейінің табиғи деңгейінен ауытқуды  көрсетеді, яғни циклді құлдырау кезінде жұмыссыздық өседі де, ал циклдік өсу  кезінде жұмыссыздық азаяды.

  Жұмыссыздар – бұл жұмыспен қамтылмай қалған экономикалық белсенді халықтың бір  бөлігі және  жұмысты белсенді түрде іздейтін және жұмысқа тез арада кірісуге дайын адамдарды айтамыз.

Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті  белсенді халық жасы Қазақстанда ер адамдарға 16 – 63 жас , әйел адамдарға 16-58 жас аралығы.

  Жұмысы бар сонымен қатар толық емес жұмыс күнін атқаратын адамдар жұмыспен қамтылғандарға жатады.Жұмыс іздеп түңілген адамдар  жұмыс күшіне алдағы уақытта  жатпайды.

Жұмыспен қамтылғандар + жұмыссыздар жиынтығы жұмыс күшін береді.Жұмысы жоқ және оны белсенді түрде іздемейтін адамдарды жұмыс күші құрамынан шыққандар болып есептеледі.

    Жұмыссыздық деңгейі (%)=жұмыссыздар саны ∙ 100

                                                        Жұмыс күші

    Ресми жұмыссыздық деңгейі (%) =Ресми тіркелген жұмыссыздар саны

                                                                 экономикалық белсенді халық саны

 

  Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (NAIRU)-ол жұмыссыздың тұрақты деңгейі инфляцияны тұрақтандырады деген тұжырымға көңіл  бөледі.Ол жұмыссыздың нақты орташа деңгейінің өткен 10 жылдағы көрсеткішінің кейінгі 10 жыл көрсеткіштерінің орташа нәтижесі арқылы анықталады.Табиғи жұмыссыздық деңгейін келесі себептермен байланыстырады:

1)жұмыссыздық бойынша қамсыздандыру жүйесі(пособия) жағдайында жұмысты іздеу уақытысының өсуі;

2)жалақының тұрақтылығы “күту жұмыссыздығын” туғызады. “Күту жұмыссыздығы ” – нақты жалақы деңгейінің оның тепе – теңдік мәнінен асуы кезінде пайда болады.

 

 

Нақты жалақы                         Жалақының тұрақтылығы                                     

                                                           жұмыс орындарының

W                                                     жеткіліксіздігін әкеледі . Ол

P                                                       мыналарға байланысты:

                                                          1)заңда бекітілген жалақының

                                                         ең төмен мөлшері;

    Ls                     Ld                                      

                                                      

                                                     

11 сурет.

 

   2)жеке еңбек шарттары мен ұжымдық келісімдердегі   жалақы деңгейінің бекітілуі;

3) Фирманың жақсы маман жұмысшысынан    айырылмас үшін  фирманың жалақыны  төмендетпеуі

  Артур Оукен жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ-ң арасындағы байланысты көрсеткен.

   Оукен заңы – ол егер жұмыссыздың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1 %  асса, онда өндірістің нақты көлемі (ЖІӨ)  потенциалдыдан В% (2,5%) төмен болады (2-3 арасы)

У-Ух = -В(u-ux)  немесе У-У1=+3%-2%(u-u-1)                

   Ух                                                       У-1

У- ағымдағы нақты өндіріс көлемі

У*-потенциалды ЖІӨ

u-ағымдағы жалақы нақты жұмыссыздық деңгейі

u*-табиғи жұмыссыздық деңгейі

У-1-өткен жылғы нақты өндіріс көлемі

u-1-өткен жылғы нақты жұмыссыздық деңгейі

В-циклдік жұмыссыздық динамикасына эмпирикалық коэффициенті

 

Сұрақтар:

  1. Жұмыссыздық нысандары. Оукен заңы.
  2. Инфляцияның мен жұмыссыздықтың өзара байланысы
  3. Бюджет тапшылығының қаржыландыру. Лаффер қисығы

 

Әдебиеттер:

 

1.Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004

Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие.

4.Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003

5.Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004

6. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006.

 

12 лекция. Ашық экономика.

 

  1. Төлем балансы.
  2. Валюталық бағамы.
  3. Ашық экономика үшін IS-LM үлгісі.

 

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дж.Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

Сыртқы сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

Фритретерство саясатынын ең алғаш А. Смит өзінің «Абсолютті артықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы, әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады», - деп жазған.Оның еңбңгін Д.Рикардо жалғастырды.Ол өзінің «Салыстырмалы артықшылықтар» теориясында елдер арсында сауда сауда абсолютті артықшылықтар болмаса да тиімді болатынын көрсеткен. «Салыстырмалы артықшылықтар» теориясы бойынша елдер басқа елдерге қарағанда ,белгілі-бір өнімді тиімді әрі аз шығынмен өндіре алады және сол тауарды сыртқа шығарады ,-деп көрсеткен.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.

Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етеді:

1. халықаралык еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;

2. экономикада жана салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;

3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

4. тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жиылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;

7. сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т.б.

Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкіге біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.

Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1  тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегінде Алмадияның экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.

Сөйтіп 90 жылдары Батыс Еурода халықаралық сауданың орталығына айналды. 80 жылдары халықаралық сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезең өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапопияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлардан тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда тепе-теңдігі жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар т.б факторлар ескеріледі.

Женевада өткен дүниежүзілік экономикалык форумның баяндамасында бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болды. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Қытай, Жапония болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндікгері мол.

Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары, өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен «жаңа индустриялды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының соның ішінде машиналар мен жабдықтар үлесі артты. Женевадаға дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1894 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді.

 

12.1 кесте.

 

Мемлекеттер

Экспорт

млрд. долл.

Дүниежүзілік саудадағы үлесі – %

1. АҚШ

512

12,3

2. Алмания

421

10,1

3. Жапония

397

9,5

4. Франция

236

5,7

5. Ұлыбритания

205

4,9

5. Италия

189

4,5

7. Канада

165

4,0

5. Гонконг

152

3,7

9. Голландия

148

3,6

10. Бельгия (Люксембург)

131

3,1

11. Қытай

121

2,9

12. Сингапур

96

2,3

13. Оңтүстік Корея

96

2,3

14. Тайвань

93

2,2

15. Испания

73

1,7

 

XX ғасырдың соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының рөлі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.

Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің теңдігі олардың өзара сауда қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.

Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік» АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр.

Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қоғамдық жалпылама сұранысына көңіл шоғырландырған зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды. Классикалық модельдерде шектелген нақты тауарлар шеңберіндегі ұсыныс пен сұраныс қарастырылған. Стандартты модель оны жиынтық ұсыныс пен сұранысқа дейін кеңейтті. Жеңіл түсіну үшін бұрынғыдай екі ел (I мен II) және екі-ақ тауар (I мен II) бар деп алынған. Салыстырмалы артықшылықтар моделінде тұрақты орнын басу шығындары шарттарындағы жағдайды қарастырды. Графикте өндірістік мүмкіндіктер шекаралары түзу сызық болып, 2-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 1-і тауардың тұрақты мөлшерінен бас тарту қажет екенін көрсеткен. Бұл жағдай елдің өзінің салыстырмалы артықшылыққа ие тауарға маманданып, салыстырмалы артықшылық басқа елде болған тауар өндірісінен бас тартуын білдіреді. Көріп отырғанымыздай, бұл экстремалды жағдай стандартты модель үшін жекелеген жағдай ғана болып табылады. Стандартты модель орнын басу шығындары мен жалпы экономикалық теориядан белгілі бар экономикалық жағдайларға сәйкес келетін заңдылықтар өсуінің алғышарттарына негізделген.

Орнын басу шығындарының өсуі 2-і тауардың әрбір қосымша бірлігін өндіру үшін 1 тауардың тұрақты емес, қосымша мөлшерінен бас тарту керектігін білдіреді.

Елдер бір-бірімен саудаға түскенге дейін баланс шекті трансформация деңгейі (ұсыныс) мен шекті орнын басу деңгейінің (сұраныс) өзара әрекеті жолымен қалыптасады (12.1-сурет).

12.1 сурет.- Сауда жоқ жағдайындағы баланс

 

1-і елдің өндірістік мүмкіндер қисығы орнын басу шекті деңгейінің І-і қисығы елдің максималды қажеттіктері өтелетін А нүктесінде жанасады. Ел өзі өндіретін 1-і және 2-і тауардың максималды мөлшерін тұтынады. 2-і елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орнын басу шекті деңгейі І-і қисығы осы елдің 1-і және 2-і тауардың максималды мөлшерін тұтынуды көрсететін А1 нүктесінде жанасады. 1-і елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, ол 2-і тауардың 1/4 бөлігін құрайды. Ал 2-і елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А' нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, 2-і тауардың 4 бөлігін құрайды. Р/А<Р/А' болғандықтан, 1-і ел 1-і, тауар, ал 2-і ел 2-і тауар бойынша салыстырмалы басымдылыққа ие болады. 1-і мен 2-і елдің максималды өндіріс көлемі А және А1 нүктелерінде жетеді.

35-суретте өндірістік мүмкіндіктер қисығы көрсеткендей, 1-і ел салыстырмалы артықшылыққа ие тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 2-і тауардың көп мөлшерін беру қажеттігін білдіреді. Ал 2-і елдің өндірістік мүмкіндіктер графигі өзі салыстырмалы артықшылыққа ие 2-і тауардың қосымша бірлігін ендіру үшін. 1-і тауардың көп мөлшерін беру қажеттігін білдіреді.

Трансформацияның шекті деңгейі – 1-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 2-і тауар өндірісінен бас тарту қажетті даналар саны.

Графикте бұл экономикалық теория пайдаланатын өндірістік мүмкіндіктер қисығы, бірақ бір тауардың екінші тауардың орнын басу шығындарынын өсуін көрсетеді.

Елге 1-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін барған сайын 2-і тауардың көп мөлшерінен бас тартуы қажет. Сондықтан график шығындар тұрақты деп алынған салыстырмалы артықшылықтар теориясындағыдай түзу емес, қисық сызық болды. Ол тауардың ішкі ұсынысының көлемін көрсетеді.

Орнын басу шекті деңгейі – қалыптасқан тұтыну деңгейін сақтауды қамтамасыз етіп, 1-і тауардың қосымша данасын алу үшін 2-і тауардың өндіруден бас тартатын даналарының мөлшері.

График жүзінде бұл жекелеген талғамсыздық қисықтарының ел ауқымында көрсетіліп, (тұтынушынын бірдей әл-ауқат деңгейін), осы екі тауар бар арақатынасының тұтыну барысында қамтамасыздығын көрсетеді. Ол тұтынушының әл-ауқаты төмендемей сол деңгейде қалып, одан алынып жатқан тауарды орын басатын тауардың қандай мөлшері керектігін көрсетеді. Орын басудың шекті деңгейі рыноктағы бар сұранысы сипаттайды. Стандартты модель төмендегідей белгілермен сипатталады:

• әр түрлі тауарлардың шығарылу арақатынасын көрсететін өндірістік мүмкіндіктер қисығы әр түрлі елдерде өзгеше болып, оларды бір-бірімен сауда жасауға итермелейді.

• егер қисықтар сәйкес келіп, басқаша айтқанда тауар шығарылу арақатынасы екі елде бірдей болса, онда сауда өте жақын елдерде сәйкес келмейтін тұтынушылардың талғауындағы ерекшеліктеріне негізделеді;

• ұсыныс трансформацияның шекті деңгей қисығымен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейінің қисығымен анықталады;

• халықаралық сауда пайдаланатын тепе-теңдік баға салыстырмалы әлемдік сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.

Елдер өзара сауда қатынастарға түскенге дейін, баланс трансформациясының шекті деңгейі (ұсыныс) мен орын басудың шекті деңгейі (сұраныс) өзара әсер жолымен анықталады (12.2-сурет) 1-і елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орын басудың шекті деңгейінің І-і қисығы елдің максималды қажеттіктері өтелетін А нүктесінде жанасып, ел өзі өндіретін 1-і және 2-і тауардың максималды тұтыну мөлшерін көрсетеді. Екінші елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орын басудың шекті деңгейінің І-і қисығы А1 нүктесінде жанасып, осы елдің 1-і және 2-і тауардың тұтыну мүмкіндігінің максималды мөлшерін көрсетеді. Айта кететін жағдай, талғаусыздық қисықтары бір-бірімен қиылыспайды, ал елдер сауда жоқ жағдайда жоғары талғаусыздық қисығына жете алмайды, сондықтан бұл елдерде қажеттіліктерді максималды қанағаттандырудың тек бір нүктесі бар.

12.2 сурет.-Сауда жағдайындағы баланс

 

Өндірістік мүмкіндіктер қисығы мен орын басудың шекті деңгейінің қисығының әр елдегі конфигурациясы әр түрлі болғандықтан, 1-і және 2-і тауардың А және А1 нүктелерінде салыстырмалы бағалардың да өзгешеленетіні айқын. 1-і елдегі 1-і тауардың А нүктесінен өтетін түзу сызық арқылы тепе-тең салыстырмалы бағасы көрсетіліп, 2-і тауардың 1/4 бөлігін құрайды.

Рa = P1/P2 = 1/4

Сауда басталысымен 1-і ел 1-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан соған маманданып, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 2-і тауар өндірісін қысқартады. Сондықтан өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесі сызық бағыты бойынша жылжиды. 2-і ел 2-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 1-і тауар өндірісін қысқартады. Оның өндірістік мүмкіндіктер қисығы А1 нүктесінен сызықпен жоғары жылжиды. (2-сурет). Бұл процесс екі елде салыстырмалы бағалар теңелмегенше жүріп отырады. Жаңа салыстырмалы баға Ра = 1/4 пен Ра1=4 арасында болып, 1-і елдің В нүктесі мен 2-і елдің В1 нүктесі арқылы өтіп, Рв=Рв1=1-ге тең болады. Осымен салыстырмалы артықшылық теориясы бітеді. Стандартты модель орнын басу шығындарының өсуін есепке ала отырып өзгертілген интерпретацияны ғана ұсынады.

Одан ары қарай сұранысты талдау элементі енгізіледі. Тепе-теңдік экономикада тауардың тұтыну көлемі оның өндірісіне тең болуы керек, графикте олар қиылысуы қажет екені белгілі. Егер Д1 мен Д2 -1-і мен 2-і тауардың тұтынуы болса, онда

Р1 х Д1 + Р2 х Д2 = Р1 х Q1 + Р2 х Q2 = V

1-і ел 1-і тауардың 60 данасын артық өндіріп, оны 2-і елге экспорттап (ВС векторы), 2-і елде 2-і тауардың 60 данасын сатып алады (СЕ векторы). 2-і ел 2-і тауардың 60 данасын артық шығарып 1 елге экспорттайды (В1С1 векторы) да, 1-і елден 1-і тауардың 60 данасын сатып алады (С1Е1 векторы). Осының нәтижесінді ұсынысты сипаттайтын орын басу шекті деңгейінің қисығы 1 елде ІІ1 деңгейге ауысып, 1 елдің 1 және 2 тауарлардың 20 даналарынан, көп тұтынатын Е1 нүктесіндегі салыстырмалы тепе-тең бағасының түзуімен жанасады. Сөйтіп II1-і қисық І-і қисығынан жоғары тұрғандықтан 1-і елдің 2-і тауарды тұтынудағы мүмкіндіктері өсе түсті. Осындай жағдай 2-і елде болады да II1 қисығы I1 қисығынан жоғары болып, екі тауарды тұтыну мүмкіндіктері өсе түседі. Сауда нәтижесінде, салыстырмалы артықшылық моделіне қарағанда, елдердің толық мамандануы жүзеге аспайды. Бұл орнын басу шығындарының өсе түсуінің нәтижесі. 1-і ел 2-і тауардың бір мөлшерін өндіре береді, ал 2-і ел 1-і тауардың белгілі бір мөлшерін өндіреді. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға, әр елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға мамандануына дейін қалыптасады. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға орнағаннан кейін, одан әрі қарай әр елдің мамандануының экономикалық тиімділігі жоғалады, өйткені орнын басу шығындарының өсе түсуі шет елден сатып алғаннан гөрі қымбатқа түсетін болады. 2-суретте тепе-теңдік баға РВРВ1=1 мағынасында елдердің толық мамандануға жеткенге дейін қалыптасты, өндіріс нүктесі толық мамандану бағытына қарай жылжығанымен, оған жетпей, ол 1-і елдің көлденең осі мен 2-і елдің тік осіне сәйкес келеді.

Саудадан қандай да бір пайда алғанда ғана әрбір ел үшін оның маңызы бар. Өзінің құрылымы бойынша ол айырбастан алынған ұтыс пен маманданудан алынған ұтыстан тұрады.

Айырбастан алынған ұтыс – елдің басқа елдермен сауда қатынастарына түскенінен алынған артықшылық.

Мысалымызды ары қарай қарастырайық. 1-і ел 2-і елмен саудаға түскеннен кейін де 1-і тауарға маманданғысы келмейді немесе қандай да бір себептермен жүзеге асыра алмайды деп болжамдайық. Ол 1-і тауарды өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесінде анықталған көлемдерде өндіре береді (36-сурет). Бірақ әлемдік салыстырмалы баға елдің ішкі салыстырмалы бағасындай 1/4 емес, 1-і ге тең болады. Сөйтіп, маманданусыз-ақ оның біршама бағалық қоры болады. Сондықтан, ол әлемдік баға бойынша 1-і тауардың 20 данасын сатып, 2-і тауардың 20 данасын маманданусыз-ақ сатып апа алады; тұтыну өсе түсіп, орын басу шекті деңгейінің В қисығы жоғары ауысып, Т тұтыну нүктесі А нүктесінен жоғары болады. Ешқандай мамандану жоқ болғандықтан, тұтыну нүктесінің А-дан Т-ға ауысуы 1-і елдің 2 елмен сауда қатынастарына немесе айырбасқа түскенінен алынған ұтыс екенін көреміз.

Маманданудан алынған ұтыс – елдің сауда жағдайында ие болған салыстырмалы артықшылығы – бар тауар өндірісіне күш-жігерін жұмылдырып, алған артықшылығы.

Жоғарыда көрсетілген модельдегідей 1-і ел 1-і тауарға маманданды дейік. Осының нәтижесінде өндірістік мүмкіндіктер қисығы А нүктесінен В нүктесіне қарай төмен жылжыды. Бұл нүктеде, жоғарыда көрсетілгендей, ел 1-і тауардың 60 данасын 2-і тауардың 60 данасына айырбастай алатыны көрсетілген (3).

Осының нәтижесінде тұтыну орын басу шығындарының шектігі III деңгейіндегі Е нүктесінде болады. Тұтынудың В-дан Е нүктесіне қозғалысы елдің маманданудан алынған ұтысын көрсетеді.

12.3 сурет.- Саудадан алынған ұтыс және

 

3-диаграмма

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы негізгі тауарлық топтар бойынша экспорты мен импортының құрылымы

Экспорт

 

 

 

Импорт

Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.

Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.

Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылык субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер (non tariffs barriers) кіреді.

Әлемдік нарықтың динамикалық өзгермелі конъюнктурасы жағдайында аргентиналық нұсқа экономика дамуының тежегіші болды, ал Бразилияда даму локомативті болып саналады, өйткені ол алғашында халық шаруашылығының өндірістік кешенінің интенсивті емес, экстенсивті әдіспен дамуын көздеген еді.

Осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: яғни сауда саясаты бірінші немесе екінші әдісті жүзеге асыру жағдайында да, әр алуан экономикалық салдарды қамтамасыз етеді. Бірақ мынаны атап өту керек, реформалардың басталған мерзіміне байланысты, экономиканың дамуы үшін бөгеттердің ашылуы, халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, аймақтық принциптерді күшейту жағдайларында елдер үшін экономикалық реттеу құралдарын таңдау әр алуан, кейде шектеулі болады.

Мысалы, қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.

Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған, яғни дамушы әлем, әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне - ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс.

Осыған байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:

- экспорттық салалардың дамуы үшін жағдайлар жасау немесе экспорттық өндіріс салаларына бағыттау;

- кейбір салалардың дамуын бағалау және импорттық өндіріспен бәсекелесу үшін мүмкіндігі жоқ салаларды жабу бағдарламасын қабылдау;

- егер белгілі бір саланың келешекте әлемдік нарықта белгілі бір орынды қамтамасыз ету мүмкіндігі болса, бірақ та қазіргі таңда осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру жағдайы болмағанда:

1) кедендік қорғау;

2) қаржылық және фискальдық ынталандыру;

3) қолайлы жағдайлар мен жеңілдіктердің басқа түрлерін құру.

Бұл жүргізілетін өнеркәсіптік саясат ұтымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді (интенсивті модернизацияны бастан кешіріп отырған салаларды қорғау белгілі елде өндірілмейтін тауарлар өндірісін дамыту; өндірістің басым салалары қызмет ете алмайтын тауарлар импортын ынталандыру).

Экспорттық-импорттық саясаты жүзеге асыру кезіндегі әдістемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият таңдалуы тиіс: нақты тауарға; оны өндірудегі қалыптасқан жағдайға; ішкі ұлттық нарық, елдің экспорттық жеткізулер кұрылымындағы оның орнына; халықаралық еңбек бөлінісіндегі (ХЕБ) болашағына.

Осы жағдайда белгілі бір таңдалған құрал протекционистік режимге, не ырықтандыру режиміне қызмет көрсетеді.

Аталғандардың бірінші режимі өз тіршілігінде уақытша параметрлермен шектелген және қол жеткен мақсат бойынша әлсірейді не толығымен тыйым салынуы мүмкін. Бір мезетте, экспорттық позициялардың даму локомотиві болып табылатын салалар инвестициялық саясатгың басым объектісі болып табылады.

Осы кезде дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымдары тарапынан болатын протекционистік режимдер өзіне қатысты қарама-қайшы күштерда сезінуі мүмкін. Өйткені, кез келген дамушы мемлекет маңызды тұтқалардың (рычагтардың) қысымын басынан өткереді, ал оған жауапты шаралар ретінде оларды маневрлеу үшін жеткілікті варианттарды қолданады.

Әлемдік шаруашылық байланыстар интеграциясының  тұжырымдамасын алға қою өзара қарым-қатынастар векторының ақырындап өзгеруін қамтамасыз етеді.

Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегідей әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау; оның  ұлттық экономика құрылымындағы экспорттық позициядағы орнын анықтау; әлемдік нарық тенденцияларын талдау.

Төлем балансының тең болмауы, экспорт тиімділігінің төмендеуі жағдайларында протекционистік режимді қамтамасыз ететін құралдардың кең арсеналы қолданылады.

Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген кезде протекционистік режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттегіштермен ауыстырылады.

Үкіметтің бүкіл сыртқы экономикалық доктринасы күмәнданды, өйткені еркін саудаға ықпал ету елдің толық мүддесіне сәйкес келмейді (Р. Бреннон, П. Самуэльсон, П.Кругман).

Сонымен қатар, американдық экономистердің басым көпшілігі тікелей протекционизмдік үгіттеуді (жариялауды) жоққа шығарды.

Осының салдарынан, американдық экономикада сауданы жүргізу әдістерін түсінуде елеулі қарама-қайшы пікірлер туындады. Бірақ, біз халықаралық сауданың тежелуін байқаймыз.

Елеулі пікірталастар нәтижесінде осы кезеңдегі АҚШ-тың сыртқы сауда саясаты төмендегі ерекшеліктермен сипатталады:

- әділ сауда терминінің кең түрде түсіндірілуін қатаң қолдануға ұмтылу;

- 30-жылдары Тарифтер мен сауда бойынша Бас ассоциацияның ұсынған өзаралық принципті жаңарту. Бұл принциптің мәні мынада, яғни көп жақты келіссөздер процесінде мемлекеттердің бір-біріне ұсынатын сауда жеңілдіктерінің белгілі бір сәйкестілігін талап етуі;

- американдық үкіметтің сыртқы экономикалык саясатын қоғамның қабылдамауы екі жақты негізде кедендік қорғаудың қарама-қарсы салмағын туындатты. Бұл жол тауарлардың жекелеген категорияларын ескеруді талап етті.

АҚШ-тың агрессиялы сауда тұжырымдамасы саудалық соғыстардың күшеюін айқындады.

Тиісінше, АҚШ «шетелдегі жабық есіктерді ашу үшін» сауда санкцияларын қолдануды қолға алды. Рейган мырза бұл санкцияны соңғы құрал ретінде қолданылатынын атап өтті. Бірақ көптеген экономистердің пікірі бойынша, сауданы ырықтандырудың мұндай жолдары қарама-қарсы шектеуші шарттарды туындата отырып, бүкіл әлемде оған қарсы күресін (конфронтация) күшейтуі мүмкін.

Әкімшіліктің жаңа тұжырымдамасы елеулі түрде елдің өнеркәсіптік саясаты проблемаларымен байланысқан.

Дегенмен, американдық өндіріс еркін сауда саясатын көздей отырып, осы саясаттың бірқатар құралдарын қолданады.

Оның дәлелі ретінде көптеген шетел мемлекеттерінің өнеркәсіптік саясаты қарастырылады, яғни ол саясат кезінде ұлттық өнеркәсіптің жекелеген салаларына жасанды қолдау көрсетіледі.

Шетелдік мемлекеттердің Үкіметі өз компанияларының салыстырмалы артықшылығын субъективті түрде қалыптастыратындығын атап өту керек. Тиісінше көптеген ғалымдар мен ірі өнеркәсіпшілер жеткілікті деңгейдегі теңдік кезінде бәсекелестік жағдайларын талап етеді. Бұл жағдайда АҚШ-тың Сауда палатасы ерекше орын алды, олардың айтуынша Үкіметтік көмекке емес, нарықтарға арқа сүйеу керек.

Бұл жүргізілген сауда саясаты нәтижесінде сыртқы нарықтардағы, соның ішінде ғылыми өнімдер нарығындағы АҚШ үлесінің едәуір темендегені анықталды.

Бұл кездегі факторларды қалыптастырушылар:

• бір жағынан, әлемдегі елдерді АҚШ деңгейіне тартатын жаңа тауар өндірушілердің туындауы;

• екінші жағынан, АҚШ-тағы инвестициялаудың төмендеу жағдайында экономиканың жеткілікті түрде жоғары қарқынмен дамуы.

Осыдан, АҚШ Президенті жанындағы экономикалық кеңесшілер Кеңесі «Американдық өнеркәсіп құрылымын анықтауда Үкімет рөл ойнауы тиіс пе?» деген сұрақ қойып отыр.

Оның мынандай салдары болуы мүмкін: протекционизмнің күшеюі, орталықтандырылған жоспарлау, жемқорлық элементтерінің туындауы, мемлекеттік сектордағы кереғар жағдайлар.

Кесте 12.2.

Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы

млн.АҚШ долл.

 

2002

2003

2004

2005

2006

Тауар айналымы – барлығы

16254,3

21335,4

32877,5

45201,2

61927,2

соның ішінде:

 

 

 

 

 

ТМД елдері

5237,6

6912,8

10215,1

12200,6

16637,5

әлемнің басқа елдері

11016,8

14422,6

22662,4

33000,6

45289,7

Экспорт – барлығы

9670,3

12926,7

20096,2

27849,0

38250,3

соның ішінде:

 

 

 

 

 

ТМД елдері

2194,3

2980,5

4097,2

4066,7

5574,0

әлемнің басқа елдері

7476,0

9946,2

15999,0

23782,3

32676,3

Импорт – барлығы

6584,0

8408,7

12781,3

17352,2

23676,9

соның ішінде

 

 

 

 

 

ТМД елдері

3043,2

3932,3

6117,9

8133,9

11063,5

әлемнің басқа елдері

3540,8

4476,4

6663,4

9218,3

12613,4

 

 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ТМД елдеріне экспортталатын қазақстан өнімінің бағалары 0,3%, ал алыс шетелге 11% өсті. Өңдеу стадиялары бойынша жіктелетін экспортталатын өнімнен шикізат қаңтар-наурыз ацларында 9,8%, дайын өнімдер- 6,2, жартылай фабрикаттар- 5,6% қымбаттады. Минералды өнімдер бағасы экспорт көлемінің көп бөлігін алатын 9,8%, газ конденсанты- 20%, мұнай- 12,6%, көмір- 1,2% жғарылады, ал мұнай өнімдері 5,8%, табиғи газ- 8,8% төмендеді. 2003 ж. 1 кварталында металдарға экспортты жеткізу бағалары 9,5% өсті. Қазақстаннан шығарылған ауылш шарауашылық шикізаты 4,9%, мақта- 10,3% жоғарылады, ал жүн- 17% түсті.  Экспортталатын дәнді өнімдеріне баға өзгермеді, жүгері- 19,2%, бидай- 2,8%, күріш- 18,7%.

Қазақстан 2007 жылы 5 млн.тоннаға дейін дәнді экспорттай алады. Ағымды жылы  қолайсыз табиғи жағдайларға қарамастан 13,9 млн.тонна дәні дайындалды. Дәннің берлігне жинақ көлемі мемлекеттің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етеді және дәннің экспортты потенциалын 2007 жылы 5 млн.тоннаға дейін жеткізеді. Былтырғы жылы сыртқы нарықтарда 5,8 млн. Тонна қазақстандық дән сатылды, ал 2003 жылы 4,3 млн.тонна.

. Қазақстан Республикасына экспортталатын дәрі құралдарының 1 тоннасының орташа бағасы 22,4% өсті: $7,6 мың 2005 жылдың бірінші жартысында $9,3 мың 2004 жылдың 1 жартысына. Шетелге жеткізілетін дәрілердің әртүрлігі жоғарылады. Дәрілердің  шетелге жеткізудің негізгі жеткізушілері болып Алматы қаласы табылады, бұл жерде дәрі өндірушілердің жартысы және Оңтүстік Қазақстан облысы («Химфарм») АҚ. Басқа аумақтарға экспортталатын дәрі тауарларының тек 3% ғана келеді.

Сонымен қатар Қазақстан экспортының жалпы көлемінде Ресей үлесі 2006 жылы 15,2% және Қырғызстан үлесі- 1,2%, Өзбекстан- 1%, Швейцария- 13%, Қытай- 12,8%. Виргин аралдарының үлесіне қазақстандық экспорттың- 4,7% келеді. Жалпы 2006 жылы Қазақстанның Бермуд аралдарымен тауар айырбасы $2,192 млрд. Немесе 10,2% құрады, Виргин аралдарының үлесіне 3,1% немесе $659,5, Ресей тауар айналымы $5,36 млрд. Немесе 25,2$

3. ҚР-ның дүние жүзілік сауда ұйымына ену мәселелері

Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ-на жөне басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оң құбылыстарды байқар едік:

1. Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8 пайыз төмендеген болса, 1996 жылы 4,5 пайыз ғана төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп күтілуде;

2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75 пайыз болса, сол жылдың аяғында 52,5, ал 1996 жылы 30 пайыз болды.

3. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономикалык ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (І.Ж.Ө) 1996 жылдың бірінші жартысында 1995 жылдың сол кезімен салыстырғанда 101,1 пайыз, соның ішінде өнеркәсіп орны – 100,2 пайыз болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама экономикалык өсуге қол жеткізілді.

4. Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5 пайыз болса, кейінгі жылдарында едәуір өседі деп күтілуде.

Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған сыртқы сауда режимі, баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік рыноктаға бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажетгігі туындап отыр. Солардың ішінде:

- облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы (сауда режимі) экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау қүқығын алу қажет;

- барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестерді) аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің әртүрлі нысанындағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді;

- экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерілін ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.

Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін, интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл қолға алу міндетгері тұр.

Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық потенциялын ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығымен қолда бар шикізатты, мысалы өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстанның осы замандағы басты ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.

Қазақстанда дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.

Экономиканың, шикізаттың бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері.

Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ, АҚШ «таргетинг» дегенді пайдаланушы елдерге қарсы санкциялар (жазалау шаралары) қолданады.

Таргетинг — экспорттық потенциалды, негізінде бір мақсатты ғана көздеп, өсіре беру. 1997 жылдың басында Мәскеуде, Интеграциялық комитетте Белорусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресей Федерациясының сарапшы топтарының бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңесі болып өтті. Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңында Сингапурда өткен бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына (БСҰ) мүше мемлекеттер министрлерінің конференциясының жұмыс қорытындысын талқылады. Бүл форумның мақсаты – БСҰ мүшелерінің келісімдер мен шешімдер жөніндегі міндеттемелерін орындауын қарау, беделді халықаралық сауда ұйымы қызметінің жұмыс бағдарламасына шолу жасау, дүниежүзілік саудада қалыптасып отырған бағыттарды және ең алдымен дамушы елдерге қойылатын талаптарды талдады.

1996 жылы Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей өкіметтері делегацияларының БСҰ-ға кіру мәселелері жөніндегі жұмысының қорытындылары, олардың осы бағытта қазір жүргізіп отырған қызметінің жоспарлары қаралды.

«Төрттік» елдердің БСҰ-ға қосылу туралы құжаттарды дербес жасайтыны және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді. Кеден одағына қатысушылардың БСҰ-ға қосылуы айтарлықтай күрделі процесс болып табылатыны, сондықтан ұзақ уақытқа созылатыны айтылды.

Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.

Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді.

ХЭҚ-тің негізгі нысаны — халықаралық сауда. Дүниежүзілік шаруашылық кешенінде өзінің құндық көлемі бойынша сыртқы сауда қатынастары алдыңғы позицияларды сақтап тұр.

Соңғы онжылдықтарды ғылыми-техникалық, көлік, қамсыздандыру, туризм, ақпарат, жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға беру, консультациялық қызмет көрсету жүйелеріндегі мемлекетаралық қатынастар да дамып келеді.

Дүниежүзілік шаруашылық – ХЭҚ-тің объективті негізі және маңызды бөлігі. ХЭҚ дүниежүзілік шаруашылық қалыптасқанға дейін де бар болған. Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуына байланысты ХЭҚ-тің да қызмет ауқымы кеңейіп, тереңдеп әлемдік сипатқа ие бола бастады.

XX ғасырдың бас кезінде дүниежүзілік шаруашылық экономикалық емес әдістерге: мәжбүр ету, ықтиярсыз бағындыру, күштеу саясатына негізделді. Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың нарықтық және халықаралық еңбек бөлінісінің принциптеріне негізделген интернационалдық бағыттағы шаруашылық бейнесіне ие болып отыр.

Интернационалдану дегеніміз: халықаралық еңбек бөлінісі негізінде жекелеген елдер арасындағы тұрақты өндірістік-экономикалық байланыстарды қалыптастыру.

ХЭҚ-тің дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды. Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы. Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы өндеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.

Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы керек.

Халықаралық сауданың артықшылықтары

Бір елдегі жеке кісілер мен фирмалар сияқты, елдегі компаниялар бір-бірімен сауда жасасқанда, ол екі жаққа да тиімді болады. Олай дейтін себебіміз, сатылатын тауар бір жағынан керек емес және артық болатын болса, екінші жағынан тауар қажетті болғандықтан оны сатып алады.

Көптеген жағдайларда, халықаралық саудаға екі ел емес, әр елдің жеке азаматтары мен кәсіпорындары қатысады.

Саудадағы кейбір түбегейлі артықшылықтар

Қайсыбір елдерде, басқа жақта өндіруге болмайтын нәрселер өндірілуі мүмкін. Мысалы, жылы климаты мен топырақ ерекшеліктеріне байланысты, Флоридада бадайға қарағанда апельсин өсірген тиімді. Ад Канзаста керісінше, апельсинге қарағанда бидай өсірген тиімді. Флоридадағы және Канзастағы адамдарға апельсин де, бидай да керек, сондықтанда әр елді мекендегі фермерлер бір өнімді шығаруға маманданып, соңынан артықтарын бір-біріне сатады. Әрине, Канзастағы фермерлер арнайы жылы жердер жасап, онда апельсиндер өсіруі болар еді. Дәл сол сияқты Флориданың өзінде де бидай өсіруге болады. Алайда, ол екі жаққа да қымбатқа түсер еді. Сондықтан да, әр елді мекеннің қайсыбір өнімге маманданып, соңынан бір-бірімен алмасқаны екі жаққа да тиімді болады. Сол сияқты кез-келген өндіріс саласы үшін, бір аймақ белгілі бір өнімдерді өндіргенге бейім болып, екіншісі басқа өнімге ыңғайлы болады. Ал енді кейбір аймақтың табиғат ресурстары, ысылған мамандары, дамыған көлік желісі қайсыбір саладағы тауарлар мен қызмет көрсетулер орындауға ыңғайлы болады.

Әрбір мемлекеттегі ерекше жағдайлар оларға қайсыбір тауарлар және қызмет көрсетулер жасауда артықшылықгар беріп, оларды өндіруден үлкен пайда табуға жағдай жасайды. Егер қайсыбір елдің кәсіпорнына белгілі бір өнімді шығару, басқа өнімге қарағанда тиімді болатын болса, онда ол түбегейлі артықшылық деп аталады.

Әлем саудасындағы салыстырмалы артықшылықтар

Жоғарыда аталғандай барлық елдердің түбегейлі артықшылығы бола бермейді. Алайда, олардан басқа елдер де халықаралық саудада өздерінің салыстырмалы артықшылықтарын пайдаланып қатыса алады. Қайсыбір елдің белгілі бір өнімді шығаруда салыстырмалы артықшылығы бар дейді, егер осы өнімді өндірудің құны, басқа елдермен салыстырғанда төмен болатын болса, алайда, оны ұғыну қиындау болады, соған қарамастан келесі мысал арқылы түсіндіріп көрейік.

Дороти Диксон заң колледжінде оқып жүріп, сабақтан бос уақытында шаштараз болып жұмыс істеп жүрді. Ал, қазір жоғары жалақы алатын заң қызметкері болғанымен, егер қаласа маман шаштаразда жұмыс істей алар еді. Алайда, Доротидің үш баласы шаштарын жақын жердегі шаштаразға алдырады. Дороти бұл тұста, шаштараздың қызмет көрсетулеріне төлеген ақшадан оның өзінің клиенттеріне сол уақытта көрсететін қызметі үшін табатын ақшасы артық болатынын ескеріп, өзіне тиімді шешімді қабылдап отыр. Міне, осы шешім салыстырмалы артықшалықтарды ескеріп қабылданған болатын. Соның нәтижесінде Дороти үшін оның өзі заң жұмыстарымен шұғылданып, басқаларға балаларының шашын алғызғаны тиімді.

Әлемдегі барлық елдер өздерінің салыстырмалы артықшылықтарының ең үлкен мөлшерлі салалары бойынша маманданып тауарлар және қызмет көрсетулер өндіріп, халықаралық сауда жасайтындығын салыстырмалы артықшылық заңдары түсіндіріп бере алады. Әрбір жеке елдер өздерінің жақсы шығаратын заттарын өркендете өндіргеннен барлық елдер ұтысты болады, өйткені тек осындай жағдайда ғана артық еңбек, қаржы және табиғат ресурстарының шығынынсыз көп мөлшерде тауарлар және қызмет көрсетулер өндіруге болады.

Еркін сауданың артықшылықтары

Елдер арасындағы еркін сауданы қолдаушылар (ешқандай шектеулерсіз) оның келесідей артықшылықтарын атайды:

1. Тұтынушыларға пайда түсіреді. Саудаға қойылатын кез келген шектеулер сол қорғалған өнеркәсіп саласына түсетін пайданы тек тұтынушылардан алады. Мысалға, Солтүстік Каролинадай Айоваға әкелінетін киімдер тарифы осы саланың Айовада дамуына көмегін тигізеді, алайда ол ақшалар қымбаттатыла сатылған киімдерді тұтынушылар алғаштан кейінгі түскен ақшалар. Бұл дәлел халықаралық сауда үшін де осындай қатынаста болады.

2. Қайта койылатын шектеулік шараларды болдырмайды. Басқа елдің бір елге қоятын шектеулері, әдетте оған қарама-қарсы жауап шараларды қабылдауға алып келеді. Американың басқа ел тауарына қойылған тарифтері мен импорт үлестері, ол елде Америка тауарларына сондай шаралардың қабылдануына себеп болады. Сондықтан да ондай қолдаушы тарифтер америка экономикасының онша тиімді емес салалары үшін қолданылып, оны шетел бәсекелестігінен қорғайды. Соның өзінде АҚШ-тың экспорт шығаратын салалары ол шектеулерге қарсы жасалған шектеулерден зиян тартатын болады. Бұл тұста кейбір елдер америкада өндірілген тауарлардың әкелуіне тура шектеулер қойса, енді біреулерінің оларға төлейтін қаржыларының болмауы кесірін тигізеді.

Халықаралық саудадағы кедергілер

Жоғарыда аталған халықаралық сауданың артықшылықтарына қарамастан, көптеген елдер оған шектеу қоюда, оның ішінде АҚШ-та бар.

Кеден тарифтері. Бұл импортқа келетін тауарлар және қызмет көрсетулерге салынатын салық. Кеден тарифтерінің негізгі екі түрі бар. Мемлекеттің ақша қаржысын толтыру үшін қолданатын ресми тарифтері және ұлт өнеркәсібін шетелдік бәсекелестерінен қорғау үшін қолданылатын қолдаушы тарифтері болады. 1910 жылға дейін АҚШ-тың негізгі табыс көзі ресми тарифтер болып келген. Бұл тарифтердің негізгі мақсаты шетел тауарлары мен қызмет көрсетулерін отандық өнімдерден, қымбаттатып, олардың сатылуына шектеулер қою болып табылады.

Импорт үлесі. Бұл импортқа кететін қайсыбір тауарлар және қызмет көрсетулердің аты мен санына қойылатын шектеулер. Бұл шектеулерде қолдаушы тарифтер сияқты ұлт өнеркәсібінің белгілі бір салаларын жекелей шетел бәсекелестерінен қорғау болады. Мысалға, 1980 жылдары АҚШ үкіметі Жапониядан импортқа келетін автокөліктер үшін осындай шектеулер енгізген болатын.

Басқа шектеулер. Аталғаннан басқа да елдер арасындағы сауда еркіндігін шектейтін бірқатар әрекеттер бар. Оларға мысал ретінде экспорт субсидияларын айтуға болады. Бұл экспортқа тауар шығаратын кәсіпорындарға өнімдерін шетелдерде төменірек бағамен сатуы үшін берілетін ақшалай жәрдем. Шетелдегі тауарлардың осы елдің өзінің нарығындағы бағадан кем бағада сатылуы демпинг деп аталады. Халықаралық саудаға шектеу жасайтын тағы бір нәрсе «былықшылық» деп аталады. Бұл жағдайда мемлекеттік ережелер мен тәртіптерге сүйеніп, кеденнен өтетін тауарлардың құжаттарының толтырылуы әуре-сарсаңға айналдырып, көпке созылады.

Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

Қазақстан ДСҰ-на енуді 2010 жылға жоспарлап отыр.Қазір сол ұйымға кіру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді.

ХЭҚ-тің негізгі нысаны — халықаралық сауда. Дүниежүзілік шаруашылық кешенінде өзінің құндық көлемі бойынша сыртқы сауда қатынастары алдыңғы позицияларды сақтап тұр.

Соңғы онжылдықтарды ғылыми-техникалық, көлік, қамсыздандыру, туризм, ақпарат, жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға беру, консультациялық қызмет көрсету жүйелеріндегі мемлекетаралық қатынастар да дамып келеді.

Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік.

Ғаламда  қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 2006 ж Жолдауында: “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпілес жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. ” деп атады.

 Сонымен қатар, еліміздің басты даму тұспалдарын анықтап берген құжа”Қазақстан -2030” даму стратегиялық бағдарламасымен үндес келетін айта келген абзал.

Қорыта айтқанда, отандық тауар өндірушілерін қолдау Қазақстандық кәсіпкерлерді жаңа өнімдерді ашуға және әлемдік нарықтарға жаңа өнімді шығаруға ынталандырады.

 

Сұрақтар:

1.        Төлем балансының мәні

2.        Айырбас бағамға әсер ететін факторлар

3. ҚР-ның дүние жүзілік сауда ұйымына ену мәселелері

3.        Валюталық нарықтың қызмет ету механизмі

 

Әдебиеттер:

 

1.Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004

Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие.

4.Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003

5.Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004

6. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006.

 

 

 

 

№13 лекция.Айырбас бағамының түзімі  және жиынтық сұраныс.

 

1.       Айырбас бағамы тіркелеген жағдайдағы ашық экономикадағы тепе-теңдік.

2.       Толық капитал жинақылығы жағдайдағы бюджет және ақша саясаты.

3.       Айырбас бағамы құбылмалы жағдайдағы ашық экономика.

 

Валюталық курс (валюта бағамы) – түрлі елдердің ақша бірлектері арасындағы ара қатынасы. Бұлар олардың тұтынушылық қабілеттер мен басқа да факторларымен анықталады (төлем бағамы жағдайы, инфляция деңгейі, мемлекет аралық миграция). Валюталық курс ұлттық валюталардың өзара айырбасы процесінде құрылады.

Валюталық нарық – белгілі пропорцияларда валюта айырбасын жүзеге асыратын нарық; ақша нарығының құрамдас элементі.

Валюталық курс номиналдық және нақты деп бөлінеді:

Номиналдық валюталық курс (ағымды валюта бағамы) – екі елдің салыстырмалы бағасын көрсетеді, яғни бір валюта бағасы екіншісімен салыстырғанда. Номиналдық валюталық курстарды белгілеу үшін валюталардың айырбас курсы «түсінігі» қолданады.

Нақты валюталық курс – бұл екі елде өндірілген тауарлардың салыстырмалы бағасы.

Номиналдық және нақты курс арасындағы тәуелділік төмендегідей формуламен анықталады:

ЕR=EN*Pd⁄Pf

Мұндағы: ЕR – нақты валюталық курс,  EN –   номиналдық валюталық курс,             Pd– ұлттық валютада сипатталған ішкі бағалар деңгейі                                                                                                                                               (индекс), Pf – шет ел валютасында сипатталған шет ердег баға деңгейі (индексі):

Валюта айырбас және девиздік курсы болып бөлінеді.

Девиздік курс – шет ел валютасы бірлігінде сипатталған отандық валюта бағасы.

Айырбас курсы – отандық валюта бірлігінде сипатталған шет ел валютасының бірлігі.

Реттеу формаларына байланысты валюталық курстар тіркелген (фиксированный) және икемді (гибкий) курс болып бөлінеді:

Тіркелінген валюталық курс – валюталық паритеттерге байланысты заңдық негізде ұлттық валюталардың арақатынасының ресми құрылуы. Бұл айырбас жүйесінде орталық банк ішкі және сыртқы валюталардың салыстырмалы бағасын белгілейді.

Тіркелінген валюталық курс екі әдіспен анықталады:

1.        Бір жақты байланыс – мұнда мемлекет өз валютасын басқа ел ақша білріктеріне бейімдей отырып таңдалған курста шет ел валютасын сату және сатып алу арқылы жүзеге асырады.

2.        Валюталық курс бойынша бірлескен келісімдер (Еуропалық валюта жүйесіндегі қатысатын елдерге қатысты).

Орталық банктер курстардың бейімделуіне жауап береді. Коллективтік бейімдеу жүйесі қандай да бір елге тәуелсіз ақша саясатын жүргізуге мүмкіндік бермейді. Көптеген дамушы елдерде қазіргі кезде тіркелінген (фиксированный) айырбас курсы қолданылады.

Икемді (гибкиий) валюталық курс – сұраныс пен ұсыныстың әсерінен еркін өзгерісте болатын курс. Бұл курс валюталық нарықта валюта бағаларының тепе-теңдігі ретінде сұраныс пен ұсыныстың еркін ауытқу нәтижесінде құрылады.

Көптеген елдер, халықаралық валюта қоры қарсылығы көптеген курстарда қолданады. Мысалы, бірі – коммерциялық операциялар үшін қолданылса, екіншісі- капиталды орналастыру бойынша қолданады. Бір қатар елдер түрлі коммерциялық операциялар үшін дифференциялдық курстар енгізеді. Неігзгі өнеркәсіптік фармацевтикалық тауарлар үшін төмендетілген курстар және қымбат тауарлар үшін жоғарылатылған курстар қолданылады. Икемді курстар тәртібінде бағаның төмендеуі валютаның құнсыздануы, ал көтерілуі – валютаның қымбаттауы деп аталады.

Тіркелінген курстар тәртібінде бұл процестер сәйкесінше девальвация және ревальвация деп аталады.

Тұтынушылық қабілеттің паритеті – валютаның айырбас курсының деңгейі, осында тұтынушылық қабілеттер теңестіріледі. Валюта бағамы мен оның түрлері

2) ҚР-дағы валюталық саясат

Валюталық саясат – бүл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.

Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.

Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісімшарттарға сүйенеді.

Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы валюталық реттеу болып табылады.

Тікелей валюталық реттеу – заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық  реттеу – нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.

Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы – Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.

Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты екіге бөлінеді:

1) құрылымдық валюталық саясат;

2) ағымдық валюталық саясат;

Құрылымдық валюталық саясат – дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар жиынтығы.

Ол валюталық саясат реформа формасында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді.

Ағымдық валюталық саясат – валюталық бағамды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.

Валюталық саясаттың мынадай формалары қолданылады:

1) Дисконттық валюталық саясат.

2) Девиздік валюталық саясат.

Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу формалары болады:

а) валюталық интервенция;

ә) валюталық резервтерді диверсификациялау;

б) валюталық шектеу;

в) валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу;

г) валюталық бағам режимі;

д) девальвация;

е) ревальвация.

Дисконттық саясаты – бір жағынан, валюталық бағам мен балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.

Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Алегер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.

Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егер де төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол береді.

Девиздік саясат – мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.

Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.

Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция формасында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометаллизмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары – ХВҚ, сондай-ақ аймақтық – Еуропалық валюталық институт құрылды (1994ж.).

Валюталық резервтерді диверсификациялау – бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердің саясаты.

Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.

Девальвация мен ревальвация – валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.

Девальвация – ұлттық валютаның бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша төмендету.

Ревальвация – ұлттық валюта бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарлату.

Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық үздіксіз пайдаланылады.

Валюталық шектеу – резиденттер мен бейрезиденттердің валюталар және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларына заңды түрде немесе әкімшілік түрде тыйым салуы немесе шектеуі.

Валюталық шектеу валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітеді.

Валюталық шектеудің мақсаттары мынадай:

- төлем балансын теңестіру;

- валюталық бағамды қолдау;

- ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.

Валюталық шектеу мынадай қағидаларға сүйенеді:

- Валюталық операциялардың орталық және өкілетті банктерде орталықтандырылуы;

- Валюталық операция жасау үшін рұқсат қағазының берілуі;

- Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;

- Валюталардың қайтарымдылығын шектеу.

            КСРО күйрегенен кейін Қазақстан Республикасында өндірістің құлдырауы, инфляциямен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі типтес көптеген эканомикалық проблемалар туындады.

            Қазақстан Республикасы  эканомиканы тұрақтандыру, оны терең құрылымдық, валюталық және әлеуметтік дағдарыстан шығару бойынша бір қатар реформаларды қолға алды, бірақ  бұл шаралар ойдағыдай нәтижелер бермеді. Қазақстанда ашық эканомика принципі жарияланған еді. Бұл принцип оның әлемдік шаруашылық байланыстармен халықаралық еңбек бөлінісіне біртіндеп кіріуінің қажетті шарты болып есептеледі.

           Қазақстанның эканомикаға өту мерзімін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:

1-кезең. 1992-94 жж Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болды. Меншік пен нарықтық қатынастардың жаңа субьектілерін құрудың негізі ретінде мемлекетсіздендірумен жекешелендіру бағамы қолға алынды. Аралық капиталы бар бірлескен кәсіпорындар, шетелдік инвесторлар үшін жеңілдік жүйесі және қолайлы режимі бар еркін кәсіпкерлік аймақтар құрылды.  

          Елде нарықтық инфрақұрылым қалыптасты: коммерциялық банктердің кең жүйесі құрылды, биржалық сауда зор қарқынмен дамыды. Бірақ өнеркәсіптік және тұтынушылық пайдаланудағы өнімдерді шығару төмендеді. Инфляция 45-50% - ке жетті. Республика өзінің ұлттық валютасы теңгені енгізуге мәжбүр болды. Айырбастаудың әлемдік жүйесінде қазақстандық ақша бірлігі өтімді емес(еркін айналмайтын) валюта болып саналады. Банктік ортада теңге жартылай айналымға түсетін валюта бола алады, яғни бұл келісімдер банк аралық валютада жүргізілуі тиіс.

         Ұлттық валюта- теңгені енгізу күнінде (1993ж 15 қарашасында) республика қажетті тұтынудың 60-65%  көлемдегі өзіндік алатын валюталық резервтерімен қамтамасыз етілген еді.

         Қазақстан теңгесінің айналымға түскеннен кейінгі бағамы Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта биржасындағы күнделікті сауда саттық кезінде анықталып отырды.

         Валюталық нарыққа ұлттық валютаны енгізу сәтінде оның айырбас бағамы АҚШ- тың бір долларына қатысты 4,68 теңгеге тең болды. Ұлттық банк теңгенің жүйеге келтірген валюталық айырбас бағамы саясатын жүргізіп отыр, ол валюталыық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын сипаттайды.

         Қазақстан «рубльдік аймақ» режимін сақтап қалуға ұмтылған еді, өйткені қалыптасқан экономикалық кеңістікпен шарушылық байланыстарды қолдану қажет болды.

         Бірақ көптеген экономисттердің пікірі бойынша, бұл режим ең нашар ақшалық режимнің бірі болған еді. Қазақстан валютасы теңгені енгізуге дайындық процесі кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шет елдер, соның ішінде ТМД елдері тәжірибесін мұқият зерттеді. Ұлттық валютаны енгізудің әртүрлі нұсқалары түбегейлі қарастырылды.

        Әлемдік тәжірибеде валютаны енгізудің үш түрлі нұсқасы бар:

·                       аралық енгізу;

·                       параллелді енгізу;

·                       тікелей енгізу;

Осы әдістердің үшінші нұсқасы таңдалды.

Валюталық режимді таңдау кезінде мемлекеттік комисия Ұлттық банктің интервенциясымен валюталық нарықты басқаратын жүргізу режимін белгіледі. Бұнымен қатар, біртұтас валюта бағамымен теңгенің  еркін айырбасталуы қолданылды. Олар ағымдық шот бойынша операцияларды қамтыды және шетелдік инвесторлардың пайдасын тіркеді.

                2-кезең: 1994-1995 жж бұл кезеңде отандық заңды құқықтық база, соның ішінде валюталық базасы қалыптасты. Екінші кезеңде жекешелендіру процесін аяқтау және шетелдік акциялардың мемлекеттік пакетінің 80%- ке дейінгісін беру жспарланды.

                Валюта нарығының қалыптасуымен қатар, құнды қағаздар нарығы да құрылды.

                Реформалау саясатының басым мақсаттарының бірі – еркін ауыстырылу (конвертация) проблемасы болды. Сондықтан валюталық нарықтың өтімділігін қамтамасыз ету және теңгенің ішкі өтімділігіне қол жеткізу мақсатында барлық валюталық табысты елге қайтару шаралары жүргізілді. 1993 жылдың желтоқсан айының соңында АҚШ долларына да, Ресей рубліне де қатысты теңге бағамы күрт төмендегені атап өтілді.Қаңтар ақпан айларында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қатаң несиелік саясат жүргізді, ол нақты айырбас бағамын салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік берді. Бірақ наурыз айында нонималды айырбас бағамы төмендей берді(осының әсерінен несиелік эмиссия күшейді).

                1994 ж Ұлттық валюта бағамының төмендеу қарқыны шамамен 11,6 %- і құрады (орташа айлық есептеу бойынша), ол 1995 ж ылы 11,5% -ке тең болды. Осы жылдардағы валюта бағамының динамикасы оның төмендеу қабілеттілігін көрсетті, ол ининфляция деңгейі мен экономиканыңдағдарыстық жағдайына толық сәйкес келеді.

                Теңге бағамы төмендеуінің соңғы кездегі тенденциялары халықтың теңгеге деген сенімінің артқанын дәлелдейді, ол мүмкіндігінше экономиканың доллардан арылуы процесін жеделдетеді.

                Теңге тұрақтылығын сақтау және төлем балансының тапшылығын қысқарту мақсатында сыртқы саудадағы экспорт ынталандырылды.

                Осы шарамен бірге бір мезетте ішкі нарықты және отандық өндірушілердің қорғау мақсатында жекелеген тауарлар импортына шектеулер енгізілді.

                Төлемдік дағдарыстың  әсерінен отандық өндірушілер жаппай банкротқа ұшырады. Несиеге қойылған процент шектен тыс жоғары болғандықтан, көптеген кәсірпорындардың оларды алуға мүмкіндікткрі болмады.

                1995 жылдың 2-ші   жартысынан бастап, валюталық нарықтың биржадан тыс сегменті жедел дамыды. 1996 жылы оның көлемі валюта биржасындағы операциялардың көлемінен асып кетті.

 

Сұрақтар:

  1. Айырбас бағамы тіркелген жағдайдағы ашық экономи кадағы тепе-теңдік.
  2. Фис калдық экспансия мен ақша саясатының өндіріс пен айырбас бағамына ықпалы.
  3. Күту ролі және айырбас бағамының динамикасы.

 

Әдебиеттер:

 

1.Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004

Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие.

4.Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003

5.Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004

6. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006.

 

 

№14 лекция. Экономикалық өсу.

 

  1. Экономикалық өсу түсінігі және факторлары.
  2. Экономикалық өсудің кейнсиандық  моделі.

 

1 Экономикалық өсу түсінігі, түрлері мен факторлары

Экономикалық өсу – ол ел экономикасының прогрессивті дамуын айтамыз.Ол халықтың өмір сүру деңгейінің өсуінің қайнар көзі болып табылады.

         Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:

1)   Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).

2)                   Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдагы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.

- неокейнстік

- неоклассикалық

- тарихи-әлеуметтік.

Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты факторға тәуелді. Олар:

1.Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі

2.Еңбек ресурстарының сапасы мен саны

3.Негізгі капитал қорының көлемі

4.Технология

Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыныс факторлары деп айтуға болады.

Дәл осылар өңдірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ,олар:

1. Сұраныс факторы

2. Бөлу, тарату факторы

Өңдіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды.

Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тығыз байланысты.

Өндіріс көлемінің ауьггқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндірі-леді. Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруга тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және зандылықтарының талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады. Экономикада нақты пайданың өсуі "экономикалық өсу" деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандагы көрсеткіштер қолданылады.

Экономикалық өсудің екі түрі бар:

  1. Экстенсивті
  2. Интенсивті

Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті өсу болады. Интенсивті өсу технологиямен және өңдіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нөтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымдылығы, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың есуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.

Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге — технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдістің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.

Экономиканың өсуін тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты. Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың зандылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.

2 Экономикалық өсу теориялары. Неоклассикалық және кейнстік модель

Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс фактор-ларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.

Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен кебейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы — халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Соңдықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

           Қазақстан   Республикасының     Президентінің   “Қазақстан – 2030”   бағдарламасында    Қазақстан    Республикасының    әлеуметтік – экономикалық    дамуында   тұрақты   экономикалық   өсуге,   халықтың   өмір   сүру   деңгейін,   әл – ауқат   жағдайын   көтеруге,   жоғары   индустриалды   қоғам   жаңа   технологиялармен,   өмір  сүрудің   жоғары   деңгейімен    және   сапасымен,   халықтың    әәлеуметтік   топтары   арасындағы   қайшылықтардың     жеңілдеуімен   сипатталады.    Сондай – ақ,   меншік   қатынастары,   экономикалық   өсудің   әлеуметтік   және    экономикалық    факторлары    арасындағы   арақатынас    өзгереді,   адам   капиталының    рөлі   жоғарылайды.    Басқаша   айтсақ,    бағдарламада    көрсетілгендей   жоғары   индустриалды    сатыға   өту   үшін    ұзақ  мерзімді   экономикалық    дамуды   қамтамасыз    ету   қажет.

           Экономикалық     өсудің    негізгі   мақсаты   болып   халықтың    материалдық    әл – ауқатын    көтеру    және   ұлттық   қауіпсіздікті    қамтамасыз    ету   болып   табылады.

           Жалпы    экономикалық    өсудің    түрлі   модельдері  (неоклассикалық,   кейнсиандық,    неокейнсиандық,    институционалдық)   бар  екндігі   белгілі.    Неоклассикалық   модельдің    зерттеу   объектісі    экономикалық   өсу    факторлары,   яғни,   еңбек,   капитал,   ресурстар,   ғылыми   техникалық    прогресс  (ҒТП),    уақыт,   экологиялық,   ақпараттық   фактор,   адам   капиталы    болып   табылады.    Ал,   Кейнстік   бағытты   жақтаушылар    теориясында    өсу    әлеуметтік – экономикалық    алғышарттардың    кешеніне    әсер   етпейтін,    тек   технико – экономикалық    параметрлердің    өзгерісі  деп   дәлелденген.  Ол   ең   алдымен   сапалық   емес,   сандық   құбылыс   ретінде    қарастырылады.   Кейнстік    және    неокейнстік    бағыт   экономикалық    өсудің   алғышарттарын     жасайды,    яғни   дағдарыстан    қалай    шығу    керек,   дамушы  елдердің    жүргізетін     саясаттарын   қарастырады.

           Неоклассикалық    және    неокейнсиандық    модельдердің    өзара   айырмашылығына     қарамастан,    олар    ұқсас    методологияға   негізделген.    Институционалдықтың    олардан    өзгешелігі    сапалық    басқа    теориялық    негіздерге    сүйенеді.

           Бірқатар   зерттеушілер    артта   қалушылықты    институционалды    шарттармен    байланыстырады,    соның    ішінде,   ұлттық    білім  беру    мен   кәсіби    даярлау    жүйесінің    дамымағандығы.   Шынында  да,   артта  қалған    экономика   ұлттық   білім   беруге,    кәсіби   даярлауға   және    кадрларды   қайта  даярлауға     жеткілікті    қаржы    бөле  алмайды.   Жалпы  және    арнайы   білім    беру   жүйесінің    дамымағандығы      білікті  мамандардың    төменгі   деңгейін    сипаттайды.    Ол  өз  кезегінде     еңбек   өнімділігінің    деңгейіне    кері    әсер  етеді,    оның    әлсіз    өсу   қарқыны    экономиканың    артта    қалуының    басты  себебі     болып   табылады.   

          

Сұрақтар:

  1. Экономикалыұ өсудің мәні және типтері
  2. Экономикалық өсудің неоклассикалық және кейнсиандық моделдері

 

Әдебиеттер:

 

1.    Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

2.        Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан – 2030.  Қазақстан    халқына   жолдауы.

3.        Райымқұлұлы С.  «Экономика теория негіздері»  Шымкент, 2005жыл.

4.        Ө.   Нұрғалиев.,  “Қазақстанның    экономикалық   өсу   ерекшеліктері”.   Аль – Пари    2007 жыл.  №3 - 4 (84 – 85).

5.        Агапова  Т.А.,  Серегина  С.Ф.  Макроэкономика:  Учебник. – МГУ,  “Дис”,   1997 год.

 

 

№15 лекция. Экономикалық өсу

 

  1. Р.Солоудың өсу үлгісі
  2. Э. Фелпстің «Алтың ережесі»

 

Экономикалық   өсудің    қазіргі   заманғы    негізгі   модельдері    басқа   да  кез   келген    модельдер   сияқты   дағдарысты  ұғым   болып   табылады.    Ашық   айтсақ   әдебиеттерде    өндірістік   функцияның    әр   түрлі   модельдерін    кездестіруге    болады   және   оның  саны   әрдайым    артта   түсуде.   Мұнымен    қатар   макроэкономикалық    өндірістік    функцияны   пайдалануға    мүмкін   болатынын    және    оның    мәнін    түсіндіретін,    базалық,    жай   модельдерде    жеткілікті.

           Экономикалық    өсу   теориясын    дайындау    дайындау    негізінен   үш  экономист:    Г.  Фельдман,   Р. Харрод  және   Е. Домардың    еңбегі   екенін    атап  айтқан    жөн.

            Домар    теориясына   сәйкес   экономикада    нақты   табыстың   өсімі   тепе – теңдік   түрде    болады.   Бұл   жағдайда    қолда  бар   өндіріс    қуаты    толық   пайдаланылады,    мұның    өзі    қор    сақтау    нормасына    және    капиталдың    шекті    өнімділігіне    немесе    капитал    қайтарымдылығының    өсіміне  (∆K/∆V)  тура    пропорционалды    келеді.

            Инвестиция   және    табыс,    тұрақты    бірдей   қарқынмен    өседі.

             Е. Домар    моделі   өсу    теориясы   ролін    атқаруға    ұсыну    үшін    жасалмаған.   Бұл    тек   кейнсиандық    қысқа    мерзімдік    тепе – теңдік    жағдайын    неғұрлым    ұзақ  мерзімге    созуға    талпынған    ұсыныс   еді    және   бұл   жағдай    дамушы   жүйе    үшін     қандай    болуға   тиісті,   соны    көрсетпек  болған.    Р.  Харрод   арнайы   экономикалық    өсу   моделін   жасап,    және    оған   инвестицияның    акселератор   ұстанымы   және   кәсіпкерлік    күту   негізінде    экдогендік   функциясын   кіргізді,  ал   Домар   инвестицияның    экзогендік    формасын    ұсынған  болатын.  

            Акселератор    принципі   бойынша   кез  келген   табыстың    өсуі (кемуі)   капитал  салымын    өсіреді (немесе   кемітеді),   былайша   айтқанда   табыстың    өзгеруіне    пропорционалды   болады.   

             Көбінесе    екі   осы    модельді    бір   Харрод – Домар   моделіне    біріктіреді.    Осы   екі   модель   де   мынадай    бір   қорытындыға  келеді:   өндірістің   белгілі    техникалық    жағдайында     экономикалық   өсу   қарқыны    жинақталудың   шекті   бейімділік    шамасымен   анықталады,   ал    динамикалық    теңдік     жұмысқа   толық    қамтылмаған  жағдайда    іске   асырылады.    Домар   және   Харрод    модельдері    Кобба – дуглас    моделіне   қарағанда    біздің   экономикаға    жақын.   Өсудің   негізгі    факторларының   бірі    сұраным    мен    ұсыным   сияқты    модельде    өнеркәсіптегі   инвестиция    болып   табылады,  ла    мұның    өзін    Қазақстанның    экономикалық    жағдайында    толық    пайдалануға    болады.  

            Бірақта    осы   модельдерде    де    нақты    жағдайға   келмейтін     бірнеше   қайшылықтар   бар.   Мәселен,    Домар    моделінде   былайша   айтылады:   экономикалық    өсуді   қолдау   үшін    елдегі    өндірістік    қуаттар    толық   пайдаланылуы    керек.    Ал,    біздегі    қазіргі   жағдайда    өнеркәсіп    кәсіпорындарының    біразы   тиімді    жұмыс   істемейді.    Сондықтан   да   бұл   модель    біздің   нақты   жағдайды    дұрыс    көрсетпеуі   мүмкін.  

            Сондай – ақ,   Домар    моделінде    “еңбек   нарығында     ұсыныс   басым    болуы   керек”    делінген.   Бұл   біздің    нақты   жағдайға     сәйкес   келеді.   Өйткені,    қазіргі    кезде    шындығында    да   еңбек   нарығында    жұмысшы    күші    жеткілікті,    бірақ    мәселе    сапа    туралы     және   кәсіби   жөнінде    болатын   болса,    онда  кейбір    күдік   туатыны    жасырын    емес.   Ал,   Харрод    моделінде    мына   жағдай   міндетті   түрде    болуы   керек:  “егер   жоспарланған    ұсынымның     өсу   қарқыны    кепіл -діктегіден    ауытқитын   болса,    онда   жүйе   тепе – теңдіктен    алшақтайды”.   Біздің   жағдайда    ұсынымның    ешқандай    өсу    кепілдігін    айтуға   да   болмайды.    Өйткені,   инфляция,   биржадағы    валюта   курсы -ның    әрқашанда    ауытқушылығы,    бағаның   өсуі    және  т.б.   Сондықтан    да    жоспарланған   ұсыным    өсімі   кепілдегіден    әрдайым   алшақтай   бермейді,    ал  мұның   өзі    бұл   модельді    біздің   нарық    жағдайында    қолдануды   қиындатады.

            1920 – 1950   жылдары   Харрод   және   Домар    модельдері    нақты     экономикалық   өсу   үрдістерінде   байқалады,   бірақ   одан  кейінгі    кезең -дердегі   даму   бағытын    талдауда    Р.  Солоудың    неоклассикалық    моделі    неғұрлым    табысты    пайдаланылды.  

            Нобель   сыйлығының    лауреаты    Р. Солоу   өндірістік    функция   аппараты    негізінде    макроэкономикалық   өсу   модельдерін    дайындау   елеулі    роль   атқарады.   1956  жылғы    ол   ұсынған   модель   макроэконо -микалық   өндірістік    функция    негізінде    көптеген   зерттеулердің    пайда   болуына     себеп   болды.

             Харрод – Домар    модельдерімен   салыстырғанда    Солоу    моделі    макроэкономикалық    үрдістердің    қасиетін    неғұрлым    анық    сипаттай -ды,    өйткені,    оның    мынандай     ерекшеліктері    бар:

            -   модельдің    өндірістік    функция    сызықтық     емес    және    шекті    өнімділіктің    кему    заңын    қамтып   көрсетеді;

            -   негізгі   капиталдың    істен   шығуын,   тозуын    ескереді;

            -  еңбек   ресурстарының   динамикасын    және    техникалық    дамуын    сипаттап  және   оның   экономикалық    өсуге    әсерін   анықтайды;

            -   тұтыну   деңгейін    ең   жоғарғы    сатысына   жеткізу    міндетін    шешуге   мүмкіндік   береді.   Солоу   моделінің    негізгі    шарты   мынандай:

            -   өндірістік    функция   мына   түрде   V = F(K,L);   көлемнен   тұрақты    қайтарымдылық   болады,    былайша    айтқанда  F(ZK ∙ ZL) = ZF(K,L).   Шектеулі    өнімділік    факторы    жағымды,   бірақ    азайтады   да.   Капиталдың   шығу   көлемі   W,   жалпы   көлемге    пропорционалды:   K : W = bk  ;  мұнда   b  -  шығу (тозу)  бірқалыптысы.

            -  қорлану  бірқалыптылығы  (инвестиция)  а - тұрақты,  инвестиция       - j = av;

           -   табыс   V,   тұтыну    мен    инвестицияға   бөлінеді:   V = C + j;

           -   жұмысқа   қамту   саны   L   тұрақты   n   қарқынмен    өседі;

           -   еңбексақтағыш    техникалық   прогресс    g   қарқында,   былайша   айтқанда    шартты    түрде    жұмыстан    босатылған    жұмыскерлерге    керісінше    жүргізіледі:   бір    жұмыскердің    тұрақты   тиімділігі   g  қарқынмен   өседі.

            Жоғарыда   келтірілген   шарт    бойынша   өндірістік   функцияны    еңбек   өнімділігіне    У = VL    және    оның    капитал    мен    қарулануына     k = KL    былайша    айтқанда    y = f(k)   тәуелді    деп   қарауымызға    болады.   Және   мына   қатынастарды    да   пайдалана     отырып: 

 V = F(K,L) = LF(K/L,1) = LF(K)    осы    қорытындыны     айтуға    болады.

             Солоу   моделі    біздің    жағдайдың    шындығына    жақын   келеді.   Онда   ҚР – да    кездесетін    барлық   факторлар   ескерілген.     Бірақ,   мұнда    да   кейбір   қайшылықтар   жоқ   емес.   Мысалы,    модельде   былай   айтылған:   қамтылған    жұмысшылар   саны    тұрақты   қарқынмен    өсіп   отыруға   тиіс,    ал   бідің   нақты   өмірде    қарқын   өзгермелі    болып   келеді   және    оған    қоса    жұмысқа    қамтылған    жұмысшылар    саны   өспеуі    де    мүмкін    немесе   керісінше    азаюы    да   ықтимал.

           Тағы   бір   маңызды    маңызды    сәйкес   келмеушілік    былайша,    еңбек   сақтағыш     техникалық   прогресс    біздің   елде   енді   ғана    білініп   келеді.    Кобба – Дуглас    моделінде    айтылған   ескерпелердей    “техникалық   прогресс”   түсінігін   біздің    отандық    емес,    шетелдік    ғылым   және    техниканың    өсуі,    ал   бізде    тек    импорттық    технология    көрінісі    ғана    бар   деп    айта   аламыз.

           Өткен   ғасырдың    екінші    жартысында    экономикалық   дамудың    неоклассикалық     моделі    пайда   болды.   Бұл   модельдің    негізгі    ерекшеліктері    барлық    экономиканың    дамуына    “импульс”    беретін    салалар    кешенін    құру    болды.   “Зор   дүмпу”   теориясы    өкілдерінің   бірі  -   А.   Хиршманның    “балансты    емес   экономикалық   өсу”    концепциясын   қарауға   болады.    Осы   теорияға   сәйкес    экономикалық     өсу   диспропорциясы    мемлекетті    инфрақұрылымдардың     дамуына    инвестиция   салуына    мәжбүр   етеді,   былайша   айтқанда:   көлік,    жол,    құрылыс   және   т.с.с.   салаларға.    Бұл   концепция    Қазақстан   саясатында   қаралады.    Қаралып   отырған    осы   теорияның    кемшілігі   мынада:   қуаты  толық   пайдаланбай,    шығынның     өсуі    нәтижесінде   болатын     жаңа    диспропорциялардың     пайда   болуында    екенін     айтқан   жөн.

           Р.   Лукастың    экономикалық   өсу    моделі    еңбек   өнімділігінің     өсуін,    инвестицияны   адам   капиталымен    байланыстырады.   Мұнда     өндіріс    көлемінің    икемділігі     бұл    факторға    қатынасы  -  0,4 – ке   жетеді,    былайша   айтқанда    адам    капиталына   жұмсалған     қаржының    10% - ға    артуы   өндіріс    көлемінің     өсімін    4% - ға    өсіреді.    Осы   талдауда    экономикалық   өсу   икемділігін     бағалау    НИОКР – ге    қатынасымен    алынған.   Мұның    өзі   0,06 – 0,1.    Бұл   теорияның    кемшілігі    әртүрлі     елдердегі     өсуі    қарқынына     дифференциялау     жасағанда,    оған   дәйекті    түсінік   берілмеген.            

Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.

Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-тендігінің шарттарын анықтауға болады.

Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретіңде  қарастырылады.

       Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың Кейнстік өсу үлгісіне қатынасы Кейнстік өсу үлгісі және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол — капитал.

Экономиканың өсуінің тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың   теңестірілуінің   шартында   пайда   болады.

       Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады.

Егер үлгіде берілген деңгейден жеке сектордың жоспарлы инвестициясының өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-тендік тұрақсыз болуы мүмкін.

Е. Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.

Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.

Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, кесіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.

Егерде алдыңғы кезеңдегі сұраныс туралы болжамдары ақталып, сұраныс ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.

Ал егерде экономикадағы сұраныс көлемі ұсыныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін кеңейтеді. Егерде керісінше ұсыныс сұраныстан көп болса, онда  олар өндіріс көлемін азайтады.

    Кепілдік пен нақты өсу қарқынының арасындағы сараптама мынадай қорьпынды жасауға мүмкіндік береді: егер кәсіпкерлердің өсу қарқынында айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап теңдестік жағдайынан алыстайды.

Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод «табиги» өсу қарқынын енгізеді. Бұл ең жоғары өсу қарқыны болып табылады. Осындай өсу қарқыны кезінде еңбек пен капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.

Кейнс үлгілерінің экономикалық өсуіне қарағаңда неоклассикалық өсу үлгілері көптеген шектеулерден айырылып, макроэкономикалық үрдістердің ерекшеліктерін дәл сипаттайды. Кейнс үлгісіндегі динамикалық тепе-теңдіктің тұрақсыздығының себебі, өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыра алмайтындығында екендігін Р. Солоу өзінің үлгісінде көрсетті. Ол үлгіде Леонтьев функциясының орнына Кобб-Дугластың өндіріс функциясын пайдаланды. Бұл функцияда өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыратын-дығы белгілі. Р. Солоу үлгісіндегі алғышарттар төмендегідей:

- капиталдың кемімелі шекті өнімділігі

- масштаб өсерінің тұрақтылығы

- ығысудың (капиталдың тозуы) тұрақты нормасы

- инвестициялық лагтардың болмауы. Факторлардың   бірін-бірі   алмастыруы   (капиталмен қаруланудың өзгерісі) технологиялық шарттармен ғана түсіндіріліп қоймайды және өндіріс факторларындағы" таза бәсеке нарығындағы неоклассикалық алғышарттарға байланысты болады. Экономика жүйесінің тепе-теңдікте болуы үшін қажетті шарт ол жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігі.

Бұл функция өнімділік пен капиталмен қаруландыру арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Бұл өндіріс функциясының тангенс бұрышы капиталдың шекті өніміне сәйкес келеді. Капиталмен қарулану өскен сайын капиталдың шекті өнімділігі кеміп отырады. Тауар нарығындағы ұсынысты өндіріс функциясы анықтайды, ал капиталдың жиналуын өндірілген өнімге деген сұраныс анықтайды. Өнім көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капитал көлемі инвестиция мен капиталдың ығысуы әсерінен өзгереді. Инвестиция капитал қорын өсіреді, ал ығысуды — азайтады.

Әл-ауқаттылықтың тұрақты өсуінің негізі ретінде техникалық прогресс қарастырылады және жоғары тұтынуды қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты табуға мүмкіндік береді. Қарастырылған үлгіде кемшіліктер жоқ емес. Үлгіде тұрақты тепе-теңдік жағдайын ұзақ мерзім кезеңінде қарастырады, бірақ өмір деңгейі мен өндіріс динамикасының қысқа мерзім кезеңіндегі жағдайы экономикалық саясат үшін маңызды. Солоу үлгісінің көптеген экзогенді айнымалыларын үлгінің ішінде анықтау керек еді, өйткені олар басқа параметрлермен тығыз байланысты және соңғы нәтижеге әсер етеді.

Үлгіде бірқатар өсудің шектеулері жоқ, мысалы, ресурстық, экологиялық, әлеуметтік. Үлгіде пайдаланылған Кобб-Дуглас өндіріс функциясы өндіріс факторларының кейбіреуінің бір-бірімен байланысын бейнелейді, бұл байланыстар экономиканың нақты жағдайын көрсетпейді. Осы және басқа да кемшіліктерді экономиканың өсуінің жаңа теориясы ескеруге тырысады.

Неоклассикалық үлгіде өнім көлемі экономиканың тұрақты жағдайында қарқынымен өседі, ал адам басына шаққандағы өнім қарқынымен өседі, демек тұрақты өсу қарқыны экзогенді анықталады. Эндогенді өсудің қазіргі заманғы теориясы үлгінің ішінде тұрақты өсу қарқынын анықтауға ұмтылады.

Эндогенді түрде барлық факторлар мен сандық және сапалық ресурстық, институционалдық байланыстыруға тырысады.

"Ұсыныс экономикасының" тұжырымын ұстағандардың айтуынша, толық жұмыспен қамтылу жағдайында өсу қарқынының ұлғаюы нарықтық жүйеге сырттан реттеуді қысқарту нәтижесінде мүмкін болады.

Экономистер арасында экономиканың өсуін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі жөніндегі көзқарастары әр түрлі.

Айтылған көзқарастың біреуіне сай төменде сипатталатын басты сатылардың болуы маңызды. Бұл талап көбінесе экономиканың өсуінің қиындығынан пайда болады, бұған экономикасы артта қалған мемлекеттер кезігеді.

Ерекше   ынта   туғызатын    М.   Калецкийдің    өсу   теориясы.   Ол   барлық    модельдер    үшін     бірыңғай    жағдайдың     болу   мүмкіндігін     жоққа    шығарды.    Мына   жағдайды   ол   дәлелдеуге   тырысты:   әр    әлеуметтік    жүйе    белгілі   өсу   теориясына     және    ұлттық    табыстың     өсу    қарқынының    сондай   бір    формуласына    сәйкес   келеді.   Оның    осы    тәсілінің    нәтижесінде    арнайы    бірінші   реттегі    маңызы,    белгілі    қоғамның    әлеуметтік   жағдайы    үшін    берілетіндігі    өсу    теориясын     дайындауда     ресейлік   ғалымдардың     еңбегінде    ерекше    көңіл    бөлінген.  (А.И.  Ноткин,   А.И.  Анчишкин,   Ю.В.  Яременко),    сондай – ақ   отандық    ғалымдар    (С. Байзақов,   А.  Есентугелов,   С.  Қасымов    және   басқалары)    біздің    жағдай   үшін      экономикалық   өсудің    мәнін    ашуға     олар    таяу     қалды    десек   те   болады.   Бұл    теориялық    ой – пікір    мұрасын    біз   қабылдап,    қарулануымыз   керек,  егер    біз    қандай   өсу    теориясын    табуға    тиіспіз    деген   сұраққа   жауап   тапқымыз  келсе.

           Сонымен   ұзақ   мерзімді    экономикалық    өсу,    тек    сандық    көлемде    ғана   емес,    сапалық   жағынан   да    жақсаруы  керек.   Мәселен,    жоғары   технологияны    және    инновацияны    өндіріске     енгізу    экологиялық    проблемаларды    шешу    және    халық    тұрмысының   сапасын     жақсарту    негізінде    өндіріс    тиімділігін    арттыру    қажет    болады.    Сондықтан   да   Қазақстан     экономикасы    мемлекттің    экономикалық    өсу    жағдайын    дайын   жасауға   және   оны    қамтамасыз    етуге    тиімді   араласуын    қажет  етеді.  

     

 Қазақстан Республикасындағы  экономикалық өсудің ерекшеліктері

        Қазақстан Республикасы экономикасының өсуі.  Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады. Халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлату мемлекеттің әлеуметтік саясатындағыең басты басымдылықтарыдң бірі болып табылады. Экономикалық ілгері басудың жоғары қарқындары халықтың өмір сүру деңгейіне оңды әсері етті. Жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімі, сонымен қатар елдегі жұмыссыздықты азайту бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында 2005 жыды табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 9,8 % дейін, және табысы азық – түлік қоржыныың құнынан төмен халықтың үлесі 1,6% дейін азайды. Күнкөріс төмен табысы бар халық үлесінің қысқаруымен кедейлік те төмендеуде. 2000 жылдан бастап кедейліктің осы индикаторының тұрақты төмендеуі, күнкөріс шамасының деңгейінен табысы төмен үй шаруашылықтары мүшелерінің саны үнемі азаюынан, кедейлердің табыстары көбейіп, кедей үй шаруашылықтарынң табыстарындағы айырмашылықтар деңгейлесуін куәландырады.

Кесте 1.  

 Халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері

 

 

 

 

 Жан басына есептегендегі ЖІӨ

 

   

     Жыл

ЖІӨ нақты өзгеруі өткен жылғы %

 

Мың теңге

АҚШ доллары Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша

АҚШ доллары СҚП бойынша

Жұмыссыздық деңгейі %

Күнкөріс шамасының деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі %

1996

100,5

90,9

1350,4

4682,0

13,0

34,6

1997

101,7

109,0

1445,5

4682,0

13,0

38,3

1998

98,1

115,0

1468,6

4379,0

13,1

39,0

1999

102,7

135,1

1130,1

4293,0

13,5

34,5

2000

109,8

174,7

1229,0

4487,0

12,8

31,8

2001

113,5

218,8

1490,9

5219,0

10,4

28,4

2002

109,8

254,1

1658,0

5862,0

9,3

24,2

2003

109,3

309,3

2068,0

6532,0

8,8

19,8

2004

109,6

391,0

2874,2

7260,0

8,4

16,1

2005

109,4*

492,1*

3703,1*

8060,0

8,1

9,8

 

Елдегі макроэкономикалық жағдайдың жақсаруымен жалақы мен зейнетақының  өсімі белгіленеді. 2005 жылы орта айлық атаулы жалақы 34066 теңгені құрайды, ал орта айлық зейнетақының мөлшері базалық зейнетақы төлемдерін ескере 11877 теңгеге дейін өсті. Қызметкерлер мен зейнеткер үшін материалдық заттай тұрғыдан қарағанда жалақының сатып алу қабілетінің маңыздылығы – оларды тауарлармен және қызметтермен нақты толтыру мүмкіндіктерінде.

Зейнетақы мен жалақының сатып алу қабілетінің серпінді (орта айлық атаулы жалақының немесе зейнетақы мен тиісінше, еңбекке жарамды немесе зейнеткерлік жастағы бір адамға есептелген күнкөріс шамасының ең төменгі деңгейінің ара - қатынасы) олардың жыл сайынғы өсімін сипаттайды. Егер 2001 жылы атаулы жалақының сатып алу қабілеті 3,5 есені, зейнетақының сатып алу қабілеті 123,9% құраса, онда 2005 жылы бұл көрсеткіш тиісінше, 5,2 есе және 231,6% құрады.

 

 

 

 

Кесте 2.

Жалақы мен зейнетақының сатып алу қабілеттілігі

 

 

2001

2002

2003

2004

2005

Орат  айлық атаулы жалақы, теңге

17303

20323

23128

28329

34066

Жалақының ең төменгі мөлшері, теңге

3484

4181

5000

6600

8100

Жан басына шаққандағы орта есеппен күнкөріс шамасының ең төмен деңгейі, теңге

 

4596

 

4761

 

5128

 

5427

 

6014

Еңбекке жарамды жастағы адамның ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге

 

4960

 

5145

 

5552

 

5865

 

6504

Атаулы жалақының сатып алу қабілеттілігі (еңбекке жарамжы жастағы адамның күнкөріс шамасының ең төменгі деңгейімен ара - қатынасы)

 

 

 

3,5

 

 

 

4,0

 

 

 

4,2

 

 

 

4,8

 

 

 

5,2

Ең төменгі мөлшердегі жалақының сатып алу қабілеті (ең төменгі мөлшердегі жалақының және еңбекке жарамды жастағы адамның күнкөріс шамасының ара – қатынасы %)

 

 

 

 

70,2

 

 

 

 

81,3

 

 

 

 

90,1

 

 

 

 

112,5

 

 

 

 

124,5

Бір зейнеткерге тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге

 

4773

 

5655

 

8060

 

8451

 

11877

Зейнетақының ең төменгі  мөлшері, теңге

 

4000

 

4336

 

5500

 

5800

 

6200

Зейнеткердің күнкөріс шамасының ең төменгі деңгейі, теңге

 

3851

 

4086

 

4370

 

4683

 

5128

Орташа зейнетақы мөлшерінің сатып алу қабілеттілігі (орташа зейнетақы мөлшері мен зейнеткердің күнкөріс шамасының ең төменгі дейгейінің ара – қатынасы %)

 

 

 

 

123,9

 

 

 

 

138,4

 

 

 

 

184,4

 

 

 

 

180,5

 

 

 

 

231,6

Ең төменгі мөлшердегі зейнетақының сатып алу қабілеттілігі (ең төменгі мөлшердегі зейнетақы мен зейнеткердің күнкөріс шамасының ең төменгі дейгейінің ара – қатынасы %)

 

 

 

 

103,9

 

 

 

 

106,31

 

 

 

 

125,9

 

 

 

 

123,9

 

 

 

 

120,9

 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақының сатып алу қабілетін қарастырған кезде, оның 2001 жылмен салыстырғанда 2005 жылы барлық бағыттар бойынша көтерілген атап өту керек. Жалақының сатып алу қабілетінің өскендігі, әсіресе әртүрлі қызметтердің ұсыну саласында, қонақ үй және мейрамхана бизнесінде, денсаулық сақтау саласында байқалған.

Халықтың табыстары елдің экономикалық дамуының және адамдардың әл – аухаты өсуінің анағұрлым жалпы  көрсеткіші болып табылады. Табыстардың нақты толықтырылуының  өсімі бағалар өсуіне тәуелді. Халықтың ақшалай табыстары мен тұтыну бағаларының теңгерімді өсімі, халықтың әл – аухаты көтерілуінің кепілі болып табылады. 2005 жылы халық табыстары Қазақстанның  барлық өңірлеріндегі күнкөріс шамасының ең төменгі деңгейінен асты, ал Астана және Алматықалаларында – 2-3 есеге артты.

Тұтынуға жұмсалған табыстардың сатып алу қабілеті (күнкөріс шамасының ең төменгі деңгейімен ара - қатынасы) табыстардың материалдық толықтырылуының нақты өсімінің толық көлемде көрсетеді.

Елдегі күнкөріс шамасының ең төменгі деңгейі 2001 жылы айына 4596 теңгеден 2005 жылы айына 6014 теңгеге дейін (30,9% - ға) өскеніне қарамастан, орташа жан басына шаққандағы табыстардың сатып алу қабілеттілігі 2001 жылғы 124,7% - дан 2005 жылы 162,1% дейін көтерілді. Демек, ол Астана қаласында (323,3%) және Алматы қаласында (203,0%) анағұрлым жоғары болды.

Табыстар мен олардың сатып алу қабілеттілігінің өсуімен, республикадағы кедейлік сақталуда. өңірлердегі өмір сүру жағдайлары, табиғи климаттық жағдайларға, демографиялық факторларға және өндірістің орналасуына қарай әр түрлі.

Қазақстан аумағында кедейліктің бөлінуі де бір қалыпты емес. Табыстары күнкөріс шамасының ең төменгі деңгейіндегі халықтың анағұрлым көп үлесі бар обылыстар Атырау және Қызылорда обылыстары жатады (тиісінше, 25,0% және 16,3%). Алматы қаласында табыстары  күнкөріс шамасының ең төменгі деңгейдегі халықтың үлесі 2005 жылы не бары 0,3% астана қаласында – 1,1% құрады. Қазақстанның қалған өңірлерінде табысты төмен халықтың үлес салмағы 4,7%- дан 13,6% шамасында болады.

Кедейлер саны индексінің серпіні, қалалық және ауылдық жерлерде оның тұрақты түрде төмендегенін айқындады. Қаладағы кедей халықтың үлесі 2001 жылғы 20,0% - дан 2005 жылы 5,3%  - ға дейін, ауылда 38,5% - дан 15,3% - ға дейін төмендеді. Бірақ бұрынғыдай кедейлік ауылдық жерде анағұрлым көп дәрежеде таралған, бұл ең алдымен, қала мен ауыл халықтарының  табысы деңгейлеріндегі айырмашылықтың салдары болып табылады

 

Кесте 3

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы*

 

 

 

2005 жыл

бағалау

болжам

 

2006 жыл

2007 жыл

2008

жыл

ЖІӨ, млрд. теңге

7300

8676

9881

11272

ЖІӨ-нің нақты өзгеруі өткен жылға %-бен

109,4

108,3

108,3

108,9

ЖІӨ дефляторы, %

113,7

109,8

105,1

104,8

ЖІӨ, ресми бағам бойынша млрд. АҚШ долл.

54,9

65,3

74,4

84,8

ЖІӨ, сатып алу қабілетінің шамасы (СҚШ) бойынша млрд. АҚШ долл.

157,5

173,0

192,1

214,5

Жан басына шаққандағы ЖІӨ,  ресми бағам бойынша млрд. АҚШ долл.

3620

4263

4814

5450

Жан басына шаққандағы ЖІӨ,  СҚШ бойынша АҚШ долл.

10385

11294

12436

13789

Тұтыну бағаларының индексі,

 

 

 

 

бір жылға орта есеппен %-бен

7,6

5,7-7,3**

5-7

5-7

 Тауарлар экспорты, млн. АҚШ долл. (ФОБ)

28249,0

28761,3

28616,2

29562,1

 Тауарлар импорты, млн. АҚШ долл. (ФОБ)

17882,5

20360,5

22147,9

24096,3

Сауда теңгерімі, млн.  АҚШ долл.

10366,6

8400,8

6468,3

5465,8

Негізгі капиталға инвестициялар

 

 

 

 

өткен жылға %-бен

122,1

115,0

115,0

114,0

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі

 

 

 

 

     өткен жылға %-бен

106,7

102,0

102,2

103,0

Өнеркәсіптік өнім көлемі

 

 

 

 

өткен жылға %-бен

104,6

104

104,2

106,7

Құрылыс

 

 

 

 

өткен жылға %-бен

134,1

115,0

112,0

110,0

Көлік қызметтері

 

 

 

 

өткен жылға %-бен

104,8

106,6

107,0

108,0

Байланыс

 

 

 

 

өткен жылға %-бен

127,7

122

122

120

Сауда

 

 

 

 

өткен жылға %-бен

109,5

109,5

109,7

110,0

    Еңбек өнімділігінің өзгерісі, өткен жылға %-бен

6,6

6,3

6,6

 

 

 

Кеңес жүйесінде кедейшіліктің ресми түрі болған жоқ, бірақ жағдайы нашар отбасылардың болғаны белгілі. Халыққа әлеуметтік ақша төлемдерін төлеу жұмыссыздардың қажеттілігін қанағаттандырды. Кеңес жүйесінде кедейшіліктің ресми түрі болған жоқ, бірақ жағдайы нашар отбасылардың болғаны белгілі. Халыққа әлеуметтік ақша төлемдерін төлеу жұмыссыздардың қажеттілігін қанағаттандырды.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы секторында орын алған мәселелер экономиканың нақты секторының әлсіздігі мен тиімсіздігінен туындайды. Экономикалық дамуымызға кедергі жасайтын келесі қатерлерді атауға болады:

- шикізат экспортына тәуелділіктен туындайтын сыртқы тітіркендіргіштерден (факторлардан) тәуелділік;

- сыртқы қарыздың артуы: мемлекеттің халыкаралық Валюта Қоры алдындағы қарызының өтелгендігімен, банк секторы мен жеке кәсіп-орындардың мемлекеттік кепілдікпен алған қарыздарының жиынтық сомасы үлкен;

- экономика құрылымының деформациялылығы, өндіруші өнеркәсіптің басымдылығы;

- экономиканың өндіруші және өңдеуші секторларында ғылыми сыйымды өндірістердің жоқгығы, бар болса аздығы;

- өндеуші өнеркәсіп бәсекелестігінің сапа-лығы төмен деңгейі;

- Ішкі инвестициялардың төмен деңгейі,жинақтау нормасын көтеру қажет;

- теңгенің шынайы бекуінің, үзақмерзімдеүлттық экономика үшін тиімді болғанымен, қысқа мерзімдік тұрғыда тиімсіз болуы (алдыңғы қатерлермен байланысты);

- өзге елдермен сауда байланысындағы тауар айырбасының "кемтар-лығы": минералдық ресурстар экспорты мен инвестициялық тауарлар импорты;

- тікелей инвестиция жасаушы шетелдік әріптестердің Қазақстанға құйылатын шетел инвестицияларының басым бөлігін өздерінің кірістері ретінде кері кетуі, сөйтіп ұзақ мерзімдікперспективада теңгенің күшеюіне соққы болатын шетелдік валюта көлемінің азаюы (капиталдың сыртқы ағылуы және инвестициялық кірістің тапшылығы) — осы жағдайлар инвесторлар жұмысының шарттарын одан әрі жетілдіруді талап етеді;

- шағын және орта кәсіпкерлік дамуындағы инновациялық– техно-логиялық   сапаның төмендігі. Экономиканы диверсификациялауда оның маңызы зор. Қоғамдағы түрақтандыру факторы регінде кәсіпкерлікті өркендетудің  өзектілігін Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев талай рет  ескерт-кендігі мәлім.

Қазақстан, 2000 ж. Европаның бірқатар елдерінің қолдауымен нарықтық экономикалы мемлекет деп ресми танылғанымен, әзірге өркениетті нарық қатынастарының дамуы тұрғысынан буыны бекімеген ел болып табылады.

Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, ал қазір оларға Малайзия, Индонезия және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз — Қытай жоғары қарқын танытып отыр. Индия мен Бразилия да өз қуатын еселей түсіп келеді. Бізге достас Ресей де жуық арада үлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенімдіміз. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да „көптеген" параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай  табыстарының  нәтижесінде  бұл  елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.

Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.

   Биылғы жылдың  28 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етіп, онда 2007 – 2008 жылдардағы кезеңге арналған басымды міндеттерді айқындап көрсетті.

                Жолдаудың басым бөлігі экономикалық өрлеу мәселелеріне арналғанымен, әлеуметтік бағытталушылық мәнге ие болып отыр.

Осы ретте Елбасының сөзінен мынадай цитата келтіре кетейін:

«Біз үшін ең бастысы – маңызды әрі көкейкесті өмірлік қағидаттарды іске асыру үшін қазақстандықтарға:

·       отбасын қамсыздандыру;

·       тұрғын үй иелену;

·       денсаулықты нығайту;

·       зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайлар туғызу болып табылады».

Біз Мемлекет басшысының стратегиялық жоспарларын табысты іске асырудың тұжырымдамалық тұрғыдан алғанда екі құрамдас негізінің бар екенін түсінуіміз қажет.

Бірінші құрамдас негізі – бұл халықтың әлеуметтік, экологиялық, энергетикалық қажеттіліктерін қолайлы деңгейде қамтамасыз ету.

Екінші құрамдас негізі – бірінші құрамдас негізді іске асыру үшін қажетті ресурстар қалыптастыру. Мұны біз экономикалық және саяси ресурстарды дамыту, елемізді барынша қамтамасыз етілген елдер деңгейіне көтеру жолымен іске асыра аламыз.

Биылғы жылы Президент Қазақстанның жан-жақты жаңғырта жаңаруы жаңа кезеңінің басты басымдықтары арасынан ішкі және сыртқы саясатымыздың 10 міндеті мен 30 маңызды бағытын, оның бірі әлеуметтік саясатты айқындап берді. Соңғы жылдары ол екі параллель бағытта қалыптасқан болатын, халықтың әл-ауқатын жалпы жақсартумен қатар табыстарының деңгейі аз адамдарға айтарлықтай нысаналы қолдау көрсетілді. Ағымдағы жылы Президент халықты әлеуметтік қолдаудың шеңберін кеңейте түсті.

Біріншіден, балалары бар отбасыларға айрықша маңыз берілді. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері екі есе ұлғайтылып, 2008 жылдың басынан бастап 34740 теңгені құрайтын болады. Баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақы:

·            тұңғыш бала туғанда – 177 пайызға (5790 теңгеге);

·            екінші бала туғанда – 167 пайызға (6369 теңгеге);

·            үшінші және төртінші бала туғанда сәйкесінше 159 пайызға           (6948 теңгеге) және 153 пайызға (7527 теңгеге) көбейтілетін болады.

Президент жариялаған ана мен баланы әлеуметтік қорғау саясатының демографиялық көрсеткіштер тұрғысынан пәрменді болуына бәріміз де іс жүзінде көз жеткізіп отырмыз. Егер 1999 жылдан 2002 жылға дейін дүниеге келген балалардың орташа жылдық саны 46,6 мың баланы құраған болса, балалар жәрдемақысының барлық түрлерін енгізгеннен кейін бұл көрсеткіш 2003 жылдан 2006 жылға дейінгі кезең ішінде 56,8 мың балаға жетті.

Өткен жылы баланы тууға байланысты біржолғы жәрдемақы алуға 60 мың отбасы өтініш білдірген және төлемдердің жалпы көлемі 926 млн.теңгені құрады, ал 2008 жылы ол 2,4 миллиардтан астам теңгені құрайтын болады немесе бұл өткен жылғыдан 1,5 млрд. теңгеге артық болмақ.

Қазіргі таңда баланы 1 жасқа толғанға дейін күтіп-бағу бойынша тағайындалатын балалар жәрдемақысын  49 мың  отбасы алуда. Біздің есебіміз бойынша, болжамды туу көрсеткіштерін ескерсек, 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша төленетін балалар жәрдемақысының жалпы көлемі 3,7 млрд. теңгеге артады немесе ағымдағы жылға қарағанда 3,4 есеге көп болады. Ал, облыста тұрып жатқан отбасылардың  20 пайызының  3 баласы және 24 пайызының 4 баласы бар екенін ескерсек, келер жылы отбасы бюджетінің  ай сайынғы қосымша кірісі 2613 теңгені құрайтын болады.

Екіншіден, зейнетақы мөлшері де ұлғаяды.

2008 жылдан бастап зейнеткерлерге берілетін іргелік зейнетақы, олардың жұмыс өтілі  мен жалақысына қарамастан, тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің  40% деңгейінде немесе 4 мың теңге  болады.

Осыған байланысты келер жылы облыс бойынша 160 мың зейнеткердің  зейнетақысы өседі. Олардың ішінде 66 пайыз зейнеткерлердің  орташа зейнетақы мөлшері іргелік зейнетақыны есепке алғанда 2008 жылы 12500  теңгеден (2006 жылғы) 14070 теңгеге дейін көтеріледі, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері іргелік зейнетақыны есепке алғанда 25712 теңгені құрайтын болады. 

Үшіншіден, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зиянды және ауыр еңбек  жағдайларында жұмыс істеген адамдарға  ай сайынғы арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу енгізіледі.

Төртіншіден, биыл бюджет саласында жұмыс істейтін 149 мыңнан астам қызметкерлердің жалақысы  30 пайызға көтерілсе, келер жылдан бастап бір лауазымдық  оклад мөлшерінде сауықтыруға арнап жәрдемақы төлеу енгізілмек. Тек біздің облыс бойынша бұл сома 3,2 млрд. теңгені құрайтын болады.

                Бесіншіден, Жолдауда әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға  айрықша көңіл бөлінген.

Алдағы 3 жыл ішінде 100 мектеп және 100 аурухана салу көзделіп отыр.

Бұл тапсырманың дер кезінде және уақыт талабына сай  берілгені  айқын. Дәл қазіргі таңда облыста 1011 мектеп бар, оның ішінде 55 мектепте балалар 3 аусымда және бір мектепте 4 аусымда оқып жатыр. Жыл сайын бірінші сыныпқа баратын балалардың орташа саны 25 мың адамды құрап келсе, 2008 жылы  12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді есепке алғанда, бірінші сыныпқа 52 мың бала барады. 

Бұдан бөлек, осы жылдан бастап медициналық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативтері енгізіледі. Оларды есепке алсақ, бізге медициналық ұйымдардың  47-ден  астам бірлігі жетіспейді. 

Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық стратегиямыз макро-экономиканы   түрақтандыру болды, бүл мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту мен қатал монетарлық және несие саясатын дәйекті жүргізуді білдіреді. Бүгін біз осы мәселені шешуге бүрынғыдан да жақын түрмыз. Бірақ бүгінгі табыстарымыз тоқмейілсуге негіз бола алмайды.

Халықаралық тәжірибенің сабақтары айқын. Экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдын-дағы кезеңде жоғары инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолданған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалаған. Бұл жолдан ауытқығандар сәтсіздікке ұшырады. Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе енгізілуге тиіс. Ол — инфляция мен бюджет тапшылығының төмен болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын көздейді. Бұл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен Чилиде іске асты. Қазақстанда да іске асады. Біздің алдымызға не инфляция, не экономика-лық өрлеу деген таңдау қойылған жоқ және қойылмайды да. Түпкілікті мақсат экономикалық  өрлеу екенін және макротұрақтандыру осы мақсатқа жетудің құралы ғана екенін біз назарда ұстауға тиіспіз. Әрине, басқа процестерге қара-ғанда қаржылық тұрақтанудың көптеген әлеуметтік топтардың жағдайын қиындатқаны белгілі. Бірақ жүйелі және құрылымдық қайта құру жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді. Нарық — қатаң қаржылық жауапкершілікке толы демократия. Халықтың көпшілігі мүны енді түсінді. Әрине, макротұрақтандыруға ауыр тоқырау мен ақшаның жетіспеуі ілесе жүрді. Бірақ нақты секторды құрылымдық қайта құру жүріп жатыр, еңді таяу арада ақша және тауар массасы қажетті сәйкестікке жетеді.

Уақыты келгенде өмір мен жұмыстың қиын кезеңінде шыныққан адамдар да бүл дағдарыстан шығады. „Таршылықты көрмеген кеңшіліктің парқын білмейді" дейді қазақ мақалы. Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, біз стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттаймыз. Бірақ экономикалық, тіпті жалпы-мемлекеттік стратегия монетарлық саясатқа сай келмейді, сондықтан біз бүгін неғұрлым кең және бара-бар мүмкіндікке иеміз. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз. Ұзақ мерзімді болашақтағы макротұрақтандыру туралы әңгіме болғанда біз осы салада пайда болатын қауіпті болдырмауға әзір болуға тиіспіз. Пайдалы қазбаларымызды игеруте және экономиканың жекелеген секторларындағы үміт артып отырған экспорттың үлғаюы біздің валютамыздың бағамын едәуір қиындыққа ұшыратып, оны көтеріп жіберуі мүмкін. Ал мұның өзі басқа салаларды, ең алдымен экспорт және қайта өңдеуші салаларды „жоғалту" қаупін төндіреді. Сондықтан валюталық нақты ақша ағымының бір бөлігін импортты кең қолданбастан игере білуіміз керек. Бірақ адам санының аз болуына және қазірше халықтың сатып алу қабілетінің төмен болуына байланысты Қазақстанның ішкі рыногы өте шағын. Сондықтан дүниежүзілік тәжірибені және инвестициялар нарығындағы жүмыс істеп тұрған тетіктерді мұқият зерттеп алып, шетелдегі қаржы инвестицияларының стратегиясын алдын ала әзірлеу керек.

Біз аяқтаған бағаны ырықтандыруға енді күмән келтірілмейді және өзгеріс болмайды. Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады. Кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен аяқ-талды. Енді оны, ең алдымен аграрлық кешен мен әлеуметтік салада түпкілікті аяқтау және акциялар-дың айналымы процесін дәл реттеу керек. Стратегиялық сипаттағы кәсіпорындардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері орынды пайдаланылатын болады. Ырықтандыру жолында біз үлкен жетістіктерге жеттік, бірақ ауыл шаруашылығында, өндірістің бірқатар салалар мен әлеуметтік секторда нарықтық қатынастар төмен деңгейде қалып отыр. Өндірістік сектор бүтіндей дерлік меншік иелері алдында есеп бермейтін немесе есеп бергенситін олақ және жемқор басшылардың іс-әрекетінен туған төлем жүйесі дағдарысынан зардап шегіп отыр. Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің жағдайымыз ашық экономика мен еркін сауда құруды талап етеді.

Өздеріңіз көріп отырғандай, Елбасымыз ел экономикасын, халық жағдайын көтеру барысында үлкен міндеттер қойып отыр. Олардың біздің бүкіл қоғаммен, барша азаматтардың түпкілікті мүдделерімен келісілген кезеңдік және стратегиялық шешімі Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың жаңа көкжиектеріне алып шығады. Жолдаудың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталуының өзі көңілімізді көкке өрлетті.

Саяси реформалар мен демократиялық жаңғыртулардың жаңа міндеттері, тіршілігімізді тұтас қамтыған экономикалық дамуымыздың тұрақтылығы, өмір сапасының жақсаруы өркениеттік өрісімізді кеңітіп отыр.

       Мемлекет басшысы Үкімет алдына қойған мақсаттарға қол жеткізу қажеттілігін ескере отырып, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жалғастыруда сабақтастықты растап, Үкімет басты мақсат ретінде Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық шарттар құруды айқындайды. Бұл таяудағы он жылда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2003–05 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижелері.

Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты ретінде айқындалған.

Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті.

2003 – 2005 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде.

2003 – 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің 7-7,5 % мөлшерінде орташа жылдық нақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланған.

Үкіметтің теңгерімді экономикалық саясаты және реформаларды серпінді жүргізу 2003 – 2005 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің өсуінің орташа жылдық қарқынын жылына 9,4 % мөлшерінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша ЖІӨ-нің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4 %-ды құрады.

Қазақстан халқының өмір сүру әл-ауқатын арттыру экономикалық өсумен барабар жүргізілуде. Осы салада 2006 жылы халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ-нің деңгейін 2600 АҚШ долларына дейін арттыру міндеті қойылды.

Алайда экономиканы өсірудің жоғары қарқыны 2005 жылдың қорытындылары бойынша-ақ осы көрсеткіштен едәуір асып түсуге мүмкіндік берді. Алдын ала деректер бойынша 2005 жылдың қорытындылары бойынша халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ 3620 АҚШ долларын құрады. Тұтастай алғанда 2003 – 2005 жылдары халықтың жан басына шаққандағы есеппен
ЖІӨ-нің көлемі 1,3 есеге өсті.

Мұндай даму экономикада құрылымдық реформаларды ауқымды жүргізу нәтижесінде мүмкін болды, оған Үкімет басым мән береді.

Макроэкономикалық ахуал тұтастай алғанда тұрақты болып қалуын жалғастырды және экономиканың серпінді өсуіне ықпал етті. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы белгіленген параметрлерден шыққан жоқ, қаражатты Ұлттық қорда жинақтау жөніндегі саясат жалғасты, оның активтері жыл басында 8 млрд. АҚШ долларынан асты.        

Үкіметтің алдыңғы Бағдарламасын қабылдау сәтінде Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты орташа жылдық инфляцияны
2003 – 2004 жылдары 4-6 % шегінде ұстап тұру, оны 2005 жылға қарай 3-5 %-ға дейін және 2006 жылы 4,5 %-ға дейін төмендету болатын.

Алайда 2003 – 2005 жылдары инфляция деңгейінің артқаны байқалды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2002 жылы 5,9 %-дан 2005 жылы
7,6 %-ға дейін ұлғайды.

Инфляция қарқынының жылдамдауы бірқатар микро- және макроэкономикалық факторларға негізделген. Олардың ішінде шетелдік валютаның елеулі ағынын, бюджет шығыстарының ұлғайғанын, сондай-ақ халықтың кірісінің өскенін бөліп айтқан жөн.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының табыстарын барлық халықаралық қаржы және рейтингілік агенттіктер таныған болатын. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның іс жүзінде барлық әлемдік рейтингілерінің тұрақты түрде жақсарғаны байқалады.

2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating,s рейтінгілік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша  «ВВВ» дейін және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін өсірді.

 Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған Бәсекеге қабілеттік жөніндегі есепте бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан 2005 жылы тұңғыш рет қатыса отырып, ТМД-ның барлық елдерін арттыра қалдырып,
61-орынға ие болды.

2006 жылғы қаңтарда жарияланған экономикалық бостандық рейтингінде Қазақстан бір жыл ішінде 17 орынға жоғарылап, Ресейді (122-орын) басып озып және Қытайға (111-орын) етене жақындай отырып 113-орынға ие болды.

Сонымен қатар өткен жылдардағы экономиканың даму қорытындыларын талдау, Қазақстанның беделді халықаралық ұйымдар тарапынан рейтингілік бағасы олармен жұмыс істеуге тура келетін шешілмеген проблемалар әлі де көп екенін көрсетеді.

Ең басты проблема белгілі бір табыстарға қарамастан, әлемнің дамыған экономикасы бүгінгі таңда қызметтер мен технологияларды тұрақты түрде жетілдіру есебінен дамып отырғанда, Қазақстан экономикасының бәрі бір басым түрде шикізат болып қалуының жалғасуында.

Дамыған елдерде ЖІӨ өсімінің жартысынан көпшілігі жаңа технологиялық шешімдермен қамтамасыз етіледі. Мұндай экономика неғұрлым орнықты, өйткені олар ұзақ мерзімді бәсекелес басымдықтарға ие. Олар әртараптандырылған, демек – перспективалы және тұрақты.

Үкімет дәл осындай экономика Қазақстанның бәсекеге ең қабілетті елдердің тізімінде лайықты орынды жеңіп алуына мүмкіндік береді деп санайды.  

Мемлекет басшысы өзінің 2005 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында қажеттілігін атап өткен елді жедел жаңғырту инновацияларға, экономиканы өсірудің жаңа бағыттарын құруға және елдің дәстүрлі бәсекелес басымдықтарын жақсы пайдалануға негізделген дамудың барлық бағыттары бойынша сапалы серпінді секірісті талап етеді. Бұл адамдардың өмір сүру сапасын және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Үкіметтің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасының басым бағыттары.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкіметтің
2006 – 2008 жылдарға арналған қызметінің басым бағыттары мыналар болып белгіленді:

ü       Қазақстан экономикасын жаңғырту және оның серпінділігі;

ü       Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету;

ü       әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын осы заманғы әлеуметтік саясат.

Таяудағы үш жылда Үкімет Бағдарламаны орындаудың мынадай шешуші индикаторларына қол жеткізу міндетін алға қояды.

Экономиканың серпінділігін қамтамасыз ету үшін жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсімі 8,5 % мөлшеріне жететін болады. Экономиканың жалпы өсімі үш жыл ішінде 27,7 %-ды құрайды. Бұл 2008 жылы 2000 жылға қарағанда ЖІӨ-нің екі еселенуі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуге мүмкіндік береді.

Тұрақты макроэкономикалық шарттарды қамтамасыз ету мақсатында орташа жылдық инфляция деңгейі 5 – 7,3 % дәлізінде ұсталатын болады.

Еңбек өнімділігін жыл сайын 6,3–7%-ға өсіру есебінен жылдамдатылған экономикалық дамуға қол жеткізілетін болады.

Экономиканы дамытудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін экономиканың барлық салаларын жылдам дамыту үшін қолайлы жағдай жасалатын болады. Өнеркәсіп өндірісінің орташа жылдық өсімі 5 %-ды құрайды, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте – 6,7 %. Негізгі капиталға инвестициялар орта есеппен жылына 14 – 15 %-ға өсетін болады.

Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен стандарттарын арттыру мақсатында халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2008 жылы 5450 АҚШ долларына дейін жетеді, бұл бүгінгі деңгейден 1,5 есеге жоғары.

 Тұйықтық пен өз рыногын оқшаулау әрекетінен гөрі мұндай саясат елдер мен құрылықтар арасын әлдеқайда жылдам жалғайды.

Біздің ұлттық капиталымыз кішкентайынан бастап шынығып, өз рыноктарында күресуге даяр болуға тиіс. Бұл өте күрделі міндет, бірақ онсыз ол ертең сыртқы рыноктарда жеңіп шыға алмайды. Бірақ қазір ол жас әрі әлсіз болып тұрғанда, жаңадан тәй-тәй басып келе жатқанда қорғансыз жағдайда тұр, мемлекет оны қанатының астына алып, жылдам аяғына нық тұруына көмектеседі.

Ішкі рыноктары шағын бола тұрып аса биік экономикалық нәтижелерге қол жеткізген елдерді өзін-өзі оқшаулау жолын таңдап алған елдермен са-лыстыру, жабық рыноктары, шектен тыс мемлекеттік реттеу, сондай-ақ шаруашылық жағынан даралануға қол жеткізу әрекеттері қысқа мерзімді экономикалық табыстарға алып келгенмен, түбінде сәтсіздікке ұрындырары бізге мысал болып отыр.

Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеру жалғаса береді. Оның мақсаты — экспорттан экономикалық өрлеумен қатар елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесетін табыс алу. Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бүрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуге ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшш шетел капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет. Бірақ тіпті Адам Смиттің де мойындағанындай, жекеше секторды қызықтырмайтын кейбір қоғамдық мұқтаждар да бар. Мұндай жағдайларда және осы мұқтаждарды қамтамасыз етудегі соңғы шара ретінде мемлекет оны өз мойнына алады.

Аймақаралық ірі көлік орталығы ретіндегі біздің бағытымыз шетел инвестицияларының неғұрлым бәтуагер режимін орнатуды талап етеді. Тек осы-лайша ғана біз қаржы мен білімнің қажетті ағынын тартып, өз мүмкіндіктерімізді және шетелдермен тұрақты сауда айырбасын дамыта аламыз.

Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық, тиімді және қатаң ұстанатын заңдары бар ашық және бәтуагерлік инвестициялық саясат шетел инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады. Мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын.

Біздің инвестициялық ахуалымыз неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін бізге саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды мүмкіндігінше көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді пайдалануда асқан шеберлік танытуға да тиіспіз.

Сондықтан да мен өз Жарлығыммен Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетті құрып, оған тікелей инвестицияларды қорғаудағы саясатымызды іске асыру құқығы бар Қазақстандағы бірден-бір мемлекеттік орган мәртебесін  бердім.

     Шетелдің күрделі қаржылары соңындағы қуғынның ұзаққа созылатынын әрі ешқашан бітпейтінін есте ұстау керек. Бұл бәйгеде біздің артта қалуға хақымыз жоқ.

Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүние-жүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын құлашты бір сермеп түзетуге болмайды. Дүние-жүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының, өндіруші өнеркәсіптің үлесін ұдайы кеміту және, керісінше, өңдеуші өндірістің, ең алдымен — ғылымды қажет ететін, қосылған құны жоғары өндірістерді, сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға саятын белгілі бір дәйектіліктің қажеттігін көрсетіп отыр.

Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мүнай-газ өндіру саласының, сон-дай-ақ бүкіл өндіруші өнеркәсіптің көлемі айтарлық-тай артады деп санауға жеткілікті негізіміз бар. Бұл — өз құрылымдық саясатымызды құруда басшылыққа алуымызға тиіс бағдар болады. Бұл ретте біздің индустриялық стратегиямыз жекелеген кәсіпорындарды қозғамайды. Біз мемлекеттік саясат тетіктерін Қазақстанға қолайлы салаларды дамытуға жәрдемдесетіндей етіп пайдаланатын боламыз.

Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай-химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз.

Тұрақты өрлеуді қамтамасыз етуге бізге өндірісті диверсификациялау көмектеседі. Қазірге бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу процесі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама-қарсы бағытта жүріп барады. Өндірістің құлдырауы мен оның керітартпа құрылымы бұдан былай есепке алмауға болмайтын екі есе қауіпті фактор болып табылады. Егер еркін рынок шын мәнінде еркін болса, ол елде жаңа өндірістер туғызады. Біздің міндетіміз Қазақстанды дүние-жүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсетіп, неғұрлым маңызды салаларға инвесторларды пәрменді тарту болып табылады.

Бірақ әзірге тек рыноктың күшіне ғана сенуге болмайды. Үкімет диверсификацияның пәрменді индустриялық саясатына кірісіп, назарды макродеңгейден микродеңгейге аударуға тиіс.

2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ — ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе.

Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыс-керліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.

 

Сұрақтар:

1. Экономикалық өсудің үлгілері.

2. Қазақстан Республикасындағы  экономикалық өсудің ерекшеліктері

 

Әдебиеттер:

 

1.    Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

2.              Райымқұлұлы С.  «Экономика теория негіздері»  Шымкент, 2005ж.

3.              Ө.   Нұрғалиев.,  “Қазақстанның    экономикалық   өсу   ерекшеліктері”.   Аль – Пари    2007 жыл.  №3 - 4 (84 – 85).

4.              Агапова  Т.А.,  Серегина  С.Ф.  Макроэкономика:  Учебник. – МГУ,  “Дис”,  1997г.